Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 4 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
105.98 Кб
Скачать

4.2 Сурет – Қолданыстағы аудандандырылмаған қалалық

телефон желісі

Бұндай желілер аудандандырылмаған желілер деп аталады. Декадты-адымды және координатты АТС қолдану кезінде, егер қызмет көрсетілетін абоненттердің максималды саны 8000 нөмірден аспаса, ҚТЖ-нің осындай құрылу әдісі тиімді болып табылады. Цифрлы коммутациялық станцияларды пайдалану үнемді ондаған мың нөмірлі аудандандырылмаған ҚТЖ салуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда ҚТЖ құрамында бөлек шағарылатын АТС модульдері – концентраторлар қолданылады.

Аудандандырылмаған ҚТЖ коммутациялық станция мен қол жеткізу желісінен тұрады. 4.2-суретінде төрт бөліп таратушы шкафтар (ШР) көрсетілген. Шкаф пен АТС арасында магистральді кабельдер төселген. Әдетте көп жұпты абоненттік кабельдер қолданылады. Желінің бұл бөлігі магистральді учаске деп аталады. Әдетте магистральді учаскеде қол жеткізу желісі жұлдыз тәрізді топологиямен құрылады. Кейбір жағдайларда шкафтар арасындағы байланыс жолдары қолданылады. 4.2-суретінде бұндай жол екінші және үшінші шкафтар арасында көрсетілген. Шкафтар арасындағы байланыс жолдарының болуы болашақта қол жеткізу желісінің сақина тәрізді құрылымына ауысуға рұқсат береді. Бұндай топология концентраторлардың АТС-мен байланысының жоғарғы сенімділігін қамтамасыз етеді.

4.3-суретінде цифрлы АТС орнатылған болашағы зор аудандандырылмаған ҚТЖ-нің екі құрылымы көрсетілген. Осы жерде және одан кейін де цифрлы АТС сәйкес келетін домалақтар күңгірт түске боялатын болады. (а) фрагменті үш сақина жиынтығы түрінде көрсетілген көліктік желінің құрылу принципін бейнелейді. Нөлінші желілік түйін (ЖТ-СУ) АТС ғимаратында орналасады. Қалған желілік түйіндердің нөмірлері стандартты цифрлы тракт түріндегі көліктік ресурстарды қалыптастыратын концентраторлардың нөмірлерімен сәйкес келеді. Желілік түйіндер саны мен олардың орналасу орнын таңдау – телекоммуникациялық желілерді жобалаудың бірден бір классикалық тапсырмасы.

4.3 Сурет – Болашағы зор аудандандырылмаған қалалық телефон желісі

Коммутацияланатын желінің құрылымы суреттің оң жағында орналасқан – (б) фрагменті. Ол «жұлдыз» типті топология бойынша құрылады. Анығында, АТС пен әрбір концентратор арасында көліктік желінің сақина құрылымының арқасында екі тәуелді емес (сенімділік жағынан) ақпараттармен алмасу жолдары болады.

Бөлек шығарылатын концентраторлары бар ҚТЖ құру көптеген жетістіктерге ие болады, мысалы, абоненттік желі (АЖ-АЛ) ұзындығын қысқарту (қол жеткізу желісін құруға кететін шығындарды азайту және жаңа қызмет түрлерін енгізуді қысқарту) және цифрлы АТС бағдарламалық қамтамасыз ету болжамдарын жаңартуға кететін шығындарын азайту.

Үлкен және орташа ауданды қалаларда бір коммутациялы станцияны қолдану абоненттік желінің орташа ұзындығының қарқынды өсуіне әкеліп соқты. Мысалы, формасы квадрат түріндегі қала үшін, абоненттік желінің (АЖ) орташа ұзындығы l мен станция маңындағы учаскесі S алаңының арасындағы қатынас үшін, мына қатынас тура келеді:

(4.1)

Территориясы жүздеген квадрат километрмен өлшенетін ірі қалаларда, шлейфтің үлкен қалдық өшулігі мен кедергісі үшін, АЖ қолдану негізінде мүмкін болмайды. Осындай жағдайдан шығудың дұрыс шешімі – бірнеше АТС орнату болып табылады. Территорияны фрагменттерге бөліп, олардың әрқайсысына АТС-тер орнатылады, оны аудандау деп атайды. Бұл АТС аудандық деп аталатын болды. Осыдан қысқартылған ААТС (РАТС) пайда болды.

4.4-суретінде бес РАТС орнатылған, аудандандырылған желіге мысал келтірілген. Барлық бес коммутациялық станциялар бір-бірімен «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша байланысқан. Декадты-адымды және координатты АТС базасында салынған қалалық телефон станциясының (ҚТЖ-ГТС) даму кезеңінде, осындай желіні құру әдісі қолданылған, егер қызмет көрсетілетін абоненттердің максималды саны 80000 аспаса. ҚТЖ цифрлау кезінде станцияаралық байланыстың осындай құрылымы жергілікті телефон желілерінің көпшілік бөлігін құруда қолданылуы мүмкін. Тек мегаполистердегі ҚТЖ есептемегенде.