Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
monopolia_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дамыған елдердің экономикасында өндіріс пен капиталдың шоғырлануы және ірі монополиялық бірлестіктердің пайда болу процесі қарқынды дами бастады. Бұл процестер негізінен алғанда өндіргіш күштердің дамуының жаңа кезеңімен және ғылыми-техникалық процестің жылдам қарқынымен, сондай-ақ капиталдың едәуір көлемінің шоғырлануын талап ететін өнім түрлерінің пайда болуымен байланысты болды.

Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері — өндіріс пен капиталдың шоғырлануы. Сонымен, бір жағынан өндіргіш күштердің сапалы жаңа күйі, бұрынғымен салыстырғанда өнімді жаңа техниканың пайда болуы, ірі инфрақұрылымдық кешендерді құру қажеттілігі, екінші жағынан саланың ішінде, салалардың арасында бәсекелестік күрестің күшеюі әр түрлі ұйымдық формадағы ірі монополияның пайда болуының бастапқы себептері болды.

Ал батыс әдебиеттерінде монополияның пайда болу себептерін басқаша көрсетеді. Бұл әдебиеттерде монополияның пайда болуының негізгі себебі – монополистпен бәсекелестікке түсетін басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейтін кедергілер.

39.Экономикадағы монополияның рөлі қандай? Нақты мысалдар келтіре отырып талдау жасаңыз.Монополияның экономикадағы рөлін екі жақты көруге болады.Яғни оның пайдасы және зияны жағынан да мысалдар келтіруег болады.Жағдайлардың біразы монополияны жақтауға себеп болып тұр.Негәзәнен бұл ҒТП-ның дамуы,бірақ бұл ірі фирмаларда қана әсерлі болып табылады.20 ғасырдағы үлкен ғылыми-техникалық жаңалықтар шағын кәсіпкерліктермен жасалған болса да,олар «үлкен бизнестің» ашылуына жол берді.Ірі өндіріс масштаб эффектісін тиімді қолдануға және ғылыми танымдық жұмыстарды кең жүргізуге мүмкіндік береді.Бұл өнімнің өзіндік құнының төмендеп сапасының көтерілуіне алып келеді.20-ғасырдағы монополияның ҒТП-ға кері әсерін тигізіп,өндірістік дамуды тежейтіні туралы ойлар қатты ескірді.Қазіргі заманғы монополия қатал бәсекелестікте дамыған нарықтық шаруашылықта өмір сүруде.Монополияның кемшіліктері ретінде экономисттердің көбі айтатындай ресурстардың тиімсіз бөлінуі болып табылады.Монополиялардың іс-әрекеті доходтардың дифференциациясын күшейтеді,бұл өз кезегінде қоғамдық-саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін.Және де монополист фирмалардың іс-әрекеті келесі жағдайларда елдің өндірістік мүмкіндіктеріне зиянын келтіру мүмкін:1)Монополист фирмалар өз таурларына монопольді жоғары баға қойса.2)Монополист фирмалар өз таурларына монопольді төмен баға қойса.3)Монопсония аутсайдерлардан сатып алынатын тауарларға монопольді төмен баға қойса.4)Монополист фирмалар жаңа патенттер сатып алады,бірақ оларды қолданбайды.Бәсекелестік қатты күшейіп фирма шығынға ұшырауы мүмкін кезде қана оларды қолданады.

40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?

Жалпы, кластер дегенiмiздiң өзi - белгiлi бiр өнiм шығаратын нысанның өзге де өндiрiс орындарымен ықпалдаса әрекет жасап, ел экономикасының жан-жақты сала бойынша дамуына себепкер болып табылады. Әсiресе, ол ауыл шаруашылығы мамандарының тәжiрибесiне тән құбылыс ретiнде қалыптасуда. Бұл ретте, кластердi тек өзара байланыста жүрiп, мол табысқа кенелген белгiлi бiр фирмалардың жиынтығы деп қана түсiнетiндер көп. Мүлде олай емес.Кластердiң нақты теориясы, ол - қосымша құнды жасау барысында тығыз байланысқа түскен өнiм өндiрушiлер мен оны жеткiзушiлердiң, тұтынушылардың және өнеркәсiптiк инфрақұрылымдар элементтерiнiң торабы, желiсi, жүйесi! Қысқасы, Қазақстан экономикасын өзiнше зерттеген Кристиан Кетелс оны аумақтық ықшамдалған және экономикада жетекшi орынға ие жеке салалар шеңберiндегi бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындардың тобы деп бiр-ақ түсiндiредi. Бiрақ, Кетелс мырзаның өзi сол «топтың» үдесiнен шығамыз ба, жоқ па деген сұрақтың жауабын «жасырып» әлек. Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiнде сүт, астық және ет кластерлерi дамуы керек десек, оңтүстiк жағында қалайда мақта, жемiс-көкөнiс кластерлерi басымырақ болуы тиiс. Ал Астана, Алматы қалаларында ауыл шаруашылығы өнiмдерi қайта өңделiп қана қоймай, дайын тағамдық өнiмдер де өндiрiлсе керек. Онымен қоса, облыс орталықтары саналатын iрi қалалар да бiрдей мүмкiндiкке ие. Оған әр аймақтағы ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндiрiстiк орталықтар, жобалау-конструкторлық ұйымдар, ғылыми мамандар даярлайтын оқу орындары, iрi қаржылық мекемелер жұмыс жасайтыны айғақ.Осынау жетiстiкпен есептегенде, облысты қоспағанның өзiнде, 290 аудандық, 56 ауданаралық кластерлердi ұйымдастыруға мүдделi екенбiз. Тiптi, қыза-қыза келе «iрi қалалар төңiрегiнде 28 агроөнеркәсiптiк кластерлер құруға болады» деп салды кейбiр қазақстандық зерттеушiлер. Ол ұстаныммен келiссек, әлгiлердiң мемлекеттiк қолдау құрылымдары да бар көрiнедi. Ендiгi сөздi өндiрiстiк кластерге тiресек, өндiрушiлердiң алдымен өз өнiмiне қойылатын талаптарды айқын бiлуi тиiс екендiгiне тоқталамыз. Бұл - Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру арқылы әлемдiк бәсекеге қабiлеттi болу тиiмдiлiгiн арттыратын алғышарт. Содан кейiн бiр мақсатты шаруашылықтар қажеттi реактивтермен қамтамасыз етiлiп, ғылыми мекемелер де арнаулы зертханалармен жабдықталса жақсы. Сөйткен жағдайда ғана ғылыми негiздi тапсырыстар қолданысқа енiп, елеулi нәтиже беретiн болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]