Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.06 Mб
Скачать

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Құрақ құрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Құраған құрақтарың ұнады ма? Құрақтан қандай бұйымдар дайындалады? VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

59. Тақырыбы: Былғарыдан шашақ жасау.

Мақсаты: Оқушыларға былғары, одан жасалатын бұйымдар туралы түсінік беру, былғарыдан шашақ жасауды үйрету. Танымдық қабілеттерін, қол икемін дамыту. Әдемілікке, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: былғарыдан жасалған шашақ. Қажетті материалдар мен құралдар: былғары, қайшы, сызғыш, қарындаш, жіп.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Былғары теріні өңдеу арқылы алынады. Былғары жұмсақ, төзімді, қандай да бір бұйым жасауға ыңғайлы әрі таптырмайтын материал. Былғарыдан аяқ киім, сырт киім, сөмке және әр түрлі сәнді, әшекейлі бұйымдар жасайды. Сондай бұйымдардың бірі – шашақты былғарыдан жасау жеңіл де қарапайым болып келеді. Сергіту сәті

IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.

1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап

3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті:

1.Шашақ жасайтын былғарының қатпарларын тегістеп жазып, суретте көрсетілгендей көлденең сызық жүргіземіз.

2.Қарындашпен көлденең сызыққа дейін тігінен белгі саламыз.Сонан кейін белгі ізімен қиямыз.

3.Тарамдалған былғары шашақты ширатып ораймыз.

4.Оралған шашақ дайындамасының жоғарғы жағына қосымша жіпті мықтап байлап, ілмек жасаймыз.

5.Ілмекке жіп өткіземіз де, дайын шашақты кез келген бұйымды әшекейлеу үшін пайдаланамыз.

V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Былғары қандай материал? Одан қандай бұйымдар жасауға болады? Былғарыдан жасалған шашақпен қандай бұйымды әшекейлеуге болады?

VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.

60.Тақырыбы: Дизайн туралы түсінік. Геометриялық фигуралардан түрлі құрамақтар құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға дизайн туралы түсінік бере отырып, геометриялық фигуралардан түрлі құрамақтар құрастыруды үйрету. Ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер. Қажетті материалдар мен құралдар: түрлі-түсті қатты қағаз, қайшы, желім.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық.

II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.

Дизайн ұғымы қандай да бір затты көркемдеп құрастыру, безендіру деген мағынаны білдіреді. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған заттар мен бұйымдардың үйлесімін және жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайн өнері орындалу тәсіліне және қолданылу саласына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: графикалық, киім, интерьер, құрылыс, жиһаз, гүл дизайны және т.б.Дизайн өнері заман талабына сай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Дизайнмен айналысушы тек суретші не сәулетші ғана емес, сондай-ақ бұйымдарды өз идеясы бойынша ыңғайлы, үйлесімді көрсете білетін шебер болуы керек.Сергіту сәті