- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
а) сағат шеберханасы; б) автомобиль фирмасы; в) қалалық көлік; г) телефон желісі; д) автосервис; е) мұнай фирмасы; ж) темекі өндіруші; з) ферма; и) азық-түлік дүкені; к) алюминий өндіруші фирма.
Таза бәсеке - көптеген ұсақ сатып алушылар мен сатушылардың бәйгелестігі, олардың әрқайсысының жеткілікті дәрежеде толық нарықтық ақпараты болады сондықтан олардың бірде-біреуі нарықтағы сұранымды, тауардың нарыққа жеткізілімін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Таза монополия- бip фирма өнім өндіру жөнінен салада жалғыз ғaнa, оны ауыстыра алатындай басқа фирмалар жоқ. Өзге тән белгілер: Монополияның өнiмін ауыстыратын басқа игілік жоқ. Сатып алушының тұрғысынан бұл өнімге не игілікке басқа балама жоқ. Сондықтан сатып алушы осы өнімді монополистен сатып алуы керек немесе бас тартуы керек. Осы себептен мұндай фирмаға жарнамамен айналасуға қатты қажеттілік жоқ.
Мысалы, таза монополист, бриллиантты сататын болса, мүмкін жарнамамен қызу айналасу арқылы бұл өнімге сұранысты одан ары арттыру үшін. Осының нәтижесінде көптеген адамдар бриллиантты сатып алады да, мысалы, демалыс орнына барудан бастартады.Егер жетілген бәсеке жағдайында жеке фирмабағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, ceбeбi әpбip фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Ал, таза монополист бағаға билік етеді, оны бақылауды жүзеге асырады, себебі ол барлық ұсынысты бақылайды. Яғни, таза монополист фирманың өніміне сұраныс көлемінің қисығы төмендеп бара жатса, ондай жағдайда монополист ұсынатын өнім көлемін қысқарту арқылы бағаға әсер ете алады. Таза монополистің тікелей бәсекелесі жоқ болғандықтан бәсеке де болмайды. Оның басты себебі - осы салаға енуге күшті тосқауыл қойылған. Ондай тосқауылдар экономикалық, техникалық, заңдық немесе басқаша болып, жаңа бәсекелестерді салаға енуге жол бермейді. Сол себебтен мыны тосқауылдарды қарастыруға болады: өндіріс ауқымының өсуіне байланысты болатын үнемдеу, шығындарды азайту, табиғи монополистер; Үкіметтің патенттер мен лицензияларды беруі: маңызды шикізат түрлеріне жеке меншіктің болуы, теріс бәсеке. Олигополия (гр. olіgos – аздаған және poleo – сатамын‚ сауда жасаймын)– рынокта аздаған ірі компаниялар мен бірқатар шағын фирмалар әрекет ететін жағдай. Олардың әрқайсысының өнімі ұқсас үрдісте болады‚ сондықтан жеке жеткізушілер сатып алушыны тарту үшін өнімге айрықша сипат беруге күш салады. Мұның өзі саралау деп аталады. Мұндай рынокқа басқа фирмалардың (компаниялардың) кіруі әдетте қиын болады‚ ал бағаны бақылау олардың бір-біріне тәуелділігі себепті шектелген‚ онда бағадан тыс күшті бәсеке әрекет етеді. Олигополия рыноктың қайсыбір тұрақтылығын туғызады. Жеткізуші бағаны төмендетпейді‚ өйткені оның бәсекелестері дереу бағаны түсіреді. Бұдан сатып алушы ұтады. Бағаны көтерудің де мәні жоқ – рыноктан айырылып қалуы мүмкін. Бәсеке бағадан тыс салада – жарнамада‚ өткізімді ынталандыруда‚ сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуде‚ кепілдіктер мен несие беруде пайда болады. Рыноктағы бағаны ірі компаниялар айқындайды‚ ал шағын фирмалар солардың соңынан ілеседі. Егер қайсыбір компания рыноктағы өзінің жайғасымын жақсартқысы келіп‚ бағада жетекшілік жасайтын болса‚ онда ол мұны пайданы азайту есебінен жүзеге асырады.Олигополияның дамуына септігін тигізетін факторлар: фирмалардың қосылуы жолымен өндіріс пен капиталды үдемелі түрде шоғырландыру және осы орайда өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығынды азайтудан алынған нәтиже; рынокқа билік жүргізу – рынок пен бағаны бағалау қабілетіне ие болу; баға мен өндіріс көлемін айқындау кезінде бәсекелестердің іс-әрекетін мұқият ескеру. Монополия (грекше monоs – жалғыз және poleo – сатамын) – 1) бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2) салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты. ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар. 1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін. 2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б
