Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2008.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.13 Кб
Скачать

Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттiк саясаттың басты мақсаты

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бiрлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2008 жылғы 7 ақпан

 

"Егемен Қазақстан" 2008 жыл 7 ақпан, N 36 (25008)

 

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

       Құрметтi қазақстандықтар!        Менiң жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегiдей жетiстiктерiмiздi саралап, келешегiмiздi бағдарлауға, ең бастысы - баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудiң дұрыс жолын бiрлесе айқындауымызға бағытталып келедi.        Қазақстан халқына арналған  2006  және  2007  жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы мiндеттер туралы ғана емес, бiздiң дамуымыздың келешегi жайында да айтқан едiм. Осыған орай, әлемнiң бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтiк көшбасшыларын қалыптастыру негiзiнде елдi индустрияландыру мiндеттерi бiздiң басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.        Үстiмiздегi жылы Үкiмет олардың орындалуы жөнiнде есеп беруi тиiс.         Өткен жыл Қазақстан үшiн  жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк және саяси  жаңару жолында тағы бiр сенiмдi iлгерi қадам жасаған жыл болды.        Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетiстiктерiмен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.        Ел  Конституциясына  енгiзiлген  өзгерiстер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлiн  арттыра түстi. Тәуелсiз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет  теңдестiрiлген негiзде парламент сайлауы өткiзiлдi.  Сайлауда  "Нұр Отан" партиясы  айқын басымдықпен жеңiске жетiп, алғаш рет Үкiмет жасақтады.        Әкiмшiлiк реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттiк органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды.        Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсiп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.        Бүгiнгi күнге дейiн елiмiздiң айтарлықтай резервi қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жеттi. Осындай елеулi жинақтаулардың болуы елiмiздiң қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзектi рөл атқарды.        Елiмiздегi әлеуметтiк ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттiк бюджеттiң бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Бiздiң 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттiк әлеуметтiк қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткiш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екi есеге артық.        Бiз зейнеткерлерiмiздi қолдау көлемiн ұдайы арттырып келемiз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемi 1,1 триллион теңгеден асып түстi.        Әлеуметтiк инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.        Бiз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткiздiк.        Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл iшiнде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл бiздiң жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.        Жоғарыда аталынған қоғамдық өмiрдiң барлық салаларындағы iлгерiлеу серпiнi - бiздiң экономикамыздың өркендеуiнiң, сындарлы әлеуметтiк саясатымыздың және тұрақты саяси жүйемiздiң тиiмдiлiгiнiң айқын айғағы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]