
- •11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
- •12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
- •13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
- •14. Шерман заңы оның маңызы
- •15.Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
- •16. Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
- •17. Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
- •18. Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
- •19.Қр монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары.
- •20.Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
- •21. Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері.
- •22. Саланың бәсекелестік ортасын талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- •23. Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
- •24. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері:
- •25. Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •26. А.Смиттің "көрінбейтін қол" концепциясы
- •27. Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
- •28. Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
- •29.Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
- •31. Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен?
- •36. Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
- •40. Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
- •42. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
- •Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
- •55. Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
- •56. Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
- •57. Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
- •58. Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
- •60.Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары
Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері.
Жетілмеген бәсекелестіктің түрлері
Бәсекелестік нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Монополиялық бірлестіктердің туындау себептері
Монополияның негізгі ұйымдық-экономикалық нысандары
Монополияның артықшылықтары мен кемшіліктері.
Монополиялық нарықта тепе-теңдік орнату үдерісі
Қазақстандағы табиғи монополиялар және ұлттық экономикадағы олардың рөлі
ҚР табиғи монополиялардың іс-әрекетін мемлекеттік реттеу әдістері
Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірибесі
Капиталдың орталықтану, шоғырлану, топтасу процестері.
ҚР табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттіктің құрылымы, қызметтері, өкілеттігі.
Шерман Заңы және монополияға қарсы заңнамалардың дамуындағы оның рөлі.
Монополияға қарсы реттеуді талап ететін оған тән әрекеттер
Дамыған елдердегі монополияға қарсы қызметтің дамуының негізгі кезеңдері
Монополияға қарсы заңнамалардың американдық және европалық түрлерінің айырмашылықтары
Жапониядағы монополияға қарсы заңнаманың ерекшеліктері
ҚР монополияға қарсы заңнаманың негізгі мақсаттары
Монополияға қарсы реттеудің негізгі қағидалары
Рыноктың монополиялануын шектеу туралы заңдарды қолданудың әлемдік тәжірибелері
Бәсекелесті ортаны талдау. М.Портердің «Бес күш» моделінің сипаттамасы.
Монополияландырудың негізгі көрсеткіштері: шоғырландыру коэффициенті және Харфинделл-Хиршман индексі
Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу шешімін әзірлеудің критерийлері
Монополиялық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
А.Смиттің «көрінбейтін қол» тұжырымдамасы.
Мемлекеттік монополия: мақсаттары, міндеттері, қызметтері.
Монополиялық бірлестіктер: трест, картель, синдикат, конгломерат
Кәсіпорындардың тік және көлденең қосылулары, артықшылықтары
Бағалық және бағалық емес бәсекелестіктің сипаттамалары
Мемлекеттік монополия дегеніміз не, ол қандай сфераларда жиі кездеседі? Неліктен? Жауабыңызды негіздеңіз
Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға қалай қалыптасады?
Монополия теориясының негізін қалаушылар кімдер және олардың идеялары қандай?
Бәсекелестік заңының мәнін ашыңыз
Бәсекелестік күрестің негізгі әдістерін сипаттаңыз
Монополияның туындау себептерінің мәнін ашып көрсетіңіз
Экономиканы монополияландырудың негізгі салдарларын сипаттаңыз
Экономиканы монополияландырудың көрсеткіштері мен шегі қандай болуы тиіс? Жауабыңызды негіздеңіз.
Экономикадағы монополияның рөлі қандай ? Нақты мысалдар келтіре отырып, талдау жасаңыз.
Қазақстанда кластерлік жүйені қандай бағыттарда дамыту көзделген? Нәтижелері қандай болмақ?
ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістерін сипаттаңыз
Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеге айналуының себептері қандай?
Кәсіпорынды монополист деп танудың белгілері қандай?
Қазақстан Республикасында монополияға қарсы қандай заңдар қолданылады?
Сатушылар мен сатып алушылардың рынок туралы ақпарат алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуының себептері неде? Жауабыңызды негіздеңіз
Рыноктың қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оларды мемлекеттің қызметтерімен үйлестіріңіз. Ең оңтайлы жағдайларды кестеге толтырыңыз.
Рыноктың артықшылықтары |
Рыноктың кемшіліктері |
Мемлекеттің реттеуші қызметтері |
Ең оңтайлы жағдайлар |
|
|
|
|
Жетілген бәсеке жағдайында әрбір фирманың қызметі TC=Q³-4Q²+8Q. Сұраныс функциясы Qd =2000-100P. Тепе-теңдік баға мен өндіріс көлемін, саладағы фирмалардың санын анықтау керек.
М қаласында жиһаз өндірісін монополиялық билігі бар компания бақылайды. Жалпы шығындар TC= 10Q , ал сұраныстың баға бойынша икемділігі (-5) тең. Компания белгілейтін бағаның мөлшері қандай?
Салада 2 фирма әрекет етеді. Олардың шекті шығындары бірдей және 0-ге тең. Саладағы өнімнің сұранысы P=100-Q тең.
Салада еркін бәсеке болған жағдайдағы баға мен өндіріс көлемін анықтау керек.
Монополияның жалпы шығындар функциясы ТС= 200+30Q, өнімге сұраныс функциясы P= 60-0,2Q.
Фирма максималды пайда алатын бағаны анықтаңыз.
Монополия жағдайында фирма тауарының сұраныс функциясы P=144-3Q, орташа шығындар функциясы AC= 25/Q+Q .
Фирманың пайдасы максималды болатын өндіріс көлемін анықтаңыз.
Монополистің сұраныс және шығындар функциясы кестеде берілген. Монополист пайданы максималдайтын өнім көлемін және бағаны анықтаңыз.
Өнім көлемі |
Баға |
Жалпы шығындар |
1 2 3 4 5 6 7 |
12 11 10 9 8 7 5 |
29 31 32 34 37 42 49 |
Салада жалпы өндірістің 2,3,5,10 және 20 %-н өндіретін 5 фирма қызмет етеді. Қалған өндіріс көлемі әрқайсысы 1 %-дан көп емес өнім шығаратын шағын фирмаларға тиесілі.
Қажетті есептеулер негізінде саланың монополизациялану деңгейін анықтау керек.
Төмендегі сұраныс көлемі туралы мәліметті пайдалана отырып, жиынтық және шекті табысты анықтаңыздар.
алынған нәтиже бойынша осы фирманың қызмет ететін ортасы туралы пікіріңізді беріңіз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
өнімнің бағасы (млн.) |
Сұраныс көлемі (бірлік) |
Жалпы табыс (тенге) |
Шекті табыс (тенге) |
2 2 2 2 2 2 |
0 1 2 3 4 5 |
- - - - - - |
- - - - - - |
Таза бәсеке, таза монополия, олигополия, монополистік бәсеке әрекет ететін рынок құрылымын анықтап, түсіндіріңіз.
а) сағат шеберханасы; б) автомобиль фирмасы; в) қалалық көлік; г) телефон желісі; д) автосервис; е) мұнай фирмасы; ж) темекі өндіруші; з) ферма; и) азық-түлік дүкені; к) алюминий өндіруші фирма.
Монополияға қарсы реттеуді жүргізудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндігін негіздеңіз.
Қазақстандағы монополияға қарсы заңнамалардың тәжірибеде қолданылуына нақты мысалдар келтіре отырып, тиімділігіне талдау жасаңыз
Монополияға қарсы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау процесі қалай жүзеге асырылады және бәсекелестік ережелерді бұзғаны үшін қандай жауапкершілік түрлері қолданылады?
Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті қорғау туралы" Заңының негізгі ережелеріне талдау жасаңыз.
1. Бәсекелестіктің мәні және оның тиімді қызмет етуінің шарттары. Бәсеке – шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіндіктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай-ак капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады. Рыноктық экономикада қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды. Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы-ұдайы сатылардан тұрады:
1. өндіріс үшін қажет құрал-жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
2. өндірісті ұйымдастыру, шикізат пен материалдар және қаржы несиемен жабдықтау;
3. бәсекеге қабілетті өнім шығару;
4. өнімнің сатылу көлемін, орнын, уақытын анықтау;
5. пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.
