
- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
Кәсіпорындардың шоғырландыру мен орталықтандыру әр түрлі формаларда көрініс табады:
көлденең интеграция – бұл өндірістің бір сферасындағы екі немесе одан да көп компаниялардың қосылуы.
Тік интеграция - өндірісі бір техникалық тізбекпен байланысты әр түрлі саладағы компаниялардың үйлесуі.
өндірістің диверсификациясы - өзара техникалық байланысты емес әр түрлі салалық компаниялардың үйлесуі. Диверсификация табыстар ағымын тұрақтандыруға көмектеседі. Бір компанияның уақытша бос қаражатын басқа салалардың фирмасын дамытуға мүмкіндік береді. Осы бірлестікке кіретін қалған салалардың тұрақты дамуы есебінен бір салада туындаған тәуекелден сақтануға жағдай жасайды.
30. Бағалық және бағалық емес бәсекелестіктің сипаттамалары. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг – өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру. Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты. ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар. 1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін. 2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.