
- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылаужәне реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды. облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.Табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеттік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; кәсіпкерліктің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру.ҚР Президентінің 2004 ж. 9 маусымдағы Жарлығымен агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 шілдедегі қаулысымен агенттік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес агенттік ҚР Үкіметінің қүрамына кірмейтін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылды. Агенттіктің аумақтық органдары — облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.Табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеггік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау және мемлекеттік кәсіпорындар өңдіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік реттеу; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру; өз құзіретінің шегінде кәсіпкерлікгің қүқьщтарьш қорғауға бағытталған Қазақстан HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B"Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, сондай-ак, олардың қызметтер көрсетуіне (тауарларьша, жұмыстарьша) баға белгілеу саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен агенттік ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөиіндегі агенттігі болып қайта ұйымдастырылды, бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциясы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.