
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Қысаң дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз. A) Ү, У, Е. B) А, Ә, И. C) Ы, Ұ, И. D) Ә, Ү, Ы. E) Э, Е, Ү. |
2. Бітеу буыннан тұрған сөзді көрсетіңіз. A) Жұрт. B) Ажар. C) Сана. D) Самал. E) Ас. |
3. Жаңа сөздің жасалу жолын көрсетіңіз. A) Көптік жалғау арқылы. B) Септік жалғау арқылы. C) Тәуелдік жалғауы арқылы. D) Жалғау арқылы. E) Бірігу арқылы. |
4. Есімдіктен жасалған қос сөзді көрсетіңіз. A) Қайта-қайта. B) Алым-салым. C) Менің ойым – осы. D) Анда-санда. E) Өзді-өзі. |
5. Сөйлемге тән тыныс белгіні қойыңыз. Астанам неткен тамаша A) Үтір. B) Леп белгісі. C) Сұрақ белгісі. D) Көп нүкте. E) Нүктелі үтір. |
6. Қыстырма сөзді табыңыз. A) Сізде жұмысым бар еді, басеке. B) Абырой болғанда, сұрақтар оңай екен. C) Пай-пай, киелі жер екен! D) Жігіттер, ертең сынақ болады. E) Жұмысым қалып қойды. |
7. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. A) Текемет. B) Қайшы. C) Аш. D) Батыр. E) Аула. |
8. Термин сөздерді табыңыз. A) Жаздыр, келтір, оқыт. B) Пай-пай, түу, қап. C) Сөз, сөз тіркесі, буын. D) Кеше, бүгін, алда. E) Болашақ, ұрпақ, полюс. |
9. Көмекші есімді табыңыз. Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем ән. A) Ауыл B) аспанға C) шаңқай D) түсте E) үстінде |
10. Салыстырмалы шырайды табыңыз. A) Үп-үлкен. B) Өте жақсы. C) Көгірек. D) Тым әдемі. E) Қалпақты. |
11. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Атымның сыры өзіме мәлім. A) Пысықтауыш. B) Баяндауыш. C) Анықтауыш. D) Толықтауыш. E) Бастауыш. |
12. Есімшенің болымсыз түрін табыңыз. A) Тоқы. B) Ойлы. C) Барар еді. D) Қайтпас. E) Келетін-ді. |
13. Күрделі үстеуді ажыратыңыз. A) Биыл. B) Айтпайынша. C) Бірге. D) Кешке. E) Баяғыда. |
14. Еліктеуден жасалған туынды зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Сағаттың тырсылы ғана естіледі. A) Бастауыш. B) Баяндауыш. C) Толықтауыш. D) Анықтауыш. E) Пысықтауыш. |
15. Басыңқы сөздің тұлғасын белгілеңіз. Марат оқыған. A) Етіс. B) Ырықсыз етіс. C) Сын есім. D) Есімше. E) Есімдік. |
16. Бірыңғай анықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Аңсаған арманымды көрдім, көңілім тынды. B) Бүгін де, ертең де уақытымыз болмайын деп тұр. C) Әдепті, мәдениетті адамның талғамы да биік. D) Ата-анасын, бауырларын сыйламағаннан без. E) Астана мен Алматы – еліміздің ең әдемі қалалары. |
17. Жақты сөйлемді табыңыз. A) Ашық аспан. B) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. C) Меніңше, Қанаттың осы тілегін орындауымыз керек. D) Күн де батты. E) Бүгін осында қалуға болмайды. |
18. Кезектес салаласты табыңыз. A) Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. B) Шешендік сөз бірде адамдарды белгілі бір уәжге тоқтатады, бірде оларға шынайы ақиқатты мойындатады. C) Қора ішінде күтушілер, аспазшылар болмаса, өзге жүргіншілер жоқ. D) Манас пен келіншегі осыны жақсы ұнатса да, Құлыншақ көнген жоқ. E) Топтың мұны байқамағаны тіпті жақсы болды. |
19. Стиль түрін анықтаңыз. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды... A) Ғылыми стиль. B) Ресми іс-қағаздары стилі. C) Ауызекі сөйлеу стилі. D) Публицистикалық стиль. E) Көркем әдебиет стилі. |
20. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Алыстан дүрсілдеген ат тұяғының дыбысы естілді. B) Малдың тұяғын да іске асыруға болады. C) Омардың ірілі-ұсақты он бес тұяғы бар. D) Жұт тігерге тұяқ қалдырмады. E) Артында қалған бір тұяқ бар еді. |
21. Қай сөзде кейінді ықпал байқалатынын анықтаңыз. A) Жазғы. B) Естен. C) Сызығы. D) Әркім. E) Класқа. |
22. Одағайдан жасалған көсемшені табыңыз. A) Әлди-әлди ұйықта, жаным бөбегім. B) Ол бізге жалт-жалт қарады. C) Алдымнан жақсы кезіктің, шырағым. D) Уһлеп, аһлап әзер жеттім. E) Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді. |
23. Септеулік шылаулы сөйлемді табыңыз. A) Сенен кейін барамын. B) Әңгімеңді кейін айтарсың. C) Кейін бәрі кеш болады. D) Кейін тұрып сөйлесіңіз. E) Мектепке кейін барамын. |
24. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзбен қандай көмекші етістік тіркесіп айтылатынын табыңыз. A) Де. B) Ет. C) Екенін. D) Баста. E) Жазда. |
