Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2008.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.13 Кб
Скачать

Құрметтi Парламент депутаттары! Ханымдар мен мырзалар!

      Тәуелсiздiк жылдарында  Қазақстан әлемдiк қоғамдастықтың толыққанды мүшесi болды,  оның бастамалары тәжiрибе жүзiнде әрқашан кең қолдау тапты және нақты iс жүзiне асырылып отырды.        АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты  аймақтық қауiпсiздiктiң тиiмдi жүйесiн  қалыптастырудың негiзi болған,  Қазақстанның бастамасымен немесе тiкелей қатысуымен құрылған мемлекетаралық бiрлестiктер  өздерiнiң қажеттiгiн iс жүзiнде дәлелдедi.        Бiз  Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерiмен  өзiмiздiң экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды одан әрi нығайта беруге тиiспiз. Өңiрдегi тұрақтылық, ашық пiкiр алысу және өзара iс-қимыл таныту үшiн берiк негiз қалауымыз қажет.         Орталық Азия өңiрiндегi қауiпсiздiктi  нығайту мақсатында бiз, сонымен қатар,  АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және НАТО-мен  сындарлы өзара iс-қимылды кеңейте беремiз.        Бүгiн бiздiң елiмiз  халықаралық дәрежесiне танылудың жаңа сапалық деңгейiне  көтерiлдi.  Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуi  туралы шешiм оның сенiмдi дәлелi болды. Бiз осы ұйымның мүшелерiне, әсiресе, бiздiң кандидатурамызды ұжымдық негiзде ұсынған ТМД мемлекеттерiнiң басшыларына алғыс сезiмiмiздi бiлдiремiз.        Осыған байланысты  "Еуропаға жол"  атты арнайы бағдарлама әзiрлеу қажет. Ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тәжiрибесi мен технологиясын тартуға, заңдарымызды жетiлдiруге, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуiмiздiң стратегиялық пайымын және өзiмiздiң күн тәртiбiмiздi белгiлеуге ықпал етуге тиiс.        Тұтастай алғанда, бiздiң сыртқы саясаттағы және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы  басымдықтарымыз  өзгерiссiз қала бередi.         Бiрiншi.  Бiздiң сыртқы саясатымыз  негiзгi мүдделер ортақтығын iздестiруге,  барлық, тiптi ең бiр өткiр мәселелердiң өзiнде де мәмiлеге қол жеткiзу қажеттiгiн түсiнуге құрылған.         Екiншi.  Қазақстан алдағы уақытта да  халықаралық лаңкестiк пен дiни экстремизмге қарсы күрес  жөнiндегi халықаралық коалицияның белсендi мүшесi ретiндегi ұстанымын жан-жақты нығайта беруге ниеттi.         Үшiншi.  Бiз  Қазақстан армиясын жаңғыртуды және оның жауынгерлiк дайындығын жетiлдiрудi  жалғастырамыз.        Өткен жылдар iшiнде елiмiздiң Қарулы Күштерi өзiнiң  әскери және техникалық сапасын  елеулi түрде арттырды.        Қауiпсiздiктiң бүгiнгi заманғы қатерлерiне тойтарыс беруге қабiлеттi Қарулы Күштердiң кәсiби, әскери және басқару корпусын құру қажет.        Тұтастай алғанда, елiмiздiң Қарулы Күштерiнiң алдында  жаңа Әскери доктринаға  сәйкес  өзiнiң жауынгерлiк дайындығын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн  одан әрi арттыру мiндетi тұр. Үкiмет пен мемлекет, бүтiндей алғанда, бiздiң Қарулы Күштерiмiзге барынша қолдау көрсетуге тиiс.

* * *

      Алдағы жылдары  жаһандық маңызы бар  бiрқатар  халықаралық iс-шаралар  өткiзу қажеттiгiн ерекше атап көрсеткiм келедi.        Әңгiме 2009 жылы өтетiн  Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының үшiншi съезi, 2010 жылы өтетiн Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес,  2009 жылдан басталатын ЕҚЫҰ-ның  басқарушы үштiгiнiң  жұмысы және 2010 жылы  ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету  мәселелерi туралы болып отыр.         Қазiрдiң өзiнде осы мәселелерге байланысты ұйымдастырушылық жағынан да, сол сияқты мазмұны тұрғысынан да байсалды әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу  қажет. Бұл Үкiмет пен Сыртқы iстер министрлiгiнiң ғана емес, барша мемлекеттiк басқару органдарының мiндетi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]