Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.06 Mб
Скачать

IV.Сабақты қорыту.

93. Тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы өткенді еске түсіру, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II.Оқулықпен жұмыс: А) Жұмбақты оқып,шешуін табу.Сан есімдердің түрін ажырату (1).

Ә) Мақалды жатқа жазып, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету(2) Б) Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау,сан есімнің сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айту (3) В) Мәтінді көшіріп жазып, сан есімдерді табу.Қайсысы реттік,қайсысы есептік сан екенін дәлелдеу (4) Г) Анаграмманы (өзгертпе сөз) шешу (5)III. Сабақты қорыту. IV.Үйге тапсырма:6-жаттығу.

94. Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды дара және күрделі сан есіммен таныстыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы. III.Жаңа сабақ.

7-жаттығудағы сан есімдерді (бес – бес жүз) өзара салыстыру арқылы дара және күрделі сан есім туралы түсінік беруге әзірлік жасалады.Тағы да бірнеше мысалды талдату барысында оқушылар дара сан есімнің бір сөзден, күрделі сан есімнің екі, үш я одан да көп сөзден құралатынын байкайды.

Мысалы:

Дара сан есім │ Күрделі сан есім

Бес,жеті,он, он бес,төрт жүз екі,

Жиырма,отыз бір мың тоғыз жүз

IV.Оқулықпен жұмыс:А)Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жазу (8) Ә)Берілген сан есімді қатыстырып сөйлем құрау (9)Б)Берілген сандарды сөзбен жазып,олардың дара немесе күрделі екенін дәлелдеу (10) В)Ребусты шешу және оның шешуіндегі сөзді қатыстырып, «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына әңгіме құрау (11).Ребусты шешуі-Жетісу және Екібастұз. IV.Сабақты қорыту. V.Үйге тапсырма:12-жаттығу

95. Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.

Сабақтың мақсаты: Дара және күрделі сан есім туралы білімдерін кеңейту,.бұлардың бір-бірінен өзгешелігін және олардың емлесінмеңгерту.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы. III.Оқулықпен жұмыс:

А)Сөйлемдерді сандарды сөзге айналдырып көшіріп жазу,сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету (13). Ә)Жаңылтпашты жатқа жазып, сан есімдердің дара немесе күрделі екенін ажырату (14). Б)Сан есімдерді бір бөлек топтастыру,бұлардың бір-біріне ұқсастығы мен өзгешелігін түсіндіру (15). В)Берілген сызбамен салыстыру (16). IV.Сабақты қорыту. Бұл үшін 18-жаттығуды пайдалануға болады. V.Үйге тапсырма:17-жаттығу.

96. Тақырыбы: Есімдік.

Сабақтың мақсаты:есімдік туралы түсінік беру,есімдіктің атқаратын қызметін байқату,оқушыларға есімдікті сөйлеу тәжірибиелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы.III.Жаңа сабақ. Есімдік туралы түсінік беру үшін төмендегідей мысалдарды талдату қажет:

Әсел

Дүкенге келді.

Ол

бес

А сқар кітапханадан кітап алды.

Бірнеше

Осы арқылы Әсел деген зат есімнің орнына-ол,бес деген сан нсімның орнына бірнеше деген сөздің қолданып тұрғаны байқатылып,олардың орнына жұмсалатын бұл сөздердің есімдік деп аталатыны туралы қорытынды жасалады.

IV.Оқулықпен жұмыс: А)Өлеңді мәнерлеп оқып,қарамен жазылған сөздерді талдату (1).

Ә)Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау (2). Б)Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау (3). Г)Ребус шешу.Шешуіндегі сөзді сынып сөзімен тіркестіріп,сол тақырыпта әңгіме құрау(6). V.Сабақты қорыту. VI.Үйге тапсырма:5-жаттығу.

97. Тақырыбы: Есімдік.

Сабақтың мақсаты: Есімдік туралы білімдерін кеңейту,есімдіктерді орынды пайдалануға баулу,оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы. III.Оқулықпен жұмыс:

А)Сөйлемдерді көшіріп жазып,есімдіктерді табу (7). Ә)Көп нүктенің орнына сұрау есімдіктердін қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу (8). Б)Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазу (9). В)Мақал-мәтелдерді түсініп оқып,есімдіктерді табу,

Есімдіктерді сөйлем мүшесіне талдау (10). Г)Түсіп қалған есімдіктерді орнына қойып ,жаңылтпашты оқу (11).

IV.Сабақты қорыту. V. Үйге тапсырма:12-жаттығу.

98. Тақырыбы: Жіктеу есімдіктері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жіктеу есімдіктерімен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын білдіру,ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы.III.Жаңа сабақ.13-жаттығу арқылы жіктеу есімдіктері туралы түсінік беріледі. IV.Оқулықпен жұмыс: А)Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерінің бірін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу (14). Ә)Жіктеу есімдіктердін қатыстырып сөйлем құрау (15). Б)Қарамен жазылған сөздерді тиісті жіктеу есімдіктерімен алмастырып,мәтінді көшіріп жазу.Есімдіктердің қай сөз табаның орнына және не үшін жұмсалатып тұрғанын дәледеу(16). В)Түсіп қалған есімдіктерді орнына қойып,өлеңді оқу,есімдіктерді табу (17).

IV.Сабақты қорыту. V.Үйге тапсырма:18-жаттығу.Ребус шешу.Шешуі-қалада.

99. Тақырыбы: Жіктеу есімдіктері.

Сабақтың мақсаты: Жіктеу есімдіктері туралы білімдерін кеңейту,есімдіктердің стильдік қызметін меңгерту. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы. III.Оқулықпен жұмыс: А)Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып,жіктеу есімдіктерін табу (19). Ә)Қайталанып келген сөздің бірінің орнына тиісті есімдікті қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу(20). Б)Берілген етістіктер мен жіктеу есімдіктерін қатыстырып исөйлем құрау (21). В)Сөздерді топтастырып,неліктен солай топтастырыпғаныңды дәлелдеу (22). Г)Жұмбақты оқып,шешуін табу.Есімдіктеріді табу (23).IV.Сабақты қорыту V.Үйге тапсырма:24-жаттығу.

100. Тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің септелуі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жіктеу есімдігінің септелуімен танысиыру,жіктеу есімдіктерінің септелуіндегі ерекшеліктерді аңғарту,байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы. III.Жаңа сабақ. Зат есім мен есімдіктің септелуін салыстырып танытудан бастаған жөн:

А.оқушы мен Ж. Оқушыда менде

I.оқушының менің Ш. Оқушыдан менен

Б.оқушыға маған К. Оқушымен менімен

Т.оқушыны мені

IV.Оқулықпен жұмыс: А)Сөйлемдерді көшіріп жазып,есімдіктерді табу (25). Ә)Есімдіктердің септелуінлегі өзгешелікті таныту (26). Б)Жіктеу есімдіктерін сұрақтардың ыңғайына қарай өзгертіп жазу және себебін дәледеу(27). В)Берілген есіидікті қатыстырып сөйлем құрау (28). Г)Тиісті есімдікті қойып мәтінді оқу (29).

V.Сабақты қорыту. VI.Үйге тапсырма:30-жаттығу.

101. Тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі.

Сабақтың мақсаты: Жіктеу есімдігінің септелуін меңгерту оқушылардың ойлау және талдау қабілетін жетілдіру.Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

II. Үй тапсырмасы. III.Оқулықпен жұмыс:А)Мәтінді көшіріп жазып,есімдіктердің қай септікте тұрғанын айту (31).Ә)Өлеңді жатқа жазып,есімдіктерді табу (32) Б) зат есім мен есімдіктің септелуін салыстыру (33) В) Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мәтінді көшіріп жазу(34) Г) кестені толтырып, кестедегі сөз таптарын өзара салыстыру(35)

ІV. Сабақты қорыту. V. Үйге тапсырма 36-жаттығу

102. Тақырыбы: Бақылау диктанты

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Сауысқанның белгісі

Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтеді. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандары пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.

Тапсырма: 1. Балапандарын, ағаштардың деген сөздерді құрамына талда, белгіле. 2. Ептеп, зая сөздерін басқаша қалай айтуға болады?

ІҮ Үйге тапсырма: пысықтау. Ү Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

103. Тақырыбы: Қатемен жұмыс.

Мақсаты: оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.

Берілген сөздердің түбірін жазу:

Сушы жылқышы

Сусын жылқылар

Сулық жылқыны

Суат жылқыда

Тапсырма: Сусын, жылқыны сөздерін қосып сөйлем құра.

ІҮ Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау.

104. Тақырыбы: Үстеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, ол іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Ауызекі және жазба жұмыстарын өткізу арқылы тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды сауатты жазуға, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ребус, топтамалар. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 36-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз таптары нешеу? Есімдік деген не? Есімдіктің жіктелуі деген ше? Ол сөзін жіктеңдер.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Шешуінде үстеу сөзі шығатын ребус шешу. Үстеу деп аталатын сөз табымен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, мағынасын түсіндіру. Қай сөзбен байланысқанын айту. 2-жаттығу. Берілген сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазып, оларға сұрақ қою. 3-жаттығу. Ребустарды шешіп, шешуіндегі үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау. Ребустардың шешуі: қазір, алда. 4-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін және үстеулерді табу. Үстеу екенін дәлелдеу.

ҮІ. Бекіту. 5-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулерді табу және оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін қандай сөз табымен таныстық? Үстеу дегеніміз не екен? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 6-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

105. Тақырыбы: Мезгіл үстеулері.

Сабақтың мақсаты: Үстеу туралы түсініктерін кеңейту. Мезгіл үстеулерімен таныстыру, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру. Тазалыққа, әдемілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үстеу деген не? Оның сұрақтары қандай? Мысал келтіріңдер.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу, көркем жазу. 7-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Үстеулерді тауып, астын сызу. Мағынасын түсіндіру. Ережемен таныстыру. 8-жаттығу. Мақалды жатқа жазу, мезгіл үстеулерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айту. 9-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау. 10-жаттығу. Кестемен жұмыс. Кестені тиісті сөздермен толтырып, оларды өзара салыстыру.

ҮІ. Бекіту. 11-жаттығу. Тиісті үстеулерді қойып, жұмбақты көшіріп жазу және шешуін табу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік? Үстеудің қанша түрі бар екен? Мезгіл үстеуі деген не екен? Оған қандай мысал келтіруге болады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 12-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

106. Тақырыбы: Мекен үстеулері.

Сабақтың мақсаты: Мекен үстеулерімен таныстыру, оларды сөйлеу тәжірибесінде қолдануға үйрету. Танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Зейінділікке, зеректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үстеу деген не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Үстеудің қандай түрімен таныстық? Мысал келтірейік.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу, көркем жазу. 13-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулерді табу және мағынасын анықтау. 14-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мекен үстеулері бар сөйлемдерді теріп жазу. 15-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау. 16-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау және үстеулердің қандай мүше болып тұрғанын анықтау.

ҮІ. Бекіту. 17-жаттығу. Сурет бойынша үстеулерді қатыстырып әңгіме құрау.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Мекен үстеуі деген не екен? Қандай мысал келтіруге болады? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 18-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

107. Тақырыбы: Сын-қимыл үстеулері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сын-қимыл үстеулерімен таныстыру, олардың мағынасын түсіндіру және сөйлеу тәжірибесінде қолдануға жаттықтыру. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 18-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Үстеу деген не? Оның қандай түрлерін білеміз? Мезгіл үстеуі деген не? Мысал келтір. Мекен үстеуі деген не? Мысал келтір. Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 19-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулердің мағынасын анықтау. Ережемен таныстыру. 20-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, сын қимыл үстеулерін табу. 21-жаттығу. Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау. 22-жаттығу. Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен мақал құрап оқу, оны жазып, үстеулерді табу. Жауабы: «Алыс пен жақынды жортқан білер».

