
Биология
1. Өлі табиғатқа жатады: A) Өсімдік. B) Жануар. C) Адамдар. D) Тау жыныстары. E) Бактериялар. |
2. Адам және жануарлардың ішек жолында паразиттік тіршілік ететін біржасушалы жәндік A) Жасыл эвглена B) Қантышқақ амеба C) Кәдімгі амеба D) Безгек паразиті E) Кірпікшелі кебісше |
3. Сыртқы секрециялық бездер A) Бүйрек үсті B) Жас, сілекей C) Ұйқы D) Жыныс E) Қалқанша |
4. Дәнекер ұлпасының бір түрі. A) Сілекей. B) Сүйек. C) Тер. D) Жас. E) Сүт. |
5. Лимфада болатын лейкоциттер. A) Эритроциттер. B) Фагоциттер. C) Тромбоциттер. D) Лейкоциттер. E) Лимфоциттер. |
6. Сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушаның қосылуы. A) Бөліну. B) Тозаңдану. C) Ұрықтану. D) Ұрық жапырақшасы. E) Даму. |
7. Өсімдікке түрлі түс беретін пластидтер A) Хлоропластар. B) Лейкопластар. C) Грана. D) Хромопластар. E) Хроматофор. |
8. Суды аз буландырады. A) мұртша жапырақ B) қабыршақ жапырақ C) тікен жапырақ D) шырынды жапырақ E) бунақ денелерді ұстау құралына айналған жапырақ |
9. Тұқым кіндігі дегеніміз- A) Тұқымжарнағы. B) Қауызы. C) Ұрық. D) Бүршікше. E) Тұқымның жеміске бекінген жері. |
10. Улы саңырауқұлақтар A) боз арамқұлақ. B) түлкіжем. C) майқұлақ. D) ақ саңырауқұлақ. E) ашытқы саңырауқұлағы. |
11. Картоптың көбеюі A) Көзшелі түйнек B) Сабақ C) Тамыр D) Қалемшелеу E) Тамырсабақ |
12. Алқа тұқымдастарға жататын улы өсімдіктер. A) Шырайгүл, қызылқұлақ. B) Қара алқа, итжүзім. C) Қара меңдуана, сасық меңдуана. D) Лазы, қызыл бұрыш. E) Гүлшетен, лаванда. |
13. Дафния: A) Шаянтәрізділердің өкілі. B) Көпаяқтылардың өкілі. C) Бунақденелілердің өкілі. D) Буынаяқтылардың өкілі. E) Өрмекшітәрізділердің өкілі. |
14. Адамның жыныс жасушаларындағы хромосомалар саны A) 23 B) 22 C) 48 D) 27 E) 46 |
15. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйе A) Дыбыс жолдары B) Құлақ қуысы C) Жарғақ D) Құлақ қалқаны E) Шытырман |
16. Бауырдағы өт сөлі мүшелер жүйесіне қолайлы әсер етеді: A) Көбеюге. B) Тыныс алуға. C) Зәр шығаруға. D) Жүйке жүйесіне. E) Асқорытуға. |
17. Ферменттердің басқа ақуыздардан айырмашылығы A) Қозғалыс қызметін атқарады B) Аминқышқылдарынан тұрады C) Рибосомаларда синтезделеді D) 20 әртүрлі аминқышқылдарынан тұрады E) Химиялық реакциялардың катализаторы |
18. Оттексіз ортада тіршілік ететін ағзалар A) Аэробты B) Синтез C) Тынысалу D) Анаэробты E) Газ алмасу |
19. Топырақ ортасында тіршілік ететін ағзалар A) Гидробионттар B) Эндобионттар C) Аэробионттар D) Эдафобус E) Биотоп |
20. Шала түрленіп дамитын бунақдене A) Ара B) Қоңыз C) Шегіртке D) Шыбын E) Маса |
21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік: A) Тамыр B) Спора C) Микориза D) Таллом E) Ризоид |
22. Эпидермис қабатын түзетін ұлпа A) Дәнекер B) Тірек C) Бұлшықет D) Жүйке E) Эпителий |
23. Цитоплазманың түпнегізі. A) Гольджи жиынтығы. B) Лизосомалар. C) Гиалоплазмалар. D) Ценриольдер. E) Митохондриялар. |
24. Алыстан будандастыру әдісімен дүние жүзінде алғаш алынды A) Қырдың қызыл сиыры B) Көшім жылқысы C) Қазақтың ақбас сиыры D) Қостанай жылқысы E) Арқар-меринос қойы |
25. Адам эволюциясының негізгі факторы. A) Қоғамдық, биологиялық. B) Генетикалық, химиялық. C) Биологиялық, химиялық. D) Экономикалық, генетикалық. E) Қоғамдық, экономикалық.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |