Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.06 Mб
Скачать

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Былғарыдан өлшемі 50см х 20см болатын сөмкенің негізін қиып аламыз.

2.Оның дәл ортасын тауып, екіге бүктейміз.

3.Тағы да екіге бүктеп, тұтқасының енін 4 см етіп белгілеп аламыз. Белгі ізін қайшымен қиып, арасын ашамыз.

4.Бүйір бөлігіне көлемі 15 см х 8 см екі бөлік қиып алып, олардың төменгі жағына кертік белгілейміз.

5.Материалдың оң бетінен сөмкенің негізгі бөлігі мен бүйір бөліктерінің кертіктерін теңестіріп, түзу тігіспен тігіп шығамыз. 6.Сөмкені әшекейлеу үшін гүл қадаймыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Жасаған сөмкелерің ұнады ма? Мектепке ұстайтын сөмке қандай болуы керек? Сөмкені қалай безендіруге болады?

VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

65. Тақырыбы:Түйме салатын қобдиша жасау.

Мақсаты: Оқушыларға түйме салатын қобдиша жасату. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: қалың қағаз, екі түсті қалың мата, ине, жіп, қайшы, екі түсті моншақ (бірнеше)

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Әр түрлі материалдардан ұсақ-түйек салатын құралдар жасауға болады. Бүгін сендермен соның бірі – қобдиша жасаймыз. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін және тазалық ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Қалың қағаздан шеңбер пішінді қалып үлгі дайындап аламыз. Оны екі түсті мата бетіне кезектестіре қойып, айналдыра қиямыз. Қиып алынған екі матаны бір-біріне беттестіріп, бірнеше жерінен ине-жіптің көмегімен іліп қоямыз.

2.Моншақтарды матаның бетіне орналастырып көреміз.

3.Моншақтың көзінен сабақтаулы инені өткізіп, оны матаның шетіне тігеміз.

4.Келесі моншақты керісінше екінші матаның шетіне тігеміз.

5.Осы әдісті шеңбер пішінді қобдиша пайда болғанша қайталаймыз.

6.Дайын қобдишаға түйме немесе басқа да ұсақ-түйек заттарды саламыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Жасаған қобдишаларың әдемі шықты ма? Қобдиша жасауға неліктен қалың мата пайдаланамыз?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

66.Тақырыбы: Ашықхаттан үй жиһазын жасау.

Мақсаты: Оқушыларға ашықхаттан диван жасату. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту.Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: ашықхаттан жасалған әр түрлі заттар. Қажетті материалдар мен құралдар: ашықхат (5дана), қарындаш, сызғыш, қайшы, ине, жіп.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Ашықхат – жұқалау, қиюға жеңіл қатырма қағаз. Одан алуан түрлі әсем әрі тартымды бұйымдар жасауға болады. Ашықхаттан жасалатын диван 5 бөліктен тұрады. Олар: 1.Диванның арқасы. 2.Диван арқасының алдыңғы бөлігі мен отыратын бөлігі болып табылатын алдыңғы жоғарғы бөлігі. 3.Диванның төменгі бөлігі. 4.Жақтаулары (2 бөлшек) Сергіту сәті