ҮІ. Бекіту. 23-жаттығу. Сөздерді оқып, әр топта қай сөз артық екенін тауып, себебін дәлелдеу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Үстеудің неше түрімен таныстық? Мезгіл үстеуі деген не? Мекен үстеуі деген ше? Сын-қимыл үстеуі деген не? Олар қандай сұраққа жауап береді? Әрқайсысына мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 24-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

108. Тақырыбы: Үстеу.

Сабақтың мақсаты: Үстеу туралы білімдерін кеңейту, үстеулерді мағыналарына қарай топтастырып үйрету. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 24-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Қандай сөз таптарын білеміз? Үстеу деген не? Мекен үстеуі, мезгіл үстеуі, сын-қимыл үстеуі деген не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 25-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, үстеулерді табу, олардың қай сөзбен байланысқанын көрсету. 26-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, үстеулерді табу. 27-жаттығу. Суретке қарап, тиін туралы әңгіме құрау. 28-жаттығу. Үстеулерді мағыналарына қарай топтап жазу. ҮІ. Бекіту. 29-жаттығу. Берілген сөздердің үстеу екенін дәлелдеу және осы үстеулерді қатыстырып сөйлем құрау.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Үстеулерді қалай топтастырады екенбіз? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 30-жаттығу.ІХ. Оқушыларды бағалау.

109. Тақырыбы: Шылау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шылау туралы түсінік беру, шылау сөздердің жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ екендігін, тек өзге сөздермен байланысып жұмсалатындығын аңғарту. Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Қатесіз, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 30-жаттығу. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Қандай сөз таптарын білеміз? Үстеу деген не? Оның қандай түрлерін білеміз? Ережелерін еске түсірейік. Мысал келтірейік.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Шылаулы және шылаусыз сөздерді салыстыру арқылы шылау туралы түсінік беру. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздерді талдау. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, шылауларды табу. 3-жаттығу. Берілген шылауларды қатыстырып сөйлем құрау. 4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, есімдік мен-ді сол тұлғалас шылаумен салыстырып, ұқсастығы мен өзгешелігін дәлелдеу.

ҮІ. Бекіту. 5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып көшіріп жазу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін қандай сөз табымен таныстық? Шылау деген не екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 6-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

110. Тақырыбы: Мен (бен, пен), және шылаулары.

Сабақтың мақсаты: Мен (бен, пен ), және шылауларының сөз бен сөзді байланыстыратындығы туралы түсінік беру, бұл шылауларды орынды қолдануға жаттықтыру. Ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу. Аралап тексеру,оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылау деген не? Қандай шылауларды білесіңдер?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 7-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, мағынасын түсіндіру. Шылаулардың астын сызу. Олардың сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын байқату. 8-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, шылауларды табу. 9-жаттығу. Сөзжұмбақты шешу. 10-жаттығу. Мысалды түсініп оқып, шылауларды табу.

ҮІ. Бекіту. 11-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мен (бен, пен), және шылаулары қандай қызмет атқарады екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 12-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

111. Тақырыбы: Да (де), та (те) шылаулары.

Сабақтың мақсаты: Да (де), та ( те) шылауларының өздері тіркескен сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтіні туралы түсінік беру және олардың емлесін меңгерту. Есте сақтау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылау деген не? Қандай шылауларды білесіңдер? Олар сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 13-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазып, шылаулардың сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру. 14-жаттығу. Өлеңді жатқа жазып, шылауларды табу. 15-жаттығу. Берілген шылауларды қатыстырып 2-3 сөйлем жазу.

ҮІ. Бекіту. 16, 17 жаттығулар. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Да, де, та, те шылаулары қандай қызмет атқарады екен? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 18-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

112. Тақырыбы: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары.

Сабақтың мақсаты: Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емлесін меңгерту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 18-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылау деген не? Қандай шылауларды білесіңдер? Олар қандай қызмет атқарады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) Оқулықпен жұмыс. 19-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шылауларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айыру. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 20-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту. 21-жаттығу.(ауызша) Жаңылтпашты жатқа айтып, шылауларды табу. 22-жаттығу. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қатыстырып сөйлем құрау.

ҮІ. Бекіту. 23-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып, сұраулық шылаулардың жазылуы туралы қорытынды жасау.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін қандай шылаулармен таныстық? Олардың атқаратын қызметі қандай екен? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 24-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

112.Тақырыбы: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары.

Сабақтың мақсаты: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары өздері қатысты болып келген сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстейтінін, олар өздері қатысты сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет ететінін іс-жүзілік тұрғыдан таныту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 24-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылау деген не? Қандай шылауларды білеміз? Мысал келтірейік.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс. 25-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, шылаулардың қай сөзге қатысты екенін тауып, оный қызметін байқау. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 26-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазып, шылаулардың қандай мағына беретінін түсіндіру. 27-жаттығу. Туралы, дейін, шейін, туралы, үшін шылауларын қатыстырып сөйлем құрау. 28-жаттығу. Көп нүктенің орнына дейін, шейін, туралы, үшін шылауларың тиістісін қойып, көшіріп жазу. Неліктен сол шылауды қойғаныңды дәлелдеу.

ҮІ. Бекіту. Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Ребустың шешуі: Отан-ана.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін қандай шылаулармен таныстық? Олардың қызметі қандай? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 29-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

113. Тақырыбы: Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары.

Сабақтың мақсаты .Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары өздері қатысты болып келген сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру, шылау туралы алған білімдерін қорытындылап жинақтау. Оқушының байланыстырып сөйлеу тілін, танымдық қабілетін дамыту. Зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, ребустар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 29-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Шылау деген не? Шылаудың қандай түрлерімен таныстық? Олардың атқаратын қызметі қандай?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) Сызбамен жұмыс.

