Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-10 даристер тарбие сурактар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.02.2020
Размер:
78.14 Кб
Скачать

9-дәріс.

Тақырыбы: Отбасындағы тәрбие негіздері.

Дәріс жоспары: 1. Отбасы тәрбиесін жетілдіру жолдары.

2. Оқушылардың отбасын зерттеу әдістемесі.

1. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ағартушылардың бірі – Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала» атты еңбектері бала тәрбиесінің мектепке дейінгі кезеңін қамтитын ұлттық негіздегі құнды еңбектер. «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А.Байтұрсынов алғысөз жазған. Онда: «Баланы бастан тәрбиелеу деген - баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің асылы – баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының әуенімен істеу – сол дұрыс тәрбие болады» [4] деп, бала тәрбиесі мен дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын аса жоғары бағалаған.

А.Байтұрсынов пен Н.Құлжанованың бала тәрбиесі туралы көзқарастарындағы ортақ ой, нақты мақсат – бала тәрбиесін салауатты өмір салтына негіздеп ұйымдастыру.

Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын әрекеті екендігіне тоқтала отырып: «Баланың ойыны қайсы, «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, «жұмысы» да ойын, бәрін де ойын үстінде, ойын үшін істейді... Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылған сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни, баланы ойынға үйрету, қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек» [5] деп, А.Байтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіндік ерекшелігін және жүргізілу тәсілін сөз етеді.

2. Жалынды публицист, жауынгер ақын, тарихшы, саяси қайраткер Ыбырай мен Ахметті ұстаз тұтқан педагог Міржақып Дулатов Өзінің шығармаларында бала, ана, әйел, ғашықтық, денсаулық туралы отбасына қатысты мәселелерді көтерген.

Міржақыптың «Шешенің балаларды сүюі» өлеңінде балаға деген ана махаббаты, оның шексіз-шетсіз мөлдірлігі сөз болады. Сондай-ақ ол «Жастарға», «Балдызға», «Жесір даулары хақында», «Жігіттер», «Жігіттерге», «Қамар сұлуға», «Сұлу қызға», «Екі сұлуға», «Қобызшы ініме», т.б. өлеңдерінде отбасында жастарды тәрбиелеу, сұлулық, ғашықтық туралы жырлаған.

Міржақып Дулатов ұстазы Ахмет Байтұрсынов сияқты отбасындағы тазалық тәрбиесіне де көңіл бөліп, өзінің «Қирағат» атты оқу құралының «Денсаулық жайынан» бөлімінде адам ағзасының әрбір мүшесінің аман болуы, салауаттық пен дене саулығын сақтау үшін қажетті гигиеналық шарттарын жүйелеп, оларды сақтау және орындау керектігін ұсынған [52].

Нақтырақ айтсақ, баланың құлағы, мұрны, тынысы, көзі аман болу үшін, жұмыс істегенде салауаттық сақтау үшін, дененің саулығын сақтау үшін бала алдың ала қандай іс-әрекет жасауы, оны орындау тәртібі өте түсінікті тілмен баяндалған. Мысалы, «Дененің саулығын сақтау үшін» тарауында алдың алу ережелері мынадай:

1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, күннің сәулесі (шуағы) көп түссін, саламаттықты сақтау үшін таза ауа, күннің шуағы өте кажет нәрсе.

2. Тұла бойыңды, ең болмағанда, мойныңды, көкірегіңді, арқаңды күнде салқын сумен жуып тұр, көнпісті боласың. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.

3. Жылы мезгілде бос суға көбірек шомыл.

4. Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен, жеген сайын және де ертеңді-кеш аузынды тазалап шайқа. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (жүр, ойна, жүгір).

5. Денеңді тар киім, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.

6. Аяқ киіміңнің (етіктің ұлтаны табанына лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.

7. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе тәттіден қашық бол.

8. Ерте жат, ерте тұр. Оянған сон төсекте тыраңдап жатпа. Оянысымен төсектен тұрып кет.

9. Кешке ұйықтардың алдың да ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыстап ұйықтай алмайды. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді.

Қазақ халқының ұлы ақыны М.Жұмабаев ата-ананың әділдігімен, адамгершілік парасаттылығымен тәрбиеленген, ұстаздары А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан дәріс алып, олардан үлгі-өнеге алған ағартушы, әрі педагог болған.

Мағжанның «Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым» деп жазған «Педагогика» атты тұңғыш ұлттық оқу құралында бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі туралы ой-пікірлері баршылық. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған.

Мағжанның пікірінше, тәрбие түрі төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп, тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» [6] деп, ата-анаға талап қояды.