Бәсеке деңгейі өнімнің нарықтағы өмір сүру деңгейіне байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғышарттарына мыналар жатады:
әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі,
олардың нарық коньюктураларына тәуелділігі;
сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі және т.б.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді. Тұтынушылар үшін олардың арасындағы күрес тиімді болып келеді, себебі өндірушілер бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауар сапасын арттыру жолдарын қарастырады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі; адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтығы күшейеді; қоршаған ортаға келетін теріс әсер өседі; еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді; монополиялық билік артады.
Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналуы мүмкін. Сондықтан мемлекет бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдаланады. Мемлекет заң арқылы «ойын ережесін» анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтын шараларды іске қосады.
Нарықтағы жағдайға байланысты бәсеке әр түрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмілеге қатысушылардың әрекеті еркін бәсекеге немесе монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте қызмет етеді, себебі ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды.
2. Бәсекелестіктің түрлері және олардың ерекшеліктері. Нарық құрылымының негізгі 2 типі бар: жетілген және жетілмеген. Жетілген (еркін) бәсеке - өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның негізгі ерекшеліктері:
- нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз;
- нарыққа ену және шығу кедергілері жоқ;
- өндіріс факторларының қозғалысы жоғары;
- нарықтағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ;
- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Жетілген (таза) бәсеке 3 бағытта жүреді:
сатушылар арасында;
сатып алушылар арасында;
сатушылар мен сатып алушылар арасында.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Жетілмеген бәсеке - еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарық. Жетілмеген бәсекенің түрлері:
Таза монополия - тауарды өндіру мен өткізуде бір ғана өндірушінің үстемдік етуі. Оның негізгі ерекшеліктері: монополді баға және монополді пайда. Таза монополистің тікелей бәсекелесі жоқ болғандықтан бәсеке де болмайды. Оның басты себебі - осы салаға енуге күшті тосқауыл қойылған. Ондай тосқауылдар экономикалық, техникалық, заңдық немесе басқа түрде болып, жаңа бәсекелестердің салаға енуіне жол бермейді.
Олигополия - өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше кәсіпорындардың іс-әрекеті. Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сату сипаттамасы тән, ал басты ерекшелігі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Монополиялық бәсеке – дифференциалданған өнім шығаратын санаулы ғана кәсіпорындардың іс-әрекеті. Негізгі белгісі өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орында орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтағы бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
Монопсония – бір ғана сатып алушысы бар нарық құрылымының типі. Оның негізгі ерекшелігі: сатып алушы сатып алу көлемін шектеу арқылы монополді пайда табады.
Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Олар сатып алуды шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.
3. Жетілмеген бәсекелестіктің түрлері. Жетілмеген бәсеке - еркін бәсеке шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарық. Жетілмеген бәсекенің түрлері:
1. Таза монополия - тауарды өндіру мен өткізуде бір ғана өндірушінің үстемдік етуі. Оның негізгі ерекшеліктері: монополді баға және монополді пайда. Таза монополистің тікелей бәсекелесі жоқ болғандықтан бәсеке де болмайды. Оның басты себебі - осы салаға енуге күшті тосқауыл қойылған. Ондай тосқауылдар экономикалық, техникалық, заңдық немесе басқа түрде болып, жаңа бәсекелестердің салаға енуіне жол бермейді.
2. Монопсония – бір ғана сатып алушысы бар нарық құрылымының типі. Оның негізгі ерекшелігі: сатып алушы сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольді пайда табады.
3. Олигополия - өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше кәсіпорындардың іс-әрекеті. Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сату сипаттамасы тән, ал басты ерекшелігі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін:
• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;
• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;
• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық,
4. Монополиялық бәсеке – дифференциалданған өнім шығаратын санаулы ғана кәсіпорындардың іс-әрекеті. Негізгі белгісі өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орында орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтағы бағаны шектелген түрде бақылай алады – бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
5. Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Олар сатып алуды шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
6. Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.
4. Бәсекелестік нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсеке – шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіндіктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай-ак капитал салу шеңберіндегі рыногтық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноқтық механизмнің элементі болып табылады. Бәсекенің өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері де кездеседі. Егер бәсекенің негізгі экономикалық артықшылықтарын қарастыратын болсақ, олар келесідей болып келеді.