Ма (ме), ба (бе), па (пе) да (де), та (те) күшейту,

Сұраулық мағына үстейді. Анықтау мағыналарын үстейді.

Үшін, туралы, дейін Шылау мен (бен, пен), және сөз бен

(Шейін) грамматикалық ? сөзді байланыстырады.

Мағына үстейді.

Сызба бойынша шылаудың өтілген түрлері қайтадан еске түсіріліп, мысал арқылы нақтыланады.ә) Оқулықпен жұмыс. 31-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, шылауларды табу. Бұл шылаулардың осыған дейінгі танысқан шылаулардан қандай өзгешелігі бар екенін аңғарту.

б ) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 32-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. 33-жаттығу. Ребусты шешу.Шешуінен шыққан сөзді шылау ретінде пайдаланып сөйлем құрату. Ребустың шешуі –ақ шылау сөзі. 34-жаттығу. Шылауларды өзара салыстырып, әрқайсысының ерекшелігін анықтау.

ҮІ. Бекіту. 35-жаттығу.Мәтінді оқып, шылауларды табу.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылаулары өздері қатысты сөздеріне қандай мағыналар үстейді екен? Өзі тіркескен сөзден –ақ шылауы қалай жазылады екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 36-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

114. Тақырыбы: Диктант

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Жиі-жиі жаңбыр жауады, суық жел соғады. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Жерге сары ала кілем төсеп тастағандай. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстар өз тіршілігін жасай бастайды. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. (61 сөз)

Тапсырма 1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз. 2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. 3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІҮ Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау. Ү Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу

115.Тақырыбы : Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру, шылаулардың емлесін меңгерту. Есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту. Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 36-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөздік диктант.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс.а ) Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы салыстыру әдісімен түсіндіріледі:

1. Журналдарда, кітаптарда жазылып жүр. Журналдар да, кітаптар да жеткілікті.

2. Сәрсен Маратпен сөйлесті. Сәрсен мен Марат сөйлесті.

3. Сен бүгін барма. Сенде қызық кітап бар ма?

Қарамен берілген сөздердің жазылуына салыстырмалы талдау жасалып, жалғаулардың сөзбен бірге, ал шылаулардың бөлек жазылатынын түсіндіру. ә) Оқулықпен жұмыс. 37-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, шылаулардың жазылуын байқау. б ) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 38-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жазу. Шылауларды тауып астын сызу, жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу. 39-жаттығу. –мен, -да, -де жалғауларын және мен, да, де шылауларын қатыстырып сөйлемдер құрап жазу. 40-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғаулары мен шылаулардың жазылуын салыстыру. ҮІ. Бекіту. 41-жаттығу. Мәтінді жақшаны ашып көшіріп жазу. Жақшадағы да, де, та, мен дегендердің қайсысын бірге, қайсысын бөлек жазамыз? Неліктен?

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақтан не түсіндік? Шылаулар қалай жазылады екен? Шылау тұлғалас қосымшалар ше? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 42-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

116. Тақырыбы: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуын меңгерту, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ребустар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 42-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Қандай сөз таптарын білеміз? Шылау сөздер қалай жазылады? Шылау тұлғалас қосымшалар ше? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс. 43-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, шылауларды және шылау тұлғалас қосымшасы бар сөздерді табу. 44-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазып, шылауларды табу. 45-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазу. 46-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыру. ҮІ. Бекіту. 48-жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Ребустың шешуі: Табиғат аясында.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Шылау мен шылау тұлғалас қосымшасы бар сөздер қалай жазылады? Олардың түрліше жазылу себебі неде?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 47-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

117. Тақырыбы: Одағай сөздер.

Сабақтың мақсаты: Одағай туралы түсінік беру, оның мағынасын, тыныс белгісін үйрету. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Қатесіз, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, ребустар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 47-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Қандай сөз таптарын білеміз? Шылау мен шылау тұлғалас сөздер қалай жазылады екен?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерді талдау. Ережемен таныстыру. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, одағайларды табу. 3-жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жазу. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті одағайды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

ҮІ. Бекіту. 5-жаттығу. Ребусты шешу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін қандай сөз табымен таныстық? Одағай деген не? Одағайлар қандай көңіл күйді білдіреді? Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма? Сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсе ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.6-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

118. Тақырыбы: Одағай.

Сабақтың мақсаты: Одағай туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, топтамалар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу. Оқытып, аралап тексеру.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Одағай деген не? Одағайдың тыныс белгілері қандай? Мысал келтір. Ү. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс. 7-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, одағайды табу. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 8-жаттығу. Сөйлемдерді одағай сөзі бар сөйлемге айналдырып жазу. 9-жаттығу. Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жазу.

ҮІ. Бекіту.10-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айтып, одағай сөзді табу. 11-жаттығу. Кестемен жұмыс. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін не үйрендік? Одағай сөздер мен қаратпа сөздердің қандай ұқсастығы бар, өзгешелігі неде?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 12-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

119 Тақырыбы: Өзіңді өзің тексер..

Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы өтілгенді қайталап, білетіндерін тексеру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз таптары деген не? Қандай сөз таптырын өттік? Ережелерін еске түсіру. Мысалдар келтіру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-8 жаттығулар орындалады.ҮІ. Бекіту. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

ҮІІ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сөз таптарын қайталап жіберейік. Мысалдар келтір.ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 9-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

Жыл бойы өткенді қайталау. (№120- 136сабақ)17-сабақ

120.Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін еске түсіру.

2. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. 3. Ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап түсіндіру Көрнекіліктері: суреттер

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 8-жаттығу ІІІ . Өткенге шолу. Үстеулерді ата.

