Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2008.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.13 Кб
Скачать

Құрметтi мәжiлiске қатысушылар!

       Демократиялық дамудың жалпыға бiрдей танылған заңдылықтары мен бiздiң қоғамымыздың дәстүрлерiн үйлестiре отырып, бiз одан әрi де саяси және мемлекеттiк құрылыстың қазақстандық моделiн  жетiлдiру жолымен жүре беретiн боламыз.         Бiрiншi.  Тәуелсiздiктiң 16 жылы iшiнде бiз  қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуде, қазақстандық бiртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмдi қалыптастыруда өз моделiмiздi жүзеге асырдық.        Бұл - бiз  мақтануға құқылы және бәрiмiз ұқыптылықпен сақтауға мiндеттi қазақстандық "ноу-хау".        Конституциялық реформа аясында  Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесi мен өкiлеттiгi өстi.        Бiздiң көп ұлтты елiмiздiң барлық халқының мүдделерiн бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бiтiм мен келiсiмдi нығайту үдерiсiнде айрықша рөл атқаруға тиiс.        Қазiргi уақытта қазақстандық осынау ғажайып институттың рөлiн жан-жақты нығайту қажет. Ассамблеядан сайланған депутаттар осы жауапкершiлiктi сезiнiп, Ассамблеямен және оның жергiлiктi жерлердегi ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуы керек.        Мемлекеттi, оның қауiпсiздiгiн одан әрi нығайтып, экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға ұзақ мерзiмдi тұрақтылық, бейбiтшiлiк пен келiсiм керек дегендi мен әрқашанда айтып келдiм және барлық жауапкершiлiкпен тағы да атап көрсетемiн.         Екiншi.  Қазақстанда қазiргi заманғы саяси жүйенi дамыту мiндетi тұр.        Бұл үдерiсте саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиiс.        Партиялық механизмдi нығайту қазiргi заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерiстерге кеңiнен тартуға жағдай жасайтын болады.        Қазiргi сатыда  "Нұр Отан" партиясының басым моделi  Қазақстанның саяси жүйесiндегi оңтайлы пiшiн ретiнде қарастырыла алады.        Бұл алдағы уақытта басқа да саяси партиялардың сайлауға қатысып, Парламенттен өз орнын алуына және барлық үдерiстерге қатысуына мүмкiндiк бередi. Бүгiнгi күнi ешкiм де жаңа партиялардың құрылуына және өзiндiк ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын айтуға тосқауыл бола алмайды.         Үшiншi.  Демократиялық қоғам жағдайында  қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  ерекше мәнге ие болады.        Өткен жылдар iшiнде елдiң құқық қорғау және сот жүйелерiнiң криминалдық көрiнiстерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмiрi мен құқықтарын қорғайтын әлеуетi едәуiр нығайды.        Дегенмен, олардың қызметiнде  елеулi кемшiлiктер  бар.        Бұл жөнiнде барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен Бас прокуратураның жақында өткен алқа отырысында айтылды.        Құқық қорғау және сот жүйесi  қазақстандықтардың құқықтарының   әдiл де тиiмдi қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды  қамтамасыз етуге тиiс.        Бұл саладағы басым  бағыт - жазалаушы iс-әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу  болуға тиiс. Сондықтан биылғы жылы "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын әзiрлеп, Парламентке енгiзу қажет.        Президент Әкiмшiлiгiне аталған барлық шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етудi,  әкiмшiлiк реформаны құқық қорғау органдарында, сондай-ақ ел Президентiне есептi барлық ұйымдарда  жүргiзудi тапсырамын.         Төртiншi.  Үкiмет  әкiмшiлiк реформада  көзделген Қазақстанның мемлекеттiк басқару жүйесiн үздiк халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдындағы есептiлiк негiзiнде дамыту жөнiндегi шараларды жедел қарқынмен iске асыруға тиiс.        