Артықшылықтары:
қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
өндірушілердің көптүрлі қажеттіктерін қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы;
Тұтынушылар үшін күресте кәсіпорындар «адал фирма» имиджін қалыптастыруға мүмкіндік алатындығы.
Сонымен қатар, бәсекелестік қоғамға өзінің жағымсыз зардаптарын да әкеледі.
Кемшіліктері:
ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи байлықтар, жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (жолдар, қоғамдық көлік және т.б.) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
5. Монополиялық бірлестіктердің туындау себептері. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында дамыған елдердің экономикасында өндіріс пен капиталдың шоғырлануы және ірі монополиялық бірлестіктердің пайда болу процесі қарқынды дами бастады. Бұл процестер негізінен алғанда өндіргіш күштердің дамуының жаңа кезеңімен және ғылыми-техникалық процестің жылдам қарқынымен, сондай-ақ капиталдың едәуір көлемінің шоғырлануын талап ететін өнім түрлерінің пайда болуымен байланысты болды.
Капиталдың орталықтануы – жеке капиталдарды тарту жолымен ерікті немесе еріксіз біріктірумен байланысты процесс. Бұл процестің мақсаты – дифференциалданған тиімділікке жету, яғни бір компанияның активтерін басқару тиімсіз болғандықтан, бірнеше кәсіпорындардың активтерін біріктіріп басқару. Осы процесс барысында бұрынғы бар капитал қайта бөлінеді және жиынтық қоғамдық капиталдың азаюына алып келеді.
Капиталдың шоғырлануы – бұл алынған пайданың бір бөлігін өндірісті кеңейту үшін капиталға айналдыру жолымен жүзеге асырылатын қор жинау процесі. Бұл жеке капиталдың да, жиынтық қоғамдық капиталдың да артуына алып келеді. Бұл процесс күшті өндірістік позициясы бар және сәйкес нарықтарды бақылаудың жоғары деңгейіне ие күшті дамыған салалар мен өндірістерге тән.
Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы бұл ғылыми-техникалық процестің нәтижесінде ғана емес, қатаң бәсекенің нәтижесінде де жүзеге асырылады. Шоғырландыру мен орталықтандыру әр түрлі формаларда көрініс табады:
көлденең интеграция – бұл өндірістің бір сферасындағы екі немесе одан да көп компаниялардың қосылуы.
Тік интеграция - өндірісі бір техникалық тізбекпен байланысты әр түрлі саладағы компаниялардың үйлесуі.
өндірістің диверсификациясы - өзара техникалық байланысты емес әр түрлі салалық компаниялардың үйлесуі. Диверсификация табыстар ағымын тұрақтандыруға көмектеседі. Бір компанияның уақытша бос қаражатын басқа салалардың фирмасын дамытуға мүмкіндік береді. Осы бірлестікке кіретін қалған салалардың тұрақты дамуы есебінен бір салада туындаған тәуекелден сақтануға жағдай жасайды.
Сонымен, бір жағынан өндіргіш күштердің сапалы жаңа күйі, бұрынғымен салыстырғанда өнімді жаңа техниканың пайда болуы, ірі инфрақұрылымдық кешендерді құру қажеттілігі, екінші жағынан саланың ішінде, салалардың арасында бәсекелестік күрестің күшеюі әр түрлі ұйымдық формадағы ірі монополиялық бірлестіктердің пайда болуының бастапқы себептері болды.
Ал батыс әдебиеттерінде монополияның пайда болу себептерін басқаша көрсетеді. Бұл әдебиеттерде монополияның пайда болуының негізгі себебі – монополистпен бәсекелестікке түсетін басқа фирмалардың нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейтін кедергілер.
6. Монополияның негізгі ұйымдық-экономикалық нысандары.. Монополияның ұйымдық-экономикалық нысандары әртүрлі болып келеді. Солардың ішінен келесідей негізгілерін атап көрсетуге болады:
- Картель – бір саладағы бірнеше кәсіпорындардың бірігуі. Онда өндірістік және коммерциялық дербестік сақталынады. Бірақ әрбір кәсіпорынның өндіретін өнім көлемінің квотасы белгіленіп қояды және өнімдерді сату жағдайы мен бағасы да белгіленеді.