ІҮ. Мақсат қою. Сабақ мақсатымен таныстыру Ү. Жаңа сабақ. Сөйлем. Сөйлем түрлерін ата. Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Мәтінде неше сөйлем бао екенін айт. Әр сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. 2-жаттығу. Ауызша. Диалогті оқы. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта. 3- жаттығу.Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз. Күн жылынды.Көк шықты.Күн бұлттанды. Жаңбыр жауды.Ауылға ақындар келді.Кеште кездесу болды.

4-жаттығу.Мақалдарды жатқа жаз. Қайсысы жай сөлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелде. 1.Ердің атын еңбек шығарар. 2.Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

ҮІ. Қорыту. Сөйлем дегеніміз не? ҮІІ.Үйге тапсырма. 5- жаттығу. Бағалау.

121. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтау, сөздік қорларын дамыту, ұқыптылықа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекіліктер: суреттер, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу. ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру: Жай сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлем дегеніміз не? ІҮ.Мақсат қою. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтау.

Ү. Жаңа сабақ: Сөйлем.а. дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу. б. Көркем жазу «В».в. Оқулықпен жұмыс. г. 6-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Мәтіндегі сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда 7-жаттығу. Кітатың сол жақ бетіндегі сөйлемдерді оқы. Олардан бірыңғай мүшелі бір ғана сөйлем құрап жаз.

Бақта шие өсіп тұр. Бақта алша өсіп тұр.Бақта алма өсіп тұр. 8-жаттығу. Қоршаудағы сөздерді бірыңғай мұшелермен алмастыр және оның бірыңғай мүше екенін дәлелде9- жаттығу.Шығармашылық жұмыс 11-жаттығу.Мақалды оқып мәнін түсіндір. Күш- бірлікте.

ҮІ. Қорыту. Сөйлем түрлерін ата. ҮІІ. Үйге тапсырма: 10- жаттығу. Бағалау.

122. Тақырыбы: Мазмұндама «Ұшқыш кілем»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Ұшқыш кілем

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.

Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен , ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті айға да ұшып барып келуге болады.

Жоспар: Адамдардың арманы. Орындалған арман.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ал, сен қалай ойлайсың, адамдардың арманы орындалды ма?

Ү. Үйге тапсырма: қайталау.

123. Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты: Дыбыс және әріп туралы білімдерін тиянақтау, тіл байлықтарын дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас Әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндіру Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 10-жаттығу ІІІ: Жан-жақты білімдерін тексеру

ІҮ. Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ү. Жаңа сабақ: Дыбыс және әріп. а.Дәптермен жұмыс. б. Көркем жазу «Г».

в. Оқулықпен жұмыс 12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

Күрект...р, Талдық...рған,қауынд...р, қобызш..., балал...р, к...гершін, т...йе,қ...дық, өр...к, қ...с. 13-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шешуін тап.

Қарнында бір көлдің балығы

Немесе жандының алыбы.

14- жаттығу. Шығармашылық тапсырма. 15-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Маркакөл- үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды. 16- жаттығу. Жаңылпашты оқып жатқа айт. Ауызша.

ҮІ. Қорыту. Дауысты дыбыстарды атаңдар.ҮІІ. Үйге тапсырма: 17- жаттығу . 8.Бағалау.

124. Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөз туралы алған білімдерін еске түсірту, тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас Әдіс –тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру Көрнекілік: кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 17-жаттығу ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

- Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. Ү. Жаңа сабақ: Сөз

а. Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу б. Көркем жазу «Д» в. Оқулықпен жұмыс.

18- жаттығу: Көшіріп жазып, мағыналары бір-біріне жуық, мәндес сөздердің астын сыз.

Көзммен көріп білгелі, Ұмытылдым алға, ілгері.

Туыс, тума, туысқан, Тілдеспей-ақ ұғысқан.

Ұзақ шарлап, ауланы, Торғай тоңды, жаурады.

19-жаттығу: Мақалды оқып, жатқа жаз. Ағаш кессең, ұзын кес- қысқартуың оңай.

Темір кессең, қысқа кес- ұзартуың оңай.

Мағынасы карама- қарсы сөздерді тап. Мақалдың мәнін түсіндір.

20-жаттығу: Берілген сөздерді екі түрлі мағында қолданып, сөйлемдер құра.

Алма, қой, өкпе, аула. 21- жаттығу: Суреттегі зат атауларының айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары әр басқа екенін дәлелде.

22- жаттығу: Жаңылпашты көшіріп жаз.

Күйе, күйе,күйе ме? Күйеге қолым күйеме?

Күюін қолым күймейді, Бетімнен апам сүймейді.

Айтылуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздерді тауып, мағыналарын түсіндір.

ҮІ. Қорыту: ҮІІ. Үйге тапсырма: 23-жаттығу. Бағалау.

125. Сабақ тақырыбы: Күрделі сөздер.

Сабақтың мақсаты: Сөз туралы алған білімдерін тиянақтау, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас Әдіс тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру Көрнекілік: сызбалар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықтарын тексеру. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 23-жаттығуІІІ. Жан- жақты білімдерін тексеру:

ІҮ. Мақсат қою: Сабақтыңі мақсатымен оқушыларды таныстыру.Ү. Жаңа сабақ: Күрделі сөздер.а. дәптермен жұмыс: күн ретін жазуб.Көркем жазу «Е»в. Оқулықпен жұмыс.24- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қайшыауыз.

Жіті қарап жан-жағын, Орманда ұя-үйшігі,

Балапанын бағады. Орман- мекен-тұрағы.

Қарағайдың жаңғағын Қара қоңыр тұмсығы

Қақыратып шағады. Қайшыланып тұрады.

Күрделі сөздерді тап. Түрлеріне ажырат. 25-жаттығу. Күрделі сөздерді түріне қарай топтап көшіріп жаз. Айнабұлақ, жан-жануар, асық жілік, қара ала, қолөнер, мая-мая, бозторғай, өнеркәсіп, ар- ұят, он бес, күні-түні, сары май. Бұл сөздерді неліктен күрделі сөз дейді?

Күрделі сөздердің мағынасын түсіндір. 26- жаттығу: Берілген бөліктерден кісі аттарын құрастырып жаз. (өз бетінше жұмыс) 27- жаттығу: Қос сөздердің арасына дефис қойып, өлеңді көшіріп жаз. 28-жаттығу: Сөздерді оқы. Олардың біріккен сөз немесе қос сөз екенін дәлелде. Аққұтан, Сарыағаш, үлгі өнеге, қора-қора, шаңсорғыш, аққу, киім-кешек, топ-топ.

ҮІ. Қорыту: Сөз түрлерін ата. ҮІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу. Бағалау

126.Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім

Сабақтың мақсаты: зат есім туралы алған білімдерін тиянақтау, сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекілік: суреттер, топтамалар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 29- жаттығу ІІІ. Жан- жақты білімдерін тексеру:

-Күрделі сөз дегеніміз не? -Біріккен сөз дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру

Ү. Жаңа сабақ: Зат есім А. дәптермен жұмыс Б.көркем жазу «Ж» В. Оқулықпен жұмыс

30- жаттығу :мәтәндегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Таутеке таудың биік жартасты жерлерін мекендейді. Ол 30 метрт биіктен емін –еркін секіріп түседі. Таутеке осы қабілеті ақылы жауына да қорғанады.

Мәтінді сөз таптарына талда. Бір сөз табы екіншісінен қалай ажыратылады?

31- жаттығу: Өлеңді оқып жатқа жаз.Зат есімдерін тауып сөз құрамына талда.

Септік жалғауының астын-бір, жіктік жалғауының астын екі рет сыз.

32-жатығу. Сөздерді оқы. Әр қатарда қай сөз артық деп ойлайсың? Соның себебін дәлелде.

1.Ақ боз, ұшырд ы, ойланып отыр, жазды келмекші. 2.Жоғары, былтыр, қазір, кітап, тез 3. Кітабында, оқушысын, әжеме, әкеңмен, оған.

33- жаттығу. Жоғалған жалғауларды орнына қойып, өлеңді қалпына келтір.

35-жаттығу. Сызбаға қарап, тиісті жалғауларды ата және оларды өзара салыстыр.

Зат есімнің жалғаулары

көптік тәуелдік септік жіктік

ҮІ. Қорыту: Зат есім дегеніміз не? ҮІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу. Бағалау

127. Тақырыбы: Диктант

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.

1-нұсқа Қызметші құс

Солтүстік Америкада агама дейтін құс бар. Ол тырнаға қатты ұқсайды. Осы құсты адамдар үйде ұстайды.

Агама аула ішінде үй күзетіп жүреді. Олар аулада тәртіп сақтайды екен. Жұлысып жатқан әтештерді ажыратады. Оларды тентектік жасағаны үшін жазалайды. Аулаға келген бөтен тауықтарды қуып шығады. Өз үйінің тауықтарына жем береді. Иесінің шақырғанына келеді. Иесі оны аңға да ертіп шығады. (54)

Тапсырма.

  1. Мәтінде қанша сөйлем бар? Жазып көрсет. Алғашқы үш сөйлемдегі сөз тіркестерін белгіле. Тауықтарына деген сөзді буынға бөл. Қанша буын, қанша дыбыс бар?ІҮ. Үйге тапсырма беру. Әр сөз табына сөйлем құрап келу.Ү. Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

128. Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: етістік туралы алған білімдерін еске түсіріп және тиянақтау

Сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдіс тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер топтамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дйындықтарын тексеру Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 34- жаттығу Жан-жақты білімдерін тексеру: -Сөз таптарын ата. -Зат есім қандай сұраққа жауап береді? ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жаңа сабақ: Етістік а. дәптермен жұмыс б.көркем жазу «З» в. Оқулықпен жұмыс 36- жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктердің астын сыз, сұрақ қой 37- жаттығу: Мақалды жатқа жаз

Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,

Ағарғанның қадірін қыс түскенде білерсің.

38-жаттығу: Берілген етістіктерін қатыстырып сөйлем құрап жаз: Ұшырды, ойнап отыр, көшірдік, өсірмек. 39- жаттығу: Сөздерді оқы. Әр қатарда қай сөз артық екенін дәлелде.

  1. Мен, біз, қыстыгүні, өзі, кім. 2.Көк ала, он алты, қою, үлкен, дәмді. 3,Оқып отыр,келіпті, ағыпты, жүз екінші, көмектесіді. 40- жаттығу: Мәтінді оқы. Етістіктерді тап ( ауызша Ү. Қорыту: дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістік дегеніміз не?

  2. ҮІ.Үйге тапсырма: 41- жаттығу Бағалау.

129. Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: сын есім туралы білімдерін тексеру, тіл байлығын, сөйлеу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер, сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 41- жаттығу ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру:

-Зат есім дегеніміз не? -Етістіек дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақ : Сын есім А. дәптермен жұмыс: күн ретін жазу Б, көркем жазу «И»

В. Оқулықпен жұмыс 42-жаттығу: Мәтінді оқу. Сын есімдерді тауып, дара немесе күрделі екенін айт 43- жаттығу: Өлеңді жатқа жаз. Сын есімдердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.

Алматы қаласы Жап- жасыл ағашы,

Қып- қызыл алмасы. Ақ басты тауы бар Алматы қаласы

44- жаттығу: Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз

Ақ боз, қара ала, ақ қасқа, боз ала, қара шұбар. Үлгі: боз ала таң, ақ боз ат...

45- жаттығу: Сын есімдерді кестеге орналастыр. Оларды өз-ара салыстырып, ұқсастығымен өзгешелігін түсіндір. Жасыл, қара ала,ақылды, жүзгіш, қышқыл, кып- қызыл, әсерлі, тұнық, айбатты, ақ сары, көк ала,

46- жаттығу: суреттегі заттардың сынын білдіретін сөздерді тауып жаз ( өз бетіншіе жұмыс)

Ү. Қорыту: Сын есім дегеніміз не?

Қандай сұрақтарға жауап береді? ҮІ. Үйге тпасырма: 47- жаттығу. Бағалау.

130. Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін тиянақтау,тіл байлығын сөйлеу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдіс- тәсілі: сұрақ жауап, әңгімелеу түсіндір Көрнекілігі: сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 47- жаттығу ІІІ. Жан – жақты білімдерін тексеру:

-Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? -Етістік дегеніміз не?

ІҮ. Жаңа сабақ: Сын есім А. дәптермен жұмыс: күн ретін жазу Көркем жазу «Й»

Оқулықпен жұмыс. 48- жаттығу Мәтінді оқы. Сын есімі бар сөйлемдерді теріп жаз.

49- жаттығу: Сұрақтың орнына күрделі сын есімді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз

(Қандай?) ат мәреге бірінші боп жетті? Ақ боз ат мәреге бінінші боп жетті 50- жаттығу: Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер құра. Мөлдір, жазық, ізетті, ақ қасқа, қара ала. 51- жаттығу: Мақалдарды көшіріп жаз.Сын есімдерді талда, негізгі немесе туынды екенін айт. 52- жаттығу: Жұмбақты оқып шешуін тап (ауызша)

Ү. Қорыту: Сын есім дегеніміз не? ҮІ. Үйге тапсырма: 53 жаттығу. Бағалау.

131. Тақырыбы: Шығарма. (мұғалімнің таңдауы)

Мақсаты: оқушыларға шығарма жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, байланыстырып сөйлеу тілдерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз шығарма жазамыз. Шығарма жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Шығарма қалай жазу керек? Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерлді қоюды ұмытпаңдар. Әр сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Кісі аттары, жер-су аттары, үй жануарлардың аттары қалай жазылады?

ІІІ Білімдерін тексеру: шығарма мәтіні бойынша мұғалім 3 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Сұрақтар қояды, 3 – 4 баладан мазмұнын сұрап, жоспарды түсіндіреді, барлық балалардың жазғандарын қадағалайды. Шығарма жазып болған оқушылар іштерінен оқып, тексереді

ІҮ. Үйге тапсырма беру. Өткенді қайталау.

Ү. Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу..

132. Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы алған білімдерін тиянақтау, тіл байлығын сөйлеу қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру Көрнекілігі: суреттер, топтамалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : 53 –жаттығу Жан- жақты білімдерін тексеру

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың мақсатымен таныстыру ІҮ. Жаңа сабақ: Сан есім А. дәптермен жұмыс: күн ретін жазу Б. Көркем жазу «К» Оқулықпен жұмыс. 54- жаттығу: Сандарды сөзге айландырып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 55- жаттығу: Көп нүктенің орнына тиісті сөз табының атын жаз.Кестені нақты мысалдармен толтыр. 56-жаттығу: Берілген сан есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құра. Жеті, бесінші,он екі. 57-жаттығу: Ребуссты шеш.Қандай сөйлем шықты? Ел мен жер егіз.

58- жаттығу: Сан есімдерден қос сөз жаса.Оның алдыңғы сөзден қандай айырмашылығы бар екенін айт. Бес, он бес, отыз, қырық, бір,екі.

Ү. Қорыту : Сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді

ҮІ. Үйге тапсырма: 59- жаттығу. Бағалау.

134. Тақырыбы: Бақылау диктанты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты, көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу, танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөздерді тақтаға жазады.

Шөптегі шық.

Жаздыгүні болатын. Мен ерте тұрдым. Далаға шықтым. Шығыс жақтан нұр шығып келе жатыр. Күнге қарап тұрдым. Шөптегі шықты байқадым. Шөптегі шық тамшылары алмақ сияқты болып көрінді. Бұл тамшылар күнге шағылысып, бірде сары, бірде қызыл, бірде көк болып көрінеді. Мен шыққа жақын келіп қарадым. Шөптің үш бұрышты жапырақтарында шық тамшыларын көрдім.

Шық түскен жапырақты үзіп алып едім, титтнй тамшы кішкентай шар сияқты домалап жерге түсті. Сондай тамшысы бар, тағы бір жапырақты үзіп алып, тамшыны жұттым. Оның дәмі жеміс суынан да тәтті сияқты болып көрінді. (83)

Тапсырма. Шылауларды теріп жаз. Бесінші сөйлемді сөз таптарына талда. Бала сөзін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. Әр сөз табына сөйлем құрап келу.

Ү. Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу..

135. Тақырыбы: Қатемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты, көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу. Танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.Бүгінгі сабақта қатемен жұмыс жасаймыз.. Дәптерлерін тарату.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Диктантта кімнің қандай қате жібергенін анықтау., талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жаздыру, ережелерге сүйене отырып, сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесі ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. Ережелерді қайталау, пысықтау.

ІХ. Оқушыларды бағалау. Жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Ана тілі 4 класс (Атамұра)

С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.

І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері

1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан.

Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.

Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?

ертегі

аңыз

Батырлар жыры

айтыс

Бесік жыры

жаңылтпаш

Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

4. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с

сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.

Тобасы – бұл жерде: тілегі.

Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:

  1. сұрақ – жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?

  2. талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?

(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе – жек.)

Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

  1. Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.

Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.

Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.

Ү. Қорыту: 1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.

2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?

ҮІ. Үйге тапсырма: 3-6 бет, жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

2. Тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?

  1. Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?

  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар – зират, мола.

Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.

Шері – жолбарыс

Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.

Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?

  1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.

Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)

ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат

әсірелеу

мойны

алтын табақтай

құлағы

қамыстай

Төрт аяғы

қазықтай

тұяғы

төңкерген кеседей

сұлулығы

сүмбідей

2.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.

3. Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы ( «Қобыланды батыр» жырынан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: кітаптағы суреттер, кесте, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?