Мағжан өз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданылып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып отыр.

Баланың мінез-құлқы, табиғатқа қатынасы айналадағы басқа адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасатын болғандықтан, Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша мән береді: «... баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туыстары өздері ізгі құлықты болуы тиісті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалымен қорытындылайды.

Мағжан баланы отбасында жас күнінен тәртіпке үйретудің қажеттілігіне баса назар аударады, бұл арада ол халықтың қалыптасқан әдет-ғұрып мәдениетіне сүйенгені анық.

«Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын, баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батылдыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру, оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді», - дейді [6].

Мағжан педагогикасындағы негізгі категориялардың бірі - баланың Өзін-өзі тәрбиелеуі.

Қандай тәрбие, тәрбиешінің, басқаның әсері мен үлгісі болмасын, сайып келгенде адам - өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Сондықтан отбасының міндеті - баланы өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына сын көзімен қарауға, өз мінез-құлқына бақылау жасауға, оны үнемі жетілдіруге үйрету деп санайды. Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол: «адамның өзін-өзі тексеруі - оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам өзін тексермесе, ілгері баса алмайды» - деп теориялық жағынан дұрыс, практикалық маңызы күшті тұжырым жасайды.

Адам өмірін мәнді және мазмұнды етуде эстетикалық талғамның қалыптасуы үлкен орын алады. Мағжан айтқандай, сұлулық сезімдері адамның табиғат берген қабылеті мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Мағжан эстетикалық тәрбиенің тарауларын жан-жақты талдай отырып, бала жаратылыс, табиғат сұлулықтары мен бірге өнерден барынша мол ләззәт алып өсуі қажет деп қорытындылайды. Ол сонымен бірге жоғарыда айтылғандай, адамдар арасындағы қатынасты да сұлулыққа негіздеп құруға ерекше мән береді. Бұл шынында қазақ тұрмысы үшін жаңалық емес, бірақ, жоғалтқанымыз да бар.

Қазақтарда үлкен мен кіші, жеңге мен қайны, қайын сіңлі, аға мен іні арасындағы қатынас бірін-бірі сыйлауға, құрметтеуге негізделіп құрылып, басқалар үлгі алатындай, таңырқап таңдай қағатын дәрежеде болатын. Бірақ, сол 20-шы жылдардың өзінде біздің бұл қатынасымызды босаңдата бастағанымызды сезген Мағжан: «Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңізді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір» деп өте маңызды өсиет қалдырады [6].

«Педагогика» оқулығындағы жалпы педагогика бөлімінде дене және жан тәрбиесі жайында кеңінен сөз болады. Мағжан балаға жан тәрбиесін беру үшін ата-анаға психология, логика, этика, ал дене тәрбиесін беру үшін анатомия, физиология, гигиена және гимнастика ғылымдарын меңгеру қажет екендігін оқу құралында жан-жақты баяндаған. Автордың пікірінше, әке-шеше баласының жаны туралы дұрыс түсінігі болуы үшін психология ғылымын меңгергені абзал. Психология – баланың қимылынан, көзінің тітіркенішті заттар мен амалдарға ілесуінің, жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақылын, қайратын, көңіл қуатын мөлшерлейтін пән. Екінші, жан нысанасын бақылаудың бір пәні – логика. Логика – дұрыс сөйлеу, сөздерді сөйлем тәртібіне ауызша дәлдеп «құрастыру, ойын дөп айта білу секілді нышандарын бағдарлайтын пән.

Этика – баланың ішкі құлқын емеуріннен тануға мүмкіндік беретін пән [6].

Мағжанның пікірінше, бала тәрбиесіндегі екінші мәнде тұратын нысан – дене

тәлімі. Жанның құралы – дене. Денені тәрбиелейтін пәндер:

- Анатомия. Баланың жас ерекшелігіне байланысты денесінің өсіп-өнуін, құрылысын, жаратылысын бақылайтын нысан.

- Физиология. Баланың денесінде болатын көріністерді, қанның жүруін, дем алу, тыныстау секілді күйін байқайтын пән.

- Гигиена. Дененің саулығын сақтау үшін қойылатын талаптарды жүзеге асыратын пән.

- Гимнастика. Бала денесінің саулығын ширату үшін белгілі талаппен, бағдарламамен жасалатын дене қозғалысын жүзеге асыратын пән [6].

Сонымен, бала тәрбиесінің екі қырын, яғни жан және дене тәрбиесінің теориялық мәнін тұжырымдадық. Егер осы екі нысан қатарынан, кей тұста жан тәрбиесі денеден озық кеткен жағдайда, баланың рухы биік болады.

10-дәріс.