Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5164 демо ент.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
739.33 Кб
Скачать

Казахский язык

1. Дыбыстарға жатпайтын әріптерді анықтаңыз.

A) ъ, ь.

B) у, й.

C) ы, э.

D) ю, я.

E) һ, щ.

2. Түбір сөздерді табыңыз.

A) Күйші, биші, өнері.

B) Өндірісі, саяси, зәулім.

C) Бастық, құжат, төлем.

D) Әнші, суретші, қаржы.

E) Іні, аға, көке.

3. Атау септігінің сұрағын табыңыз.

A) Кімнің?

B) Кім? Не?

C) Кімге? Неге?

D) Кімді? Нені?

E) Кіммен? Немен?

4. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.

A) Кім? Не? Кімдер? Нелер?

B) Қанша? Неше? Нешінші?

C) Қайтіп? Не істеп отыр?

D) Қалай? Неге?

E) Не істеді? Не қылды?

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.

A) Мұзафар Әлімбаев.

B) Шотаман Уәлиханов.

C) Жандарбек Мәлібекұлы.

D) Шәкен Ниязбеков.

E) Қадыр Мырза-Әлі.

6. Қыс айларын табыңыз.

A) Наурыз, сәуір.

B) Мамыр, қыркүйек.

C) Қазан, тамыз.

D) Маусым, шілде.

E) Қаңтар, ақпан.

7. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

A) Алаң, ал, алды.

B) Адал, арам, азат.

C) Аспан, көк, әуе.

D) Ту, жалау, елтаңба.

E) Жетім, жесір, жігіт.

8. Антоним болмайтын сөздерді табыңыз.

A) Әлсіз-жақын.

B) Терең-таяз.

C) Ақылды-ақымақ.

D) Жарық-қараңғы.

E) Биік-аласа.

9. Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталатын сөз қатарын анықтаңыз.

A) Тіл, көз, қол.

B) Шелек, кітап, құлақ.

C) Жұлдыз, аспан, теңіз.

D) Ардақ, асыл, биік.

E) Оқушы, мұғалім, тақта.

10. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.

A) Та-у-сыл-май-тын.

B) Таус-ыл-ма-йтын.

C) Таусыл-ма-йтын.

D) Тау-сылм-ай-тын.

E) Тау-сыл-май-тын.

11. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

A) -дар, -дер, -тар, -тер.

B) -ға, ге, -қа, -ке.

C) -дың, -дің, -тың, -нікі.

D) -ны, -ні, -ды, -ді.

E) -мен, -бен, -пен.

12. Негізгі түбірден тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Қамқоршы.

B) Дарын.

C) Достас.

D) Барлық.

E) Мемлекеттік.

13. Қазақ тілінде неше сөз табы бар екенін анықтаңыз.

A) 5

B) 6

C) 10

D) 7

E) 9

14. Сын есімнің жай шырайын көрсетіңіз.

A) Сарғыш.

B) Өте қиын.

C) Төзімді.

D) Қап-қара.

E) Ауырлау.

15. Етістіктің рай түрін белгілеңіз.

A) Ашық, тұйық.

B) Шартты, болымды.

C) Шартты, қалау.

D) Қалау, болымсыз.

E) Бұйрық, бітеу.

16. Септеулік шылаулар тобын анықтаңыз.

A) түгіл, емес

B) және, әрі

C) немесе, бірақ

D) арқылы, туралы

E) ма, ме

17. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен дүкеннен жаңа … сатып алдым.

A) Дәптерде.

B) Қаламның.

C) Көйлек.

D) Сабақ.

E) Үй.

18. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Қап.

B) Біріншіден.

C) Тәйт.

D) Алақай.

E) Әй.

19. Дұрыс құрылған сөйлемді анықтаңыз.

A) Әсем менің қандай жерім туған!

B) Жерім туған қандай менің әсем!

C) Менің қандай туған әсем жерім!

D) Туған әсем қандай жерім менің!

E) Менің туған жерім қандай әсем!

20. Мақалды аяқтаңыз.

Елдің көркі – елімен,

Отан көркі – … .

A) Көркімен.

B) Халқымен.

C) Шөбімен.

D) Көлімен.

E) Жерімен.

21. Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.

A) Көпір, көсеу.

B) Көкпар, көкек.

C) Көлік, көңіл.

D) Көмбе, көкжал.

E) Көкпар, көкөніс.

22. Тиісті есімдікті қойыңыз: «... үйім, өлең төсегім».

A) Сенің

B) Неше

C) Өз

D) Ешқашан

E) Әрбір

23. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.

A) Лық толы халық.

B) Орынсыз сұрақтар қоюға болмайды.

C) Түрінен ештеңе байқап болмайды.

D) Самат мені таныды.

E) Баланы жаман үйретпеу керек.

24. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

A) Қарсылықты.

B) Ыңғайлас.

C) Кезектес.

D) Талғаулы.

E) Түсіндірмелі.

25. Жекіру одағайын анықтаңыз.

A) Алақай.

B) Бәрекелді.

C) Шіркін.

D) Пай-пай.

E) Тәйт.

ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

ЗАВЕРШЕН

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]