- Синдикат – бір саладағы кәсіпорындардың бірлестігі. Олардың өндірістік және заңдық қызметіне дербестік сақталынады, бірақ коммерциялық дербестігінен айырылады. Бірлестік өз құрамына кіретін кәсіпорындардың жабдықтау және өнімді өткізу функцияларын өз қолына алады.
- Трест бір салалы және көп салалы болуы мүмкін. Мұнда кәсіпорындардың меншігі біріктіріледі, өндірістік және коммерциялық дербестіктері жойылады. әр түрлі саланың кәсіпорындарын біріктіретін трест комбинат деп аталады.
- Концерн - әртүрлі саладағы кәсіпорындардың бірігуі. Оларға біртұтас қаржылық бақылау орнатылады. Кәсіпорындардың бірігуі ерікті келісім негізінде жүзеге асырылады. Қаржылық тәуелділік болған жағдайда ірі компаниялар тәуелді кәсіпорынның акцияларын сатып алады. Концерннің заманауи түрлеріне холдингтік компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, интеграцияланған бизнестік топтар жатады.
- Конгломерат - өзара байланыссыз кәсіпорындардың бірігуі. Әрбір кәсіпорынға еріктілік беріледі, тек бақылау жасалынады.
7. Монополияның артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелестік сияқты монополияның да өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Монополияның артықшылықтары оның тұрақтылығы мен өміршеңдігін анықтайды, ал кемшіліктері мемлекет тарапынан белсенді монополияға қарсы реттеудің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғам үшін монополияның пайдалылығы келесі жағдайлармен анықталады:
ғылыми-техникалық процестің жетістіктерін жүзеге асыру үшін экономикалық, технологиялық және ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға мүмкіндік пайда болады;
мемлекет үшін нарықта бәсекелестікке түсетін көптеген фирмалардан гөрі бірнеше ірі компаниялардың қызметін реттеу мен бақылау оңай болады.
Тұтынушылар үшін монополияның пайдалылығы келесідей:
өндірістің төмен шығындары бағаның төмен болуына себеп болады;
ірі фирмалардың іс-әрекетінің айқындығы әртүрлі махинациялар мен әділетсіз бәсекені шектейді;
жарнама мен маркетингке байланысты тұтынушылардың белсенді жиынтық шығындары қысқарады.
Монополияның фирма-монополист үшін пайдалылығы келесідей:
өз өніміне монополді жоғары баға белгілей алады;
бизнесті жүргізу қауіпсіздігі мен фирманың тұрақты жағдайда болуы қамтамасыз етіледі;
тұтынушыларға, бүкіл қоғамға қысым жасау мүмкіндігі пайда болады.
Батыс ғалымдарының пікірі бойынша монополия артықшылығының негізгі 5 себебі бар:
заманауи технологиялар мен жоғары өнімді техника ірі өндірушілер болған жағдайда ғана тиімді қолданысқа түсе алады;
табиғи монополиялар (кез келген өнім түрін 2-3 фирмаға қарағанда 1 фирма ғана өндірген жағдайда қоғам үшін арзанға түседі);
бір монополист фирма ғана сирек және өте маңызды ресурстарға бақылау орнатуы мүмкін;
мемлекет тарапынан салаға кіру үшін кедергілердің жасалуы;
әділетсіз бәсекеден қорғау мақсатында.
Монополияның негізгі кемшіліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
монополист бағаны өзі белгілейді, ол жоғары баға қойғандықтан, сұраныс төмендеп кетуі мүмкін;
өнім сапасы төмен болуы мүмкін;
ел экономикасындағы бәсекелестіктің төмендеуіне алып келеді;
монополия күшінің мемлекет күшінен асып түсу қаупі туады және олигархтық құрылымның пайда болуына себепші болады.
8. Монополиялық нарықта тепе-теңдік орнату үдерісі. Өндіріс көлемі өзінің шығындары мен монополиялық тауарға сұраныс негізінде қалыптасады. Сондықтан монополист кәсіпорын пайданы максималдайтындай өндіріс көлемін анықтайтын монополиялық стратегияны қалыптастырады. Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығынға қарағанда монополияның табысын өсіретін болса, онда өндіру көлемі де өсе береді. Ал егер өндіруді қысқарту табыстардың төмендеуінен асып түсетін шамаға шығындарды қысқартатын болса, онда өндіру көлемі қысқарады. Яғни монополист фирма өзінің шекті шығындарын шекті табыстармен үнемі салыстырып отыруы керек. Шекті табыс - өнім бірлігін қосымша өндірудің нәтижесінде жиынтық табыстың өсуі. Жетілген бәсекеде шекті табыс тауар бағасына тең болады, себебі баға сұраныс пен ұсыныстың теңесуі нәтижесінде қалыптасады. Жетілмеген бәсекелестік жағдайда монополист бағаны берілген шама ретінде қабылдай алмайды, бағаны өзі тағайындайды, сондықтан кемімелі сұранысқа тап болады. Егер сұраныс көлемі кемімелі болса, онда сату көлемін бағаны төмендету есебінен арттыруға болады.
Монополист фирма үшін 2 мәселе басты орынға шығады:
бағаны қандай деңгейге дейін төмендетуге болады;
баға қандай болғанда табысты максималдауға болады.
9. Қазақстандағы табиғи монополиялар және олардың ұлттық экономикадағы рөлі. Табиғи монополия – қызметтердің белгілі бір түрлерін ұсыну мен өндірудің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты оларға сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер.
Қазақстандағы табиғи монополиялардың дамуы өзіндік ерекшеліктерге ие. Мұндағы табиғи монополиялар бұрынғы КСРО-ның орталық органдарының шешімдерінің нәтижесі болды. Одақ ыдырағаннан кейін оның құрамында болған мемлекеттердің арасындағы шаруашылық байланыстар үзілді. Бұл өз кезегінде табиғи монополия секторындағы технологиялық байланыстардың үзілуіне әкелді.
Қазақстан дамуындағы ұзаққа созылған дағдарыс электроэнергетика, су, газ, теміржол транспорты, коммуналдық шаруашылық сияқты ұлттық экономиканың маңызды салаларының құлдырауынп әкелді. Бұл дағдарыс жағдайынан шығу үшін табиғи монополия саласын дамытуға бағытталған тиімді саясат жүргізу қажет болды.
Осыған орай 1998 жылы «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бүл заң жыл сайын толықтырылып отырады, соңғы өзгертулер мен толықтырулар 2008 жылы енгізілді. Заңда табиғи монполиялардың қызмет ету аясы, субъектілері, құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар тұтынушылардың міндеттері және басқа да құқықтық мәселелер қарастырылған.
Табиғи монополия салаларына келесідей іс-әрекеттер жатқызылады:
магистралды труба құбырлары арқылы мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау;
магистралды және бөлуші труба құбырлары арқылы газды және газ конденсатын тасымалдау;
электр және жылу энергиясын беру мен бөлу;
магистралды теміржол желісінің қызметі;
теңіз порттары, аэропорт көрсететін қызмет түрлері;
телекоммуникация желісінің торабын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер;
су шаруашылығы және канализация жүйесінің қызметі;
почта, байланыс қызметі;
ҚР заңына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлері.
ҚР табиғи монополиялар қызметін реттеумен Табиғи монополиялар қызметін реттеу жөніндегі агенттік айналысады.
Табиғи монополияларды мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері:
бағалар шекті шығындарға барынша жақын болуы керек;
табиғи монополия субъектілерінің пайдасы тек қалыпты пайда нормасында болуы тиіс;
өндіріс тиімді болуы шарт.
Осы ережелерге сүйене отырып табиғи монополия субъектілерінің қызметі реттеледі.
10. ҚР табиғи монополиялардың іс-әрекетін мемлекеттік реттеу әдістері. Табиғи монополия – қызметтердің белгілі бір түрлерін ұсыну мен өндірудің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты оларға сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер.
