Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 4 каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
105.98 Кб
Скачать

ЖқТфЖ иерархиялық деңгейлері

Кез-келген ірі желіде иерархиялық деңгейді бөлектеу туралы шешім қабылданған. Бұл процесті негізгі белгі (таксон) бойынша топтастыру деп қарастыруға болады. 4.1-суретінде көрсетілген кубтың маңдай қырында ЖҚТфЖ-нің негізгі иерархиялық деңгейлері көрсетілген. Кубтың жанама қырында екі компонент көрсетілген (коммутацияланатын және көліктік желілер), олар өздерінің функционалдық тапсырмаларын орындау жағынан ЖҚТфЖ-нің барлық деңгейлерінде бола алады. Қажет жағдайда жоғарғы қыр басқа бір белгілері бойынша қосымша топтастыруларды енгізуі үшін өолданылуы мүмкін.

Иерархияның төменгі деңгейі ретінде тұтынушының жұмыс орнындағы желі көрсетілген. Жалпы айтқанда, оны құру мен қолдау ЖҚТфЖ Операторының біліктілігіне кірмейді. Бұндай ықпалды «тұтынушының жұмыс орнындағы желі» дегеніміздің абоненттік сыммен біріктірілген телефон аппараты мен кез-келген күрделіліктегі терминалдардың жиынтығы деп қарастырғанда ғана, сенім ақталды деп есептеуге болады.

Көптеген жаңа кәсіпорындар мекемелік АТС (МАТС-УАТС), локальді есептеуші желілерді (ЛЕЖ-ЛВС) және бизнес процестерді қолдайтын телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланады. Бұндай жағдайларда, «тұтынушының жұмыс орнындағы желі» компонентін ЖҚТфЖ иерархиясы деңгейлерінің құрамына қосуға болады.

4.1 Сурет – жқТфЖ иерархиялық деңгейлер

Келесі иерархиялық деңгей – қол жеткізу желісі. Оның мақсаты болып тұтынушы жабдығы мен базалық желі арасындағы байланысты ұйымдастыру табылады.

Базалық желі 4.1 суретінде төрт иерархиялық деңгейге бөлінген. Бұл деңгейлердің төменгісі жергілікті (қалалық немесе ауылдық) телефон желісіне жатады. Қалалық телефон желісі (ҚТЖ-ГТС) қала шегінің ішінде құрылады, ал ауылдық телефон желісі (АТЖ-СТС) – ауылдық әкімшілік аймағының территориясында құрылады. ГТС пен СТС желілерімен қатар өз кезегінде екі иерархия деңгейін бөлектеуге болады. 4.1 суретінде олар станцияаралық және түйінаралық байланыс желілері деп көрсетілген.

Аймақтық телефон желісі әдетте Қазақстан Республикасының облыстары шегінде құрылады. Мынадай ерекшеліктер де бар, Казақстанның бір облысы территориясында бірнеше аймақтық желілер құрылады.

Аймақтық телефон желісінің ерекше белгісі – кіретін қалааралық байланыс үшін, оған ABC әріптерімен белгіленетін бірегей кода беріледі.

Осыған ұқсас аймақтық желілер бірнеше жергілікті желілерден – ҚТЖ мен АТЖ тұрады. Жергілікті желілер өзара аймақ ішілік байланыс арналарымен байланысқан. Бұл арналар автоматты қалааралық телефон станциясында (АҚТС-АМТС) немесе аймақтық телефон түйінінде (АТТ-ЗТУ) коммутацияланады.

ЖҚТфЖ келесі иерархиялық деңгейінде қалааралық телефон желісі орналасқан. Бұл желі аймақтық телефон желілері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қалааралық телефон желісінің міндетіне халықаралық коммутация орталықтарына (ХКО-МЦК) қол жеткізуді қамтамасыз ету кіреді. Бұл орталықтар ЖҚТфЖ иерархиясының жоғарғы деңгейіндегі элементтерден – қалааралық телефон желісінен тұрады.

Жергілікті телефон желілері. Қалалық телефон желілері (қтж)

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында барлық барлық ҚТЖ бір ғана телефон станциясын орнату арқылы құрылған. Желілер қаратының көбеюі екінші, үшінші және тағы да басқа телефон станцияларын орнату қажеттілігіне әкеліп соқты. Бірақ сонда да, кішкене қалаларда көбінесе бір ғана АТС жұмыс істейді (4.2 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]