ІІІ. Өткенді қорыту. Оқушы өзінің салған суреттері бойынша әңгімелеп беруі. Әсірелеу дегеніміз сонымен не болды? Сен қалай түсінесің?

ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық Батырлық жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Ү Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Балалар біз соңғы кезде қандай батырлар жайлы білдік? Олар кімдер? Олардың тұлпарлары қалай аталады?

Міне, балалар, бүгін біз Қобыланды батырдың тұлпары Тайбурыл жайлы білеміз.

  1. Қобыланды батыр жырынан үзінді оқып, балалардың үйден оқығандары болса әңгімелетіп жіберуге болады. (кітаптан)

  2. Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.

  1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

Сөздік жұмыс: қосын – әскер. Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Сұрақ – жауап: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

2. талдау: Жырдан Тайбурылдың шабысын әсірелеп (күшейтіп) сипаттаған жерді тауып оқы. (Сонда бурыл гуледі...)

3. Көлге, тауға қатысты сипаттау сөздерді жырдан тауып, сызбаны дәптеріңе толықтырып жаз.

(қазды көл, қулы көл, желді көл.шалқар көл, қызды көл); (барлы тау, қарлы тау, Қаратау, Алатау)

ҮІІ. Қорыту: Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?

«Қамбар батыр» жырынан

«Қобыланды батыр» жырынан

Өлең сазы

Ырғағы

Көркем сөз

Әсірелеу

Теңеу....

ҮІІІ Үйге тапсырма: 8-9 бет,суретін салу, оқу, әңгімелеу.

4. Тақырыбы: Алпамыс батыр ( жырдан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: суреттер, кітап

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Жырда қандай әсірелеу сөздерімен таныстық? Өзің салған суретің жайлы не айтар едің? Өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. (батырлық жайлы мақал – мәтелдер: «Сары май сасымас, батыр саспас.; Батыр жарасыз болмас. ; Батыр ортақ, ер ортақ, Күн ортақ, ай ортақ. ; Батырдың қаһары – еліне қорған. ; Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.»)

Ү. Жаңа сабақ:

  1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

2. сұрақ – жауап: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?

ҮІ. Білімдерін тексеру: Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

ҮІІ. Қорыту. Бүгін кім жайлы оқыдық? Жырдан келтірілген үзіндіні өз ойыңмен аяқтап айтып көр. Жырды «Алпамыс батыр» жырын оқып шығып, өз ойыңмен салыстырып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау

5. Тақырыбы: Батыр бала Бөген мен Шұбар ат. ( жырдан үзінді)

Мақсаты: Бөген батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік. Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қандайбатырлармен таныстық? Олардың тұлпарларының аттары қалай аталады? Олардың қандай ұқсастығы, айырмашылығы бар деп ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық, оқушы көңілін сабаққа аудару.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

2. Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді).

«Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

3. іздену: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? (Сауырына қарасаң, Төңкерген қара қазандай. Ту сыртына қарасаң, ... Салып қойған көпірдей)

ҮІ.Сергіту сәті.

ҮІІ. Білімдерін тексеру: 1. Жырдан өзіңе ұнаған тұсын мәнерлеп оқып бер. 2. Сызба бойынша жырдағы Шұбар атты суреттейтін әсерелеу сөздерді дәптеріңе жаз.

Шұбар ат

әсірелеу

аяғы

Төрт аяғы тең жорға, Әр аяғы келідей

шекесі

Он екі құлаш Шұбар ат

сауыры

Төңкерген қара қазандай

ту сырты

Суда жүзген сазандай

құлағы

Қиып қойған оюдай

Екі көзі

Парлап жанған шырақтай

танауы

Түбі түскен шелектей

Бауыр еті

Мал жайлауы даладай

омырауы

Салып қойған көпірдей

ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Осы оқыған жырлардың барлығына сай ортақ ұйқасы, ырғағы, өлеңнің сазы жайлы не айтар едің?

ІХ . Үйге тапсырма: Шұбар аттың суретін сал, оқы, жырдан өзіңе ұнаған жерін жаттап ал. Бағалау.

6. Тақырыбы: Аңыздар. Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Мақсаты: Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді). «Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

ІІІ. Өткенді қорыту: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? Сенің алған әсерің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз 2 – 3 кластарда қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, қажанасыр мен Алдаркөсе, Бетпақдала Ақселеу Сейдімбек. (аңыз), Алдардың айласы (аңыз)). Міне, балалар, сонымен Алдаркөсе деген кім екен? Ол туралы не білесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял- ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады. Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі – Шықбермес Шығайбайды алдауы. (Балаларға аңыз ерекшелігін мына сызба арқылы түсіндіруге болады)

Аңыз дегеніміз

Кейіпкелері

Ерекшелігі

Тарихта болған адамдар іс- әрекеті баяндалады

Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт,

Қожанасыр, Алдаркөсе

Шындық пен қиял – ғажайып оқиға араласып келеді

  1. Оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу.

  2. Сөздік жұмыс: Тауы шағылыпты – іске аспапты, Әккіленіп алған – қуланып алған, түзге – далаға.

  3. Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады? Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін тап.

  • Жыланның жуандығы қандай?

  • Байдың тығып қойған қазысындай.

  • Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?

  • Бәйбіше астындағы қойдың басындай.

  • Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?

  • Тоқал астындағы қамырға.

  • Сақалының жұлынғанын неге теңейді?

  • Қызы тығып қойған тырнаның жүніне. Бұл жерде сызба арқылы тапсырма орындауына болады.

Жабықтан сығалауы,аңдуы

Ет орнына шандыр турап қоюы

Алдардың Ыстық нанды, торсықтағы айранды алдап алуы

айласы Атқа бор жағып қоюы

Бізбикені алып кетуі

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.

(қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы – жыланның жуандығындай, қойдың басы – ұрып жіберген тастай, былш еткені – иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы – сақалым жұлынсын)

Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.