Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3160 демо ент.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Абайдың өлеңін белгілеңіз.

A) «Оян, қазақ!».

B) «Маса».

C) «Өнер-білім бар жұрттар».

D) «Ғылым таппай мақтанба».

E) «Өзен».

2. Батыраш, Қотыраштар Ақан серіге қандай қастандық жасағанын табыңыз.

A) Сүйгенінен айырады.

B) Тазысын улап өлтіреді.

C) Қыран құсын тартып алады.

D) Құлагерді мерт қылады.

E) Өзін соққыға жығады.

3. Шәкәрім Құдайбердіұлының ағартушылық бағыттағы өлеңін белгілеңіз.

A) «Насихат».

B) «Шын сырым».

C) «Ғылымға».

D) «Жастық туралы».

E) «Білімге».

4. «Қырық мысал» жинаѓыныњ авторын белгілеңіз.

A) Ахмет Байт±рсынов.

B) Шәкәрім Қ±дайберді±лы.

C) Маѓжан Ж±мабаев.

D) Міржақып Дулатов.

E) Ж‰сіпбек Аймауытов.

5. Бейімбет Майлиннің өлеңін табыңыз.

A) «Ғылым таппай мақтанба».

B) «Әнші».

C) «Сыр сандық».

D) «Жетісу суреттері».

E) «Кедейге».

6. М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз.

A) Жұмаш.

B) Асан.

C) Құрмаш.

D) Бейсенбай.

E) Қасен.

7. Қойды қалай шақыратынын белгілеңіз.

A) «Көс - көс»

B) «Ауқау - ауқау»

C) «Пұшайт - пұшайт»

D) «Шөре - шөре»

E) «Құрау - құрау»

8. Біржан салдың Сара ақынға айтқан сөзін табыңыз.

A) Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар,

Ауылында Тұрысбектің өлген жері.

B) Сөз пірім он жасымнан меңгерілген.

C) Сөйлесе бал тамызған бұлбұл тілім.

D) Тал бойым жолбарыстың жүрегіндей.

E) Найманда екі жүзді наркескенмін.

9. Мына шығармалардың қайсысы Бұқар жыраудікі екендігін табыңыз.

A) “Мұнар күн”

B) “Атам болған жиырма бес”

C) “Арғымаққа оқ тиді”

D) “Екі жақсы қас болмас”

E) “Асқар таудың өлгені”

10. С.Көбеевтің ’’Қалың мал’’ романында: ’’Құтқарамын, Тұрлығұлдай бай емеспін, қара басыма риза болсаң...’’ дегенді кім айтқанын белгілеңіз.

A) Серғазы.

B) Әлкен.

C) Жүніс.

D) Әбіш.

E) Қожаш.

11. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында қай ұлттың арасындағы жаугершілікті суреттегенін түсіндіріңіз.

A) Қазақ пен орыс.

B) Қазақ пен қырғыз.

C) Қазақ пен тәжік.

D) Қазақ пен қалмақ.

E) Қазақ пен өзбек.

12. І.Жансүгіровтің ²Күйші² поэмасында Күйші жігіттің Қарашаш қаталдығын көрген кезде тартқан күйлерін белгілеңіз.

A) ²Бозінген², ²Қорамсақ².

B) ²Атылған аққу², ²Суға кеткен².

C) ²Ақ көбек², ²Көк көбек².

D) ²Қара жорға², ²Терісқақпай².

E) ²Ер Әлінің дүлдүлі².

13. Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдаған ақынды табыңыз.

A) Қ.Мырзалиев.

B) А.Байтұрсынов.

C) Ж.Молдағалиев.

D) О.Сүлейменов.

E) Қ.Аманжолов.

14. «Алматы – менің туған қалам» атты бітпей қалған романы бар жауынгер жазушыны табыңыз.

A) Б.Момышұлы.

B) Б.Бұлқышев.

C) Т.Ахтанов.

D) Қ.Аманжолов.

E) Ж.Саин.

15. Ж.Жабаевтың айтыстарда кімнің атынан сөйлегендігін табыңыз.

A) Байлардың.

B) Билердің.

C) Халықтың.

D) Атқамінерлердің.

E) Надандардың.

16. Гогольдің ’’Ревизор’’, Шекспирдің ’’Отелло’’, ’’Асауға тұсау’’ пьесаларын аударған жазушыны белгілеңіз.

A) Ә.Кекілбаев.

B) Ж.Аймауытов.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Ә.Әбішев.

E) М.Әуезов.

17. Ғ.Мүсіреповтің психологиялық драмасын табыңыз.

A) ²Қыз Жібек².

B) ²Амангелді².

C) ²Кездеспей кеткен бір бейне².

D) ²Жапон балладалары².

E) ²Ақан сері-Ақтоқты².

18. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы.

B) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.

C) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір

құбылыстарының түйіні.

D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.

E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

19. «Қызыл жебе» романының авторын табыңыз.

A) Ә.Кекілбаев.

B) М.Мағауин.

C) Ш.Мұртаза.

D) Д.Досжанов.

E) Қ.Жұмаділов.

20. «Қорқыт ата кітабына» енген жырды табыңыз.

A) «Күлтегін» жыры

B) «Оғыз қаған» жыры

C) «Алып-Ер Тұңғаны жоқтау»

D) «Байбөрі баласы Алып Бамсы» жыры

E) Тоныкөк туралы жыр

21. Абайдың гуманистік ой-пікірін танытатын шығармасын табыңыз.

A) «Масғұт».

B) «Әзім әңгімесі».

C) «Ескендір».

D) «Оспанға».

E) «Сабырсыз, арсыз, еріншек».

22. Бір доғал, жасынан бір бетті болды,

Кекшіл қасқыр секілді кекті болды,

Сөз ұстағыш, қажырлы, сертті болды...

С.Мұқановтың қай поэмасының қай кейіпкеріне жасалған мінездеу екенін табыңыз.

A) ’’Батырақ ’’ поэмасы, кедей бейнесі.

B) ’’Ғашықтық ғаламаты’’ қыз бейнесі.

C) ’’Ботагөз’’ романы, Асқар бейнесі.

D) ’’Сырдария’’ романы, Айбарша бейнесі.

E) ’’Сұлушаш’’ поэмасы, Алтайды мінездеу.

23. Бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану қалай аталатындығын анықтаңыз.

A) Меңзеу.

B) Шендестіру.

C) Пернелеу.

D) Ауыстыру.

E) Алмастыру.

24. Адал еңбекпен өз бақытын тапқан Тыңбай атты кейіпкер Ж.Молдағалиевтің қай туындысыың кейіпкері екендігін табыңыз.

A) «Қыран дала».

B) «Аққу».

C) «Батыр туралы баллада».

D) «Егер сен от болсаң».

E) «Әлия».

25. Қалижан Бекхожиннің «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын »өлеңінен алынған:

Кеттім сенен жүйрік жылдар өтті деп,

Тауға тарттым, миуалары тәтті деп.

Ақбас ақын атандым да, не пайда,

Балалығым қалды сенде, Тәттімбет! – үзіндінің мәнін ашыңыз.

A) Балалық шаққа деген сағыныш сезім

B) Туған жерден алыстағы ақынның перзенттік парызын сезінуі

C) Балалық шақтағы ақын арманы

D) Туған жерін атақты күйші Тәттімбетпен байланыстыра суреттеу

E) Бүгінгі ақындық пен кешегі балалықтың үзілмейтін іңкәрлігін түйсіну

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]