
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Әрі жуан, әрі қысањ дауысты дыбысты анықтаңыз. A) А. B) Ы. C) О. D) ¤. E) ‡. |
2. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз. A) П, ц, ч, з. B) Ш, щ, ф, й. C) Х, с, ж, р. D) Т, ф, в, х. E) К, қ, т, с. |
3. Етістіктен болған туынды зат есімді табыңыз. A) Талапты. B) Адалдық. C) Тарақ. D) Ойшыл. E) Қабақ. |
4. Қайталама қос сөздер қатарын табыңыз. A) Тез-тез, қайта-қайта. B) Таудай-таудай, аппақ. C) Үгіт-насихат, жап-жаңа. D) Бақытты-бақытсыз, қосаяқ. E) Мәдени-ағарту, өзінен-өзі. |
5. Сөйлемге тән тыныс белгіні қойыңыз. Теміртау қаласының атағы немен шыққан A) Нүкте. B) Леп белгісі. C) Үтір. D) Сұрақ белгісі. E) Көп нүкте. |
6. Сөйлем соңында келген қыстырманы табыңыз. A) Бұларыңызға мен де қосыламын, әрине. B) Әйтеуір, жақсыңды асырып бағамыз. C) Жақсы ағаның өкіріп жылағанын көрмесем, бәлкім, келісіп қалар ем. D) Не дәурен өтті деп, сірә, ешкім мазаламағанға ұқсайды. E) Бір қызығы, осында келгенімді ешкім көрген жоқ. |
7. Тұрақты тіркесті табыңыз. A) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. B) Адал достық алтыннан қымбат. C) Тонның ішкі бауындай. D) Олақтан салақ жаман. E) Өнерлі өрге жүзер. |
8. Басқа тілден енген сөзді табыңыз. A) Көрші. B) Жаз. C) Арқар. D) Пән. E) Өгіз. |
9. Орфоэпиялық заңдылық бойынша жазылған сөзді табыңыз. A) Әңгімеңді айтып бол. B) Қара ғазан, сары бала ғамы үшін қылыш серместік. C) Шопан үйге келді. D) Өзен жағасы - қалың қамыс. E) Қой қораға қамалды. |
10. Көмекші есімді қатарды табыңыз. A) Үй маңында басқа байлық көрінбейді, туырлық орнына ши ұстап қойыпты. B) Сонау қырқада бұлдырап бара жатқан шоғырмақ – Олжабектің көші. C) Мүсәпір екеуміз Қарсақтың үйіне де барып жүрдік. D) Бұл үйдің есігі өзгеден көбірек ашылатындығы осыдан болар. E) Күн ұясынан жаңа ғана шыққан, аспан шайдай ашық. |
11. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Біреудің бойы аласа, Біреудің ойы аласа. A) Баяндауыш. B) Толықтауыш. C) Пысықтауыш. D) Бастауыш. E) Анықтауыш. |
12. Салт етістікті табыңыз. A) Ора. B) Байла. C) Арқала. D) Сүрт. E) Кел. |
13. Үстеудің мағыналық түрін табыңыз. Басқалары сығырайған көздерін әрең ашады. A) Мезгіл. B) Мақсат. C) Сын-қимыл. D) Мекен. E) Себеп-салдар. |
14. Демеулік шылаулы сөйлемді белгілеңіз. A) Жүріс-тұрысы келісті еді. B) Үлкен тұрсын жастар да жайғасыпты. C) Тұрсын үсті-басын таза ұстайтын. D) Шуақты жаз жалғаса тұрсын. E) Осы өңірде бола тұрсын. |
15. Көсемше тұлғалы күрделі сөзді белгілеңіз. A) Келген екен. B) Келе сал. C) Келу – мұрат. D) Келгісі келді. E) Келер жол. |
16. Көсемшеден болған бірыңғай мүшелерді белгілеңіз. A) Сәскеден түске шейін тойханада болған сұхбат, қызық, ермек ұмыт болды. B) Тост көтеру, әзілдесу, ән салу, өлең айту, күресу артта қалды. C) Араларында екі-ақ адамның жүріс-тұрысы жат, бейілі бөтен еді. D) Сандалкөк бара-бара бауырын жазып, дестелей арындап, қаңғып, қара үзіп кетті. E) Бірі – Керімберді шал да, екіншісі – оның он үш жасар ұлы Бортай-ды. |
17. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. Алматыда жолыққан. A) Толымсыз. B) Жақсыз. C) Атаулы. D) Салалас. E) Толымды. |
18. Құрмалас сөйлем түрін ажыратыңыз. Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. A) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. B) Ыңғайлас салалас. C) Қарсылықты салалас. D) Себеп бағыныңқы сабақтас. E) Шартты бағыныңқы. |
19. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз. A) А.Байтұрсынов. B) Б.Адамбаев. C) М.Жұмабаев. D) Ә.Кекілбаев. E) С.Сейфуллин. |
20. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз. A) Аз сөйлесең де, саз сөйле. B) Ердің екі сөйлегені - өлгені. C) Адал еңбек елге жеткізер, арам қулық елден кеткізер. D) Асыл - тастан, өнер - жастан. E) Әркімнің өзі шығар биігі бар. |
21. Салыстырмалы шырайды белгілеңіз. A) Аса қоңыр. B) Қоңыр. C) Қоп-қоңыр. D) Қоңырқай. E) Тым қоңыр. |
22. Араб цифрымен берілген сан есімдерден кейін дефис қандай қосымшалардың орнына қойылатынын анықтаңыз. A) -ған, -ген, -қан, -кен. B) -ыншы, -інші, -ншы, -нші. C) -деп, -дап. D) -лық, -лік, -дық, -дік. E) -ып, -іп, -п. |
23. Көмекші етістікпен келген еліктеу сөзді табыңыз. A) Алба-жұлба. B) Анда-санда келіп тұр. C) Үйді-үйімізге тараймыз. D) Құрт-құмырсқа көп. E) Жалп-жалп етті. |
24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз. A) Бурабай – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. B) Біраздан соң, Базаралы өзі де шешіле түсіп, Абайдың саушылығын сұрастырды. C) “Жасу, жабырқау – халық мінезі емес,- деп ойлады Ыбырай, – ерлік, ізгілік қана халық мінезі”. D) “Қозы Көрпеш” жыры қай заманда шықса да, Жетісу топырағында туған сияқты. E) Сабыр түбі – сары алтын. |
25. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз. Жастар – біздің болашағымыз. A) Бастауыш, баяндауыш – сын есім. B) Бастауыш та, баяндауыш та – зат есім. C) Бастауыш – есімдік, баяндауыш – сын есім. D) Бастауыш та, баяндауыш та – сан есім. E) Бастауыш – есім, баяндауыш – есімдік.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
Қазақстан тарихы
1. Ең ежелгі адамның еңбек құралы: A) Қазғыш таяқ B) Бумеранг C) Болас D) Найза E) Садақ |
2. XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы: A) «Қасым ханның қасқа жолы» B) «Жеті жарғы» C) «Жасақ» D) «Шежірелер жинағы» E) «Есім ханның ескі жолы» |
3. Абылай хан жерленген қала: A) Созақ B) Тараз C) Ташкент D) Сығанақ E) Түркістан |
4. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда тұңғыш қоғамдық кітапхана ашылды: A) Ақмолада B) Ақтөбеде C) Петропавлда D) Семейде E) Өскеменде |
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Қарқарадағы жетекшілерінің бірі: A) А.Иманов B) С.Сейфуллин C) Ж.Мәмбетов D) Ә.Бөкейханов E) М.Дулатұлы |
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны: A) 800-ге жуық B) 900-га жуық C) 700-ге жуық D) 500-ге жуық E) 600-ге жуық |
7. Үйсіндердің тұрақты үйлері орналасқан жер: A) орман арасында B) тау ортасында C) жазық жерлерде D) тау бөктерінде E) өзен аңғарларында |
8. Оғыздарда жабғу әйелдеріне берген атақ: A) «патшайым» B) «бәйбіше» C) «қатын» D) «әйел» E) «ханым» |