25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. A) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді. B) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді. C) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді. D) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді. E) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
Қазақстан тарихы
1. Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: A) Қыпшақ B) Өзбек C) Түрік D) Алаш E) Үйсін |
2. Алаша хан кесенесі орналасқан аймақ: A) Қаратау B) Ұлытау C) Жетісу D) Түркістан E) Үстірт |
3. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: A) Айран B) Шұбат C) Қымыз D) Көже E) Қатық |
4. Кенесары кµтерілісініњ басты қозѓаушы к‰ші: A) Қазақ шаруалары B) Батырлар C) Ақ с‰йек феодалдар D) С±лтандар E) Билер |
5. 1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: A) Округті B) Болысты C) Уезді D) Ауылды E) Облысты |
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтары: A) Торғай және Жетісу B) Ақмола және Өскемен C) Жетісу және Ақтау D) Жетісу және Қаратау E) Торғай және Қарағанды |
7. «Тотемизм» дегеніміз: A) Табиғаттың тылсым күшіне табыну B) Ата-баба аруағына табыну C) Табиғатқа табыну D) Шығу тегін жануарлармен байланыстыру E) О дүние туралы түсінік |
8. Ғұн мемлекеті екіге бөлінген соң, Онтүстік ғұндар бағынған империя: A) Грек B) Парсы C) Египет D) Хань E) Рим |
9. Қарахан мемлекетінің негізін салушы: A) Иштеми қаған B) Сатұқ Боғра хан C) Бумын қаған D) Сұлу қаған E) Мұқан қаған |
10. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас жайлы айтылатын еңбек: A) «Монғолдың құпия шежіресі» B) «Шыңғыснама» C) «Диуан-и-хикмет» D) Монғол тарихы E) «Оғызнама» |
11. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: A) Абылай B) Бөкей C) Уәли D) Әбілпайыз E) Кенесары |
12. 1858 жылы наурызда Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі басталды: A) Әулиеата маңында B) Ташкент маңында C) Ақмешітте D) Пішпек түбінде E) Шымкент маңында |
13. 1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт: A) Петербург келісімі B) Шәуешек келісімі C) Азия келісімі D) Пекин келісімі E) Құлжа келісімі |
14. Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: A) Француз әскерлері B) Түркі әскерлері C) Ағылшын әскерлері D) Қытай әскерлері E) Неміс әскерлері |
15. Жаңа экономикалық саясат кезінде сауда, тауар айырбасы саласында рұқсат етілді: A) Жеке саудаға B) Салық төлемеуге C) Ірі кәсіпорындар акциясын сатып алуға D) Капиталистік елдермен сауда жасауға E) Шетке өнім шығаруға |
16. Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан қазақ батыры: A) Б.Бейсекбаев B) С.Баймағамбетов C) Қ.Қайсенов D) Р.Қошқарбаев E) Б.Момышұлы |
17. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы: A) М.Әуезов B) С.Мұқанов C) Ғ.Мүсірепов D) Ж.Шанин E) Ғ.Мұстафин |
18. Тоқырау жылдарында қазақтардың үлесі тым аз ғылым саласы: A) Гуманитарлық B) Педагогика C) Жаратылыстану D) Медицина E) Ауыл шаруашылығы |
19. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар: A) «Бұршақ-86» B) «Қарлы қыс-86» C) «Желтоқсан-86» D) «Бұрқасын-86» E) «Қайта құру-86» |
20. X ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған: A) Әл-Марвази B) Әл-Фараби C) Әл-Макдиси D) Әл-Бируни E) М.Қашғари |
21. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы маңызды шығарма: A) «Оғызнама» B) «Шыңғыснама» C) «Тарих» D) «Тарих-и Рашиди» E) «Жылнамалар жинағы» |
22. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: A) 1862 жылы B) 1866 жылы C) 1870 жылы D) 1864 жылы E) 1868 жылы |
23. Әлихан Бөкейхановтың белсене қатысуымен 1898 жылы жарық көрген құнды зерттеу: A) «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» B) «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» C) «Қырғыз» поэмасы D) «Қырғыз өлкесі» E) «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» |
24. Ішкі істер министрі Дурнов Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берді: A) 1906 жыл 10 сәуірде B) 1906 жыл 10 ақпанда C) 1905 жыл 10 желтоқсанда D) 1906 жыл 10 наурызда E) 1906 жыл 10 қаңтарда |
25. Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры ашылды: A) 1933 ж. B) 1926 ж. C) 1934 ж. D) 1927 ж. E) 1936 ж.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |