Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2008.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.13 Кб
Скачать

Қымбатты қазақстандықтар!

      Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жiктерi мен әлеуметтiк топтарының әлеуметтiк көңiл-күйiн ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келдi және осылай болып қала бередi.        Өмiр сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтiк жаңартудың тиiмдi нарықтық құралына айналуға тиiс,  бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды.        Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабiлеттi халықты ел экономикасына тартуға  бағдарланған жағдайда ғана тиiмдi бола алады. Бұл қағиданы бiз бұрын да ұстанып келдiк, болашақта да одан ауытқымаймыз.         "Нұр Отан" партиясының  5 жылға арналған  сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң тұрмыс деңгейiн алдағы уақытта да арттыра беру  үшiн бiзде барлық негiз бар.         Жаңа үш жылдық бюджет:        - тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерiн 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның iшiнде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиiс. Бұл ретте 2011 жылы  арқаулық зейнетақылық төлемдер  мөлшерi ең төменгi күнкөрiс мөлшерiне қарай 50%-ға дейiн өсiрiлуге тиiс;        - мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерiн 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;        -  сәби бiр жасқа толғанға дейiн күтiп-бағуға берiлетiн ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары  кезең-кезеңмен өсiрудi, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерiнен 2,5 есеге арттыруды;        - 2010 жылдан бастап  4 және одан да көп бала туғанға берiлетiн бiржолғы жәрдемақылардың мөлшерiн  2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсiрудi;        -  бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысын  кезең-кезеңмен өсiру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның iшiнде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25%, 2011 жылы 30%  арттыру қамтамасыз етiлуi тиiс;        - тарихи атажұртына көшiп келу үшiн оралмандарға бөлiнетiн  жыл сайынғы квотаны  2009 жылы  5 мың отбасына дейiн ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткiзуiмiз керек.        Әлеуметтiк игiлiктi қамтамасыз ету өмiр сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ елiмiздiң адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргiзiлуге тиiс. Елiмiздiң ғылыми, бiлiм беру және денсаулық сақтау кешендерiнiң басты мұраты осы.

* * *

       Бiлiм беру саласының  басты мiндетi -  2010 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту жөнiндегi мемлекеттiк  бағдарламаны  орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.         Бiрiншi.  Бiлiм және ғылым министрлiгi үш жылдың iшiнде заманға сай бiлiм алуға және озық технологияларды игеруге мүмкiндiк беретiн  бiлiм берудiң тиiмдi инфрақұрылымын  жасауды аяқтайтын болсын.        Үстiмiздегi жылы бiз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептiң құрылысын, ал 2009-2010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептiң құрылысын бастай аламыз.         Екiншi.  Үкiметке, мемлекеттiк холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып  кәсiптiк-техникалық бiлiм берудi одан әрi дамыту бағдарламасын  әзiрлеп, iске асыруды тапсырамын.        Бұл бағдарлама  ел экономикасы үшiн барынша қызығушылық тудырып отырған тиiстi бiлiм салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды  көздеуi тиiс.        Бұған, ең алдымен, жұмыс берушiлер мен олардың қауымдастықтары, яғни бiрiншi кезекте осындай кадрларға зәрулiк танытқан бизнес өкiлдерi белсендi түрде тартылуы қажет.         Үшiншi.  Үкiмет  "Тiлдердiң үш тұғырлылығы" мәдени жобасын  iске асыруды жеделдетуi тиiс. Бүкiл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн оқыту сапасын арттыру қажеттiгiне ерекше назар аударғым келедi.        Халықаралық тәжiрбиелергi сүйене отырып қазақ тiлiн оқытудың қазiргi заманғы озық бағдарламалары мен әдiстерiн әзiрлеп, енгiзу қажет. Мемлекеттiк тiлдi тиiмдi меңгерудiң ең үздiк, инновациялық әдiстемелiк, тәжiрбиелiк оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзiрлеу керек.        Қазақ тiлiнде оқулықтар шығаруға арналған тендердi үнемi жеңiп алатын бiр-екi баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшiн қандай бәсекелестiк болмақ. Қазақ тiлiндегi оқулықтардың сапасын көтермейдi. Олар адамдарды қазақ тiлiн үйренуге емес, қазақ тiлiнен қашуға итермелейдi. Осы салаға жауапты тиiстi органдар нақты шешiм қабылдауы тиiс.         Төртiншi.  Әзiрге халықты  мектепке дейiнгi балалар мекемелерiмен қамтамасыз етуде  "бетбұрыс" жасала қойған жоқ. Үкiмет пен әкiмдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негiзде бұл мәселенiң шешiмiн әзiрлеуi тиiс.        Кiшкентай бүлдiршiндердiң дамуына ықпал ететiн үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы сатысы ретiндегi мектепке дейiнгi бiлiм беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабiлеттерiн дамытуға артылған тиiмдi бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.        Әрi балалардың бiлiм алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейiмi, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.

* * *

       Бүгiнгi күнi бiздiң денсаулық сақтау жүйемiз  осы заманғы Қазақстан  азаматтарының талаптарына қазiрше сай емес. Бұл - денсаулық сақтау саласының  басты мәселесi. Қазiргi кезде қолымыздағы  инфрақұрылым да, медициналық қызметтiң сапасы да әрi қызмет көрсетудi ұйымдастыру  деңгейi де көңiлден шықпайды.         Бiрiншi.  Үкiмет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтiру мен дамыту жөнiндегi жұмысты жандандыруы қажет.        Биыл бiз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергiлiктi маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.         Екiншi.  Ауруды емдеуден гөрi оның алдын алудың арзанға түсетiнiн есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдiстердi енгiзу арқылы алдын ала диагностика жүргiзу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.        Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi талдау жүргiзiп, медициналық қызметтiң нақты құнын бағалау керек.         Үшiншi.  Денсаулық сақтау, Бiлiм және ғылым министрлiктерiне бiрлесе отырып  ауруханалардың медициналық қызметкерлерiнiң,  соның iшiнде медицина қызметкерлерiн қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен  бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлеудi тапсырамын.        Сондай-ақ  медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота  санын көбейту қажет.         Төртiншi.  Ерекше назар халықты  дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге  аударылуы тиiс. Елге әкелiнетiн медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсендi түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажеттi инвестиция тарту қажет.         Бесiншi.  "Денi сау ұлт" үшiн инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап  дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа  және оған ең  қолайлы мүмкiндiктер туғызуға  ерекше ден қойылуы керек.        Әкiмдер жаңа  стадиондар мен спорт кешендерiн, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескiлерiн жаңарту арқылы  барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерiнiң бойларын сергек ұстауына, сөйтiп, өмiр жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.        Министрлiктер мен әкiмдiктер  саламатты өмiр салтын кеңiнен насихаттау  жұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттiк маңызды мәселе, сондықтан Үкiмет оған барынша ауқымды дәрежеде көңiл бөлуге тиiс.         Демографиялық ахуалды  түбегейлi жақсарту жөнiндегi кешендi шараларды белгiлеу қажет. Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестiң мәжiлiсiн арнау керек.        Денi сау ұлт - жалпы ұлттық мiндет. Оны жүзеге асыру мәселесiне  отандық бизнес-қауымдастық  белсендi қатысуға тиiс.        Осы ретте бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру жөнiндегi менiң үндеуiме барлық бизнес қауымдастығының қызу үн қосқанын қанағаттанғандық сезiммен атап өткiм келедi.        "Қазақмыс" корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсiптiк ассоциациясы, Қазмырыш, Теңiзшевройл, Аджип, "ҚазМұнайГаз", "Қазатомөнеркәсiп", "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтiк салаға арналған нысандарды: мектептер, медициналық және мектеп жасына дейiнгi мекемелердi, сауықтыру кешендерiн, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерiн дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады.        Бұл -  корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiктiң жарқын үлгiсi.  Мұндай тәжiрибе барынша кең таратылуға тиiс. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оған барынша қолдау көрсетуi керек.

* * *

      Бiздiң азаматтарымыз үшiн, әсiресе, жас отбасылар үшiн  тұрғын үйдiң қолжетiмдiлiгi мен сапалылығы - мемлекеттiң барынша өмiрлiк маңызы бар басымдықтарының бiрi  болып келдi және алдағы уақытта да солай болып қала бермек.        Мемлекеттiк тұрғын үй  бағдарламасына  мына бағыттар бойынша өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.         Бiрiншi.  Мемлекеттiк қызметкерлерге және бюджеттiк саланың еңбеккерлерiне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелерi арқылы  жылдық мөлшерi 4 пайыздан  аспайтын  алдын ала тұрғын үй займдарын  берудi жүзеге асыру керек.         Екiншi.  Жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысына, оның iшiнде мемлекеттiк қызметкерлер мен бюджеттiк сала еңбеккерлерi үшiн салынатын үйлерге екпiн түсiрген жөн. Өзiнiң жеке меншiк тұрғын үйлерiн салғысы келетiн азаматтар үшiн мемлекет жеке меншiк құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады.       Бағдарлама аясында бұл үдерiске ӘКК-лер белсендi қатысуы керек.         Үшiншi.   Құрылыс компанияларының қызметiнде мөлдiрлiктi  және саладағы бәсекелестiктi арттыру дәрежесiн заңды түрде қамтамасыз ету керек.  Тұрғын үй құрылысы үлескерлерiнiң құқықтарын қорғауды  арттыру қажет.         Жеке меншiк тұрғын үй құрылысын  дамытуды ынталандыру мақсатында жер телiмдерiн беру және тiркеу ережелерiн мейлiнше жеңiлдеткен дұрыс.         Төртiншi.   Жеке меншiк тұрғын үй құрылысында  индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру  басымдыққа ие болуға тиiс. Шет мемлекеттердiң озық тәжiрибелерiн кеңiнен қолдану керек.         Бесiншi.  Биылғы жылы өзiнiң 10 жылдығын атап өткелi отырған бiздiң елордамыз Астананы одан әрi дамыту маңызды мiндет болып саналады.         Елордадағы энергия көздерiнiң, инженерлiк инфрақұрылымдардың және бүгiнгi озық көлiк жүйесiнiң құрылысын  одан әрi жалғастыру қажет. Қаланы энергия қуатымен қамтамасыз етудiң сенiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiк негiзiнде ЖЭО-3 құрылысымен қоса, энергетикалық кешендi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру керек.        Үкiмет елорданың тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру және оны барынша толықтыру мақсатында  Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн  жасау жөнiндегi жұмысты жандандыруы керек.        Үкiмет және Астана қаласының әкiмдiгi 2008 жылы медициналық кластер құру жөнiндегi жұмысты негiзiнен аяқтауды және елорданың 10 жылдығы қарсаңында тапсырылуға тиiс құрылыс нысандарын пайдалануға берудi қамтамасыз етуi қажет. 

***

      Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту  барлық дәрежедегi әкiмдердiң  бiрiншi кезектегi мiндетi болып қалуға тиiс. Сондықтан мына бағыттарда мақсатты түрде жұмыс жүргiзу керек.         Бiрiншi.  Бюджеттiң нәтижелiлiгiн арттыру.  Тұрғындардың әлеуметтiк әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.        Орталықта нәтижелiлiкке бағытталған бюджеттi өмiрге енгiзу жөнiндегi жұмыс қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергiлiктi жердегi деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңiрлiк билiктiң нақты қамқорлығын сезiнуге тиiс.        Жаңа әлеуметтiк нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиiс.         Екiншi.   Әкiмдер инфрақұрылымдарды, әсiресе, жергiлiктi маңызы бар жолдарды  барынша дамытуды қамтамасыз ету керек.              Үшiншi.  Жер телiмдерiн жасырын бөлу тәсiлiнiң тәжiрибесiн тоқтату керек. Барлық жер телiмдерi  ашық аукциондар  арқылы бөлiнуге тиiс. Бұл ретте тек ӘКК қызметтерiне арналған жер телiмдерiне ғана артықшылық берiледi.        Үкiмет жүргiзген тексерiстер Астананың және облыс орталықтарының маңайындағы жер телiмдерi алдын ала жасанды фирмалар мен жеке тұлғалардың есебiне сатылып кеткендiгiн анықтады. Ендi, мiне, кейбiр адамдар, олардың iшiнде көпшiлiгi шенеунiктер, бұл жерлердi нарықтық бағамен сатып, ешқандай шығын шығармай-ақ мемлекеттiң есебiнен баюда.        Оларға бұл жерлердi мемлекетке өз ерiктерiмен қайтару жөнiнде ұсыныс жасау қажет немесе құқық қорғау органдары бұл iс-әрекеттердiң заңдылығын және ондай адамдардың жауапкершiлiгiн анықтауға мiндеттi.        Егер "Нұр Отан" партиясы және оның Парламенттегi фракциясы бұл мәселенi өз бақылауына алса, нұр үстiне нұр болар едi.        Тұтастай алғанда,  "Нұр Отанның" бастауыш ұйымдары және филиалдары, жергiлiктi мәслихаттардың депутаттары  аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы факторына айналуы қажет. Олар жоғарыда айтылған кешендi шараларды жүзеге асыруға белсендi түрде қатысып, атап көрсетiлген мiндеттердi айрықша бақылауға алулары керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]