Қазақстанда табиғи монополияларды реттеудің негізгі 2 әдісі қолданылады: бағалық және бағалық емес. Реттеудің бағалық әдісі үстеме баға немесе бағаның шекті деңгейін қоюды көздейді. Ал бағалық емес әдіс қажеттіліктерді қанағаттандыру принципіне негізделеді. Табиғи монополия субъектілеріне осы 2 әдістің қайсысын қолдану туралы шешім олардың шаруашылық қызметіне анализ жасау арқылы қабылданады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметтің келесідей маңызды көрсеткіштері назарға алынады:
1. өнім мен шаруашылық қызметтің сапалық сипаттамалары;
2. мемлекеттік қолдау мен реттелетін шығындар көлемі;
3. негізгі өндірістік фондтардың бағасы;
4. өндірісті жаңартудағы инвестициялық ресурстардың қажеттілігі және амортизациялық шығындар;
5. шаруашылық қызметтің болжамдалып отырған нәтижелері;
6. тұтынушылардың әр түрлі топтарының орналасу аймағы.
Бұл көрсеткіштер табиғи монополия субъектілерінің өндірістік мүмкіндіктерін анықтап, реттеудің қолданылатын әдісін негіздеуге көмектеседі.
11. Табиғи монополиялардың қызметін реттеудің әлемдік тәжірбиесі.
Таза монополия - бұл нарықтағы жағдай осы тауарды бiр-ақ сатушы өндіруі. Монополистiк нарық бәсекелестiк нарыққа толық қарама-қарсылық болып табылады. Сатып алушылар үшiн ұсыныстың бiр-ақ көзi бар болады – ол монополист. Монополиялық жағдай - жағдайдың әрбiр кәсiпорын немесе кәсiпкерi үшiн күтiлген.
Украина тәжірибесі : Қоғамға жиналған тәжiрибе және ғылыми жалпылаулар монополиялардың барлық плюстар мен минустарын түсiнiп, монополияға қарсы алған нақтылы саясат iстеп шығаруға көмектестi. Украинада бiрiншi оның нәтижесiмен монополияға қарсы заңнамамен көрсеттi. Ол монополияға қарсы заңдармен салған: Монополизмның шектеуi және кәсiпкерлiктегi әдiлетсiз бәсекеге қарсы заң туралы. Монополияға қарсы саясат және монополияға қарсы заң тыйым салу басты мақсаттарының бірі ол монополисттердің пайда болуын болдырмау.Монополияға қарсы саясатты нақты тапсырма мемлекеттiк бақылауға монополия қызметтін бақылауға толық алу, монополиялық жағдайды терiс пайдалану мүмкiндігін жою.
12. Капиталдың орталықтануы,шоғырлануы,топтастыру процестері
Капиталдың орталықтануы бiрнеше капиталдарды бiрiктiру немесе бiр капиталды басқа капиталдың жұтуы. Процесс серiктестiктердiң ерiктi немесе ықтиярсыз араласып кетуiн процесстегi капиталдың өсудiң ұйымдастыру мүмкiндiктерi, iрiге майда серiктестiктерiнiң қосуы, майда фирмаларының iрi серiктестiктерге жұтуылуын көрсетедi.
Капиталдың шоғырлануы - әртүрлi иелердiң капиталдары, меншiк иелерiн қосу арқылы капиталды шоғырлау, ұзарту, сонымен бiрге капиталға пайда, табыстардың капитализациясы айналу есебiнен.
Капиталдың топтасуы – жалпылай айтқанда шоғырланумен орталықтандыруға өте қатты ұқсас процесс. Белгілі бір капиталдардың, кәсіпорындардың жиынтығы.
13.Қр табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттіктің құрылымы,қызметтері,өкілеттігі.
ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен агенттік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес (кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.
Құрылымы - басшылық; жиынтық талдау және үйлестіру департаменті; энергетика және су шаруашылығы секторларын реттеу жөніндегі департамент; көлік және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департамент; бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті; құқықтық қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті; бақылау және монополияға қарсы іс-қимыл шараларын қолдану департаменті; әкімшілік жұмысы департаменті.
Қызметі - табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу; монополиялық қызметтің, нарықта үстем жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және оған жол бермеу, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар қолдану; тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісі саласында бәсекелестікті дамытуға мемлекеггік қолдау және жәрдем көрсету; мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсетуінің тәртібін бақылау және мемлекеттік кәсіпорындар өңдіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын мемлекеттік реттеу; мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне бақылау жасау; табиғи монополия мен субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін жүзеге асыру,
Өкілеттілігі - Агенттіктің аумақтық органдары — облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі департаменттері болды.