9. Жібек жолы арқылы Рубрук барып қайтқан мемлекет: A) Қытай B) Иран C) Монғолия D) Ирак E) Ауғанстан |
10. Белгілі ғалым, «Әлемнің екінші ұстазы» Әл-Фараби өмір сүрген жылдар: A) 1011-1025 жж. B) 870-960 жж. C) 870-970 жж. D) 970-1010 жж. E) 870-950 жж. |
11. Әмір Темір 1371-1372 жж. әскерін жорыққа аттандырды: A) Моғолстанға B) Алтын Ордаға C) Ноғай Ордасына D) Әбілқайыр хандығына E) Ақ Ордаға |
12. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы: A) В.Веселовский B) П.Рычков C) Я.Гуляев D) Д.Гладышев E) И.Муравин |
13. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: A) Сырым B) Есет C) Махамбет D) Исатай E) Кенесары |
14. «Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы: A) Оболенский B) Басарин C) Одоевский D) Батеньков E) Лунин |
15. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі: A) Сауда байланысын дамыту B) Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы C) Қоқан, Хиуа хандығына қарсы күресте одақ болу D) Жайылым жерлерді пайдалануды талап етті E) Астық және өнеркәсіп тауарларын қазақтарға жеткізуді қамтамасыз ету |
16. 1917 жылы құрылған тұңғыш мұсылман партиясы: A) «Алаш» B) «Кадеттер» C) «Ақ жол» D) «Түркістан федералистер партиясы» E) «Большевиктер» |
17. Қазақстандағы аштық туралы 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды: A) Қ.И.Сәтбаев B) Ғ.Мүсірепов C) С.Сәдуақасов D) Т.Рысқұлов E) А.Байтұрсынов |
18. 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына іргелес аудандағы енгізілмек болған облыстар: A) Алматы, Қарағанды, Көкшетау B) Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола C) Семей, Ақтау, Қарағанды D) Көкшетау, Павлодар, Алматы, Қарағанды E) Павлодар, Алматы, Қарағанды |
19. 1991 жылы 8 желтоқсанда үш славян мемлекетінің басшылары бас қосты: A) Минскіде B) Мәскеуде C) Киевте D) Алматыда E) Ашхабадта |
20. XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас созылды: A) 5 жылға B) 30 жылға C) 15 жылға D) 20 жылға E) 10 жылға |
21. Қасым хан билік құрған кезде Қазақ хандығы сауда, дипломатиялық байланыс жасады: A) Батыс Еуропа елдерімен B) Араб елдерімен C) Иранмен D) Шығыс елдерімен E) Еділ бойындағы елдермен |
22. 1812 жылы шілденің 6-сы күні Наполеонмен соғыс қаупі туралы І Александрдың манифест-үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: A) 1812 жылы шілдеде B) 1812 жылы тамызда C) 1812 жылы қазан-қарашада D) 1812 жылы қыркүйекте E) 1812 жылы желтоқсанда |
23. 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңында 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі кәсіпорын: A) Балқаш металлургия комбинаты B) Байқоңыр көмір кеніші C) Даубай кеніші D) Өскемен алтын комбинаты E) Риддер түсті металлургия өнеркәсібі |
24. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: A) 1945 ж. B) 1948 ж. C) 1947 ж. D) 1949 ж. E) 1946 ж. |
25. Қазақ КСР-ның Тіл туралы заңы қабылданды: A) 1986 ж. 22 тамызда B) 1988 ж. 7 қазанда C) 1991 ж. 16 желтоқсанда D) 1989 ж. 22 қыркүйекте E) 1990 ж. 28 қаңтарда
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |