
- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
Мемлекеттік монополия - монопольды нарықтың тауарлы шекараларын анықтайтын, монолияның субьектісін танытатын, монополия нысандары мен оларды реттеуді бақылау, сонымен қатар бақылаушы органның құзыретін көрсететін заң жүйесіне сәйкес құрылған монополия. Мемлекеттік монополия табиғи монополияға қарағанда, еліміздің экономикалық-құқықтық жүйесінде ертеден қолданыста болған. Кәсіпкерлік қызметтің еркіндік қағидасының жариялануына байланысты, мемлекеттік монополия экономиканың мемлекетті реттеудің маңызды құралына айналды. Мемлекеттік монополия сферасына келесілер жатады: а)экспорттық маңызы бар н∕е негізгі валюталық кірістерді әкелетін шикізаттық маңызды түрлерін өндіретін ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер;б) еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-космостық обьектілер. в) табыстың негізделмеген жоғары нормасына ие кәсіпорындар;г) әлеуметтік мәдени қызметтерді жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сәйкес ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын талап ететін айрықша жағдайларда ғана мемлекеттік монополия көзделетін болады. «Заң жобасы мемлекеттің экономика салаларына қатысуының айрықша сипатқа ие болуын және кәсіпкерлік белсенділікті шектемеуге тиіс екендігін ескере отырып, бірқатар шараларды қамтитын болады. Атап айтқанда, мемлекеттік монополияда 16 қызмет түрін қалдыру көзделеді. Олардың қатарында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметі; мемлекеттің орман қорының шеккарасын белгілеуге, ормандарды түгендеуге, орман шаруашылығын жүргізуге байланысты қызметі; гидромониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйінің бақылау жөніндегі қызмет; дәрігерлік заттар, медициналық заттар мен медициналық техниканың қауіпсіздік сапасын сараптау мен бағалау саласы; зейнетақымен қамсыздандыру саласы, статистика және тағы басқа да салаларда қамтылатын болады». Бұл ретте бәсекелестік ортаға төрт қызмет түрі өтетін болады. Олар, біріншіден - коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигонын құру. Екінші - стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың ресми басылымын тарату. Үшінші - негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды әзірлеу. Төртінші - сәйкестік бағалау саласындағы аккредиттеу қызметі. Баға қалыптастырудың айқындылығы мен мемлекеттік монополиялармен жоғары тарифті белгілеуге жол бермеудің бекітілуі ҚР Үкіметімен қарастырылған. Жаңа енгізілім ақпараттандыру саласындағы операторды, «электронды үкімет» төлем шлюзінің операторын, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік сферасындағы операторды анықтаудың қолданыстағы тәртібін сақтауға; мемлекеттік монополияға жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша жатқызуға және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша органды нақтылауға бағытталған.
32. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға қалай қалыптасыды. Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамаынан тұрады . Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз – төмендегідей шаттар орындалатын нарық: нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз стаушылар саны өте кқп болған жағдай. Жетілген бәсекенің негізгі шарттары: 1) кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы; 2) стандарттанған өнімдер. 3) сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, себебі әрбір фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Бәсекелі фирма нарықтық бағаны коя алмайды, бірақ оған икемделе алады. Сатушы мұнда - баға алушы болып шығады; 4) салаға еркін кіріп және одан еркін шығу; 5) ақпаратты еркін түрде алуға болады. Жетілген бәсеке – өзара ұқсас көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: 1.сатушылар арасында. 2.сатып алушылар арасында. 3.сатушылар мен сатып алушылар арасында. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса жетілмеген бәсеке орын алады. Жетілмеген бәсекенің түрлері: 1.таза монополия. 2.монопсония. 3.олигополия. 4.монополиялық бәсеке. Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия болмайды. П.Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады. Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
33.монополия теориясының негізін калаушылар кімдер және олардың идеялары қандай? ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дамыған елдердің экономикасында өндіріс пен капиталдың шоғырлануы және ірі монополиялық құрылымдардың пайда болуы процесі қарқынды дами бастады. Бұл процестер негізінен алғанда өндіргіш күштердің дамуының жаңа кезеңімен және ғылыми техникалық процес жылдам қарқынмен және капиталдың едәуір шоғырлануын талап ететін өнім түрлерінің пайда болуымен байланысты. Джоан Вайолет Робинсон (Robіnson) (31.10.1903, Камберли — 1983) — ағылшын экономисі, экономикалық теорияның солшыл кейнсшілдік бағытының көшбасшысы, бәсеке теориясының негізін қалаушы. 1925 ж. Кембридж университетін бітіріп, 1931 жылдан осы университетте ассистент, экономика лекторы және профессор болып істеген. 1949 жылдан Британ корольдігі қоғамының мүшесі. 30-жылдары “кейнсшілдік үйірмеге” белсене қатысты. Робинсонның “Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы” (“Economіcs of іmperfest competіtіon”) атты еңбегі неоклассиктерге қарсы жазылған алғашқы елеулі шығарма болды. Робинсон өндіріс факторлары нарығында сұраным жағында болатын монополия деген мағынаны білдіретін “монопсония” терминін енгізді. Кейінгі, әсіресе 50 — 60-жылдары жазылған бірқатар еңбектерінде неоклассикалық теорияны одан әрі сынға алды. Ол сондай-ақ жұмыспен қамтылу мәселелері, марксизмнің экономикалық теориясына сыни талдау, капиталдың қорлануы, экономикалық өрлеу, экономикалық “басбұзарлық” мәселелері, экономикалық даму және өзара тәуелділік, осы заманғы экономикалық теория мәселелері, кедейлік және дамушы елдердің артта қалуы, Қытайдағы “мәдени революция” туралы, т.б. ауқымды тақырыптарда ғылыми еңбектер жазды. Робинсон жанталаса қарулануға белсене қарсы шықты, саяси қайраткерлер мен түрлі бағыттағы экономист-теоретиктердің сындарлы диалогын жақтады.
34. Бәсекелестік заңының мәнін ашыңыз. Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, "Бәсекелестік туралы" заң жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпаның 6-сындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. Аталған заң жобасының тұжырымдамалық негіздері туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев баяндап берді. Заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен бірге бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылар арасындағы сөз байласу фактілерін анықтаудың дәл тетіктерін айқындау мақсаты көзделіп отыр. Сондай-ақ заң жобасы экономика салаларын "жасырын" монополияландырудың алдын алуға, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейтуге, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы "Жосықсыз бәсеке туралы" заң мен "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңның ережелерін біріктірді және дамытты. Заң жобасы "эксаумақтылығы" ұғымын енгізеді, сондай-ақ кейбір ұғымдарды нақтылауды қарастырады, атап айтқанда "келісілген іс әрекеттер" ұғымы "келісім" ұғымынан бөлектенетін болды, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты тергеуден басқа кезде тексерудің кез-келген түрін жүргізуге тыйым салынады. Заң жобасы мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуындағы мақсаты мен негізі, сондай-ақ монополияға қарсы органның мәртебесі мен құзіреті белгіленді. Сөйтіп, парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобасына өзгеріс енгізілді: 36 баптың 2-тармағына мемлекет көмегі құзіретті органның талабы бойынша емес, еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылатын болады. Заң жобасының 53-бабындағы 1,2, және 3- тармақтармен "Акционерлік қоғамдар туралы" заңының 13-бабы сәйкестендірілді. Заң жобасының 76-бабының 1- тармағының 2 және 3-тармақшалары еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің ережелерімен сәйкестендірілді. Заң жобасы 5 бөлімнен, 14 тараудан және 80 баптан тұрады.
35. Бәсекелестік күрестің негізгі әдістерін сипаттаңыз. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу нарығынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші нарығын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар. Жосықсыз бәсеке: бәсекелесі туралы жалған ,теріс ақпарат тарату тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау бәсекелестердің тауарларына нұсқан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету. Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарларына монопольды жоғарғы немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады ( бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады). Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бұл әдістер 2 топқа бөлінеді: 1) өнім бойынша бәсеке. 2)сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы АҚШ-та 10 мың сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдарын қолданады. Оның ішінде : жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.