Мұндай жаңа қағидаттар 2008 жылы  қанатқақты мемлекеттiк органдарда  - Әдiлет, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы министрлiктерiнде және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде екшелуге тиiс.         Әкiмшiлiк реформаның басты мақсаты  басқарушы аппарат жұмысының тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру болуға тиiс. Яғни, халыққа қызмет етуi шарт.        Ол төрешiлдiктi, сөзбұйдаға салуды азайтуға тиiс.        Әкiмшiлiк реформаның  негiзгi элементтерiнiң бiрi елдегi жаңа кадр саясаты  болуға тиiс. Дамудың қазiргi кезеңiнде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады.        Мемлекеттiк басқару жүйесiнде  жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсiби ұйытқысын  қалыптастыруға бағытталған қазiргi заманғы қағидаттарды әзiрлеу қажет.        Бұл үдерiсте үлкен рөл "Нұр Отан" партиясына тиесiлi болмақ. Партия мемлекеттiк басқару жүйесi үшiн кадрлар жасақтауға белсендi қатысып, лайықты азаматтар үшiн  "әлеуметтiк көтергiш"  рөлiн атқаруы керек.        Бұл орайда  жас ұрпаққа, "Болашақ" бағдарламасының түлектерiне де  маңызды рөл берiлуге тиiс.        Жас кәсiби мамандар ел өмiрiнде болып жатқан үдерiстерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсендi қатысуы керек. Сондықтан да  резервпен жұмыс iстеу  де жаңа деңгейдегi жұмысты талап етедi.        Президент Әкiмшiлiгi кадр жұмысына басшылық жасауға тиiс.         Бесiншi.  Келесi жылдан бастап елiмiздiң тарихында тұңғыш рет мемлекеттiк бюджеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесiнiң негiзi  3 жылдық бюджет  болады. Бұл үшiн Үкiмет ағымдағы жылдың өзiнде жаңа  Бюджет кодексiн  әзiрлеуi қажет.        Сондай-ақ  жоспарлау жүйесiн жаңарту мен жетiлдiру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру  жөнiндегi жұмысты шұғыл түрде жеделдету керек.         Алтыншы.  Үкiмет нысаналы аудит, керек десеңiз, негiзгi мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық бағдарламалар бойынша бөлiнген  мемлекеттiк қаражатқа "тым мұқият аудит"  жүргiзуi керек.        Бұл аудиттiң мақсаты -  қол жеткен нәтижелердi бағалау, мемлекеттiк қаражатты басқару мен жұмсаудың тиiмдiлiгiн күрт арттыру.         Жетiншi.  Үкiмет  шағын және орта бизнестiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн ынталандыру  жөнiндегi дәйектi жұмысты жалғастыруға тиiс.         Шағын несие ұйымдарының  жұмысын, соның iшiнде мемлекет қаражаты есебiнен де қолдау керек. Олар бiздiң жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз iсiн ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудiң қолжетiмдiлiгiн арттыру және көптеген қазақстандықтар үшiн жаңа жұмыс орындарын ашу жөнiндегi шараларды ойластыру қажет.        Дамыған кәсiпкерлiк сектор - кез келген ел экономикасының негiзi.        Осыған байланысты  әкiмшiлiк реформа аясында  Үкiметке  бизнеске түсетiн әкiмшiлiк салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесiн, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеудi  одан әрi  оңайлатуды  тапсырамын.        Бiр  мысал  келтiрейiн. Дүниежүзiлiк банктiң "Бизнестi жүргiзу" туралы соңғы есебi бойынша барлық экспорттық рәсiмдерден өту үшiн Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшiн небәрi 5 күн керек екен.        Кәсiпкер үшiн нағыз кесапат - 50-ден астам заңда көзделген түрлi-түрлi  тексерулер  болып отыр.        Кейбiр ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлi сылтаулармен кәсiпорынды бiрнеше рет "тексеруге" мүмкiндiктер iздейдi. Бұл бизнестi өз iсiнен едәуiр алаңдатады. Бұл мен жүргiзiп отырған саясатқа қайшы келедi. Құқық қорғау және басқа да тексерушi органдардың  тексерулерiнiң санын едәуiр қысқартып,  ретке келтiру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]