Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
monopolia_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:

  • Саланы қоршаған ортаның экономикалық сипаттамалары;

  • Бәсекелестерді деңгейін бағалау;

  • Жетістіктің негізгі факторларын анықтау;

  • Саланың тартымдылық дәрежесі туралы қорытынды жасау.

Бәсікелестік орта талданғаннан кейін стратегия таңдалады. Олар төртке бөлінеді:

  • Шоғырландырылған стратегия өнімді немесе нарықты өзгертумен байланысты стратегия№ Стратегияны таңдағанда төрт элемент ескеріледі:

  • Өнім мен нарық;

  • Сала;

  • Салаішіндегі фирма жағдайы;

  • Технология

Осы стратегияға сәйкес келесі түрлері бар:

  • Нарықтағы позицияны нығайту

  • Нарықты дамыту

  • Өнімді дамыту

  • Интеграциалданған стратегия жаңа құрылымдарды қосу жолымен фирманы кеңейтуді көздейді.Бұл стратегия екіге бөлінеді. Кері вертикалды интеграциалданған стратегия жағдайды бақылауды күшейту болса, вертикалды интеграциалданған стратегия құрылымдарға бақылауды күшейту болып табылады.

  • Диверсификацияланған стратегия өндірісті әртараптандыруды көздейді.Стратегия үшке бөлінеді:

  • Орталықтандырылған – жаңа өнім түрлерін өндіру үшін қосымша мүмкіндіктерді іздестіру және пайдалану.

  • Горизонтальды – жаңа технологияларды талап ететін жаңа өнімдерді өндіру есебінен нарықтағы үлесін арттыру.

  • Конгламиративті – өндірілген жаңа өнім түрлері мен технологиялық тұрғыдан байланыста емес өнімдер өндіру.

  • Жауап беру қату – нарықта болған өзгерістерге фирманың сәйкесінше жауап беру стратегиясы.

Портер бәсекелестікті зерттеумен айналысқан. Ол «ұлттық ромб» деп аталатын концепциясын және бәсекелестіктің бес күші деп аталатын модельді ұсынды.Олар:

1. Әлеуетті бәсекелестердің нарыққа ену тәуекелі. Нарыққа жаңа компаниялардың кіру қаупіолардың салаға жаңа өндірістік қуаттарды енгізумен байланысты ондағы бар бәсекелестердің нарықтық үлесінің кемуімен түсіндіріледі. Салаға ену кедергілері стратегиялық және статегиялық емес болып бөлінеді. Оған нарықтағы басқа компаниялардың реакциясы активті немем пассивті болуы мүмкін.

2.Салаішілік бәсекелестік. Ол көптеген факторларға тәуелді. Олар:

  • Көлемі мен шығарылатын өнім түрлері ұқсас фирмалар санының көбеюі

  • Өнімге сұраныстың өсуі

  • Саладағы шаруашылық жүргізудің ерекше жағдайлары

  • Компаниялардың нарықтағы өз үлесіне қанағаттанбауы

3.Ауыстырушы тауарлар қаупі. Ұқсас туарлар қаупі келесі факторларға тәуелді:

  • Өндіру бағасы

  • Тұтынушылапдың қабылдауға дайындығы

  • Өнім сапасы және экологиялық сипаты

  • Қосымша артықшылықтар

4.Жабдықтаушылардың экономикалық мүмкіндіктері. Салаға жабдықтаушылардың ықпал ету жағдайлары:

  • Бірнеше жабдықтаушы кәсіпорынның үстемдікке ие болуы

  • Ауыстырушы тауарлардың болмауы

  • Жабдықтаушы саладағы жоғары шоғырлану

  • Ерекше өнімдер(уникальные)

  • Жабдықтаушы фирмалар үшін саладағы кәсіпорындардың ірі тұтынушы болмауы.

5.Тұтынушылардың экономикалық мүмкіндіктері. Салаға тұтынушылардың ықпал етуі:

  • Стандартталған өнімдер

  • Ірі және аз ғана тұтынушылардың болуы және көп өндірушілердің болуы

  • Тұтынушылардың тауарларды көтерме бағамен сатып алуы

  • Тұтынушылардың жақсы ақпаратпен қамтамасыз етілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]