Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 класс, 2011 жыл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.06 Mб
Скачать

VI. Үйге тапсырма .№5,№6. Бағалау.

58. Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептердің әр түрін шығару.

Сабақтың мақсаты: 1.Екі дененің қозғалысына берілген есептер шығару,дағдыларын бекіту,есептеу дағдыларын жетілдіру.

2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: білімді бекіту Әдісі: еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

III . Әр түрлі есептер шығару.

  1. Ауызша есептеуге мынадай тапсырмалар ұсыну:

3600 : 60 800 ∙ 80

4000 : 80 500 ∙ 800

30000 : 50 600 ∙ 40

28000 : 700 700 ∙ 900

  1. Дөңгелек сандарды көбейту және бөлу кезіндегі тәсілдерді бекіту үшін кесте пайдалану.

  2. Оқулықпен жұмыс. Берілген есептерді орындау.

№ 2 есепті шығара отырып, бір-біріне кері есептер екендігіне назар аударту. Оған көз жеткізу үшін тақтаға сызба сызу.

№ 3 Өз бетімен орындау .

№ 5. Егер 500 г шұжық 400 тг тұрса, онда 1000г шұжық 800 тг тұрады. Ал, 250г –бұл бір кг-ның ширегі. Демек, 400 : 2 ∙ 200тг. №6,№8 Ойнайық та, ойлайық.

№7. Диаметр, радиус ұғымдарын қайталай отырып орындау.

IV. Бекіту. V. Сабақты қорытындылау. -Нені еске түсірдік? VI Үйге тапсырма №4 Бағалау.

59. Тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: 1.Қозғалысқа берілген есептерді шығару, есептеу дағдысын жетілдіру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: білімді бекіту. Әдісі: еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау

III. Өткенді пысықтау 1.Оқулықпен жұмыс. №1. Есепте,жауаптарын сандықшадан тап.

1 213 ∙ 30 51 ∙ 2

8 840 : 40 36 006 : 6

80 640 : 2 100 000 : 25 т.с.с.

№2 Берілген сұрақтарға жауап беру.

-Қай шеңберлердің центрі ортақ?

-Радиустарының ұзындықтары бірдей ме,әлде әртүрлі ме?

-Екі әртұрлі шеңбердің центрі ортақ және радиусы бірдей болуы мүмкін бе? т.с.с

№ 3. Практикалық тапсырма .Радиустары тең болған жағдайдағы екі шеңбер сызу.

№ 4. Кестелерді пайдаланып есеп құрастыру. Ауызша орындау.

№ 5 орындау Сергіту сәті №7.№8

  1. Өзіндік жұмыс. (дәптерден)

IV. Қорытындылау. -Бүгін нені қайталадық?V. Үйге тапсырма: №5.105бет Бағалау

60. Тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер.Олардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды бөлшек ұғымымен,үлестердің жазылуымен таныстыру. 2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

II . Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру №1 көрнекіліктерді қолдана отырып түсіндіру

-Тіктөртбұрыштар неше тең бөлікке бөлінген? -Қанша бөлігі боялған?

-Тәрелкеге тең төрт бөлікке бөлінген алманың 2бөлігі салынды.Демек,тәрелкеге 4/2 алма салынды. 4/2 - мұндай жазба бөлшек деп аталады.

Бөлшек сызығының астында жазылған сан – бөлшектің бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді.

Бөлшек сызығының үстінде жазылған сан- бөлшектің алымы. Ол неше бөліктің алынғанын көрсетеді.