
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
Аңыз әңгімелер.
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
Қорқыт (VIII-IX ғғ.) оғыз қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды» дейді В.В. Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын ұл шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «Өтірік сөз өрге баспайды».
Қорқыт ата оғыз қыпшақ ортасындағы саяси- әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн- жоралғыны, салт- дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш- қонын, мекен- тұрағын, ен- таңбасын, ұран- ұжымын белгілеп отыратын білгір.
Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі XV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан Дрезден нұсқасы, екіншісі Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.
Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді.
Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
- Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр,
- Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,
- Оғыз қаған жыры т.б.