
- •Модуль 2 – телефон желілері
- •Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
- •ЖқТфЖ иерархиялық деңгейлері
- •4.1 Сурет – жқТфЖ иерархиялық деңгейлер
- •Жергілікті телефон желілері. Қалалық телефон желілері (қтж)
- •4.2 Сурет – Қолданыстағы аудандандырылмаған қалалық
- •4.3 Сурет – Болашағы зор аудандандырылмаған қалалық телефон желісі
- •Сурет – Аудандандырылған қалалық телефон желісі
- •4.5 Сурет – Кіріс хабар түйіндері бар қалалық телефон желісі
- •4.6 Сурет – Шығыс және кіріс хабарлар түйіні бар қалалық телефон желісі
Модуль 2 – телефон желілері
4 ДӘРІС
ЖАЛПЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (ЖҚТфҚ) (1-ШІ БӨЛІМ)
Мазмұны:
1. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар;
2. ЖҚТфЖ иерархиялық деңгейлері;
3. Жергілікті телефон желілері. Қалалық телефон желілері (ҚТЖ).
Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар
Желілік түйін (Network Node) – электр байланысының коммутацияланушы желілерін қолданатын арналар мен тарату трактілерінің құрылуы мен жартылай тұрақты коммутациясын қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы.
Тарату желілері (Transmission Line) – желілік түйіндерді бір-бірімен жалғауға арналған стандартты арналардың және/немесе тарату желілерінің жиынтығы.
Көліктік желі (Transport Network) – ақпараттармен алмасуға арналған арналар мен тарктілердің коммутацияланатын желілерін қамтамасыз ететін жалғаушы желілер мен тарату жолдарының жиынтығы.
Коммутациялық станция (Switching Exchange) – тұтынушылардың терминалдары арасындағы жалғаулардың орнатылуын қамтамасыз ететін, аппаратты-бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Жергілікті станция (Local Exchange) – абоненттік терминалдардың желіге қосылуын қамтамасыз ететін коммутация жасаушы станция.
Транзитті станция (Transit Exchange) – басқа станциялармен жалғауларды орнатуға арналған коммутация жасаушы станция.
Аралас станция (Combined Local/ Transit Exchange) – жергілікті станцияның да, транзиттік станцияның да қызметтерін орындайтын коммутация жасаушы станциялар.
Коммутация жасаушы желі (Switched Network) – бір немесе одан да көп ақпарат түрлерімен алмасуға арналған, коммутациялық станциялар мен байланыс арналарының (көліктік желі ресурстарының бір бөлігі) белгілі жиынтығы. Коммутация жасайтын станциялар берілетін ақпараттың негізгі түрі бойынша (телефонды, мәліметтер тарату және басқалар) немесе оның таратылу әдісі бойынша (арналар немесе дестелер коммутациясы) топтастырылуы мүмкін.
Телефонды желі (Telephone Network) – негізінен абонеттердің телефон аппараттары арасындағы жалғауларды орнатуға арналған коммутация жасаушы желі.
Интегралды қызмет көрсетуші цифрлы желі (Integrated Services Digital Network) –тұтынушы-желі (UN) және желі-желі (NN) интерфестері арқылы цифрлы жалғауларды қамтамасыз ететін, цифрлы қызмет көрсету желісі.
Коммутация (Switching) – шақыруларға қызмет көрсету орталығының терминалы мен жұмыс орнының арасындағы немесе екі терминалдар (немесе одан да көп) арасындағы жалғауларды ұйымдастыру процессі.
Арналар коммутациясы (Circuit Switching) – терминалдар арасындағы байланысты ұйымдастыру принципі. Бұл жерде екі бағытта да ақпараттармен алмасу үшін қажет болатын ресурс байланыс сеансы аяқталғанша бекітілген жалғауды орнатуға негізделеді. Тұтынушылар ақпарат берсе де, не болмаса «үнсіз» қалса да, ресурс олардың бөлінбейтін билігінде қала береді.
Абонент (Subscriber) – электр байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігі берілген жеке немесе заңды тұлға. Соңғы кездері көбінесе «Тұтынушы (User)» термині қолданылуда.
Оператор (Operator) – абонеттермен телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуге арналған келісім шарт орнатушы эксплуатациялық компания. Бұл компания электр байланыс желілерін өзі құра алады немесе басқа операторлардан ресурстарды жалға ала алады.