Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.02.2020
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Күлтегін жырының маңызы

Күлтегін жыры, париоттық рух беретін батырлық жыры. Мәтінінің негізі Түркі ұлтының тек тарихы ғана емес Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші жазудың 27-ші бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы 27-ші бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның "Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліп-тіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған болғанда" сөздері жазылған. [1, 177-б]

Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді.

Қазіргі уақытта Күлтегінге арнап қойылған ескерткіш мәтіні жазулары 732 жылы, Білге қағанға арнап қойылған құлыптасындағы жазу 735 жылдары жазылғандығы, басқа да Орхон – Енисей ескерткіштеріне жататын көптеген құлыптас жазулардың 716-735 жж. аралығында жазылған деп жорамалдауда.

Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниеге түркі тектес халықтар ғана емес, сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда. Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

Көне түркі жазулары

  1. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын.

  2. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

  3. Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

  4. Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері.

Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады

  1. Көне Түркі жазуларының мазмұны. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағрапиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған. Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады. Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

5.Қорытынды.1. Жырдағы айтылған ой қазіргі өмірге сәйкес келе ме?

  1. Кеше ғана басымыздан өткен бодандықпен қиыса ма?

  2. Ел бірлігін, татулығын сақтау үшін қасық қанын аямай күрескен қандай батырларды білесіздер?

6.Үйге тапсырма. 1. Жырдың толық нұсқасын оқу, мазмұндау

2. Жырдағы түсініксіз сөздердің мағынасын жаттау.

3. Өлең құрылысына талдау жасау.

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты:1. Оғыз әдебиеті нұсқалары жайлы мәліметтермен таныстыру. Бұл дәуір әдебиетінің көрнекті нұсқасы «Қорқыт ата кітабы» туралы білімдерін кеңейту.

2. Тәрбиелік маңызына талдау жасата отырып, ел есімінде мәңгілік қалған тарихи тұлғаларды дәріптеуге, үлгі- өнеге алуға шақыру. 3. Қорқыттың нақыл сөздеріне талдау жұмыстарын жүргізу негізінде қазақ мақал- мәтелдерімен салыстыру, ұқсастықтарын анықтату. Нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін таныту.

Сабақ түрі: дәріс сабағы

С.технологиясы: Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы»

Сабақ әдісі: мәнерлеп оқу, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс. Музыка: Қорқыт күйлері. Тарих.

Қолданылатын әдебиеттер: 1.Қазақ әдебиеті.8-сынып. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубаева. Алматы «Мектеп» 2004. 2. Қорқыт ата кітабы. Алматы, «Жазушы» , 1986,1994. Аударғандар: Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов.

3. Ә.Марғұлан. Ежелгі жыр- аңыздар. Алматы , «Жазушы» 1985 .

С.барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. IIҮй тапсырмасын сұрау . 1.Үйге берілген орхон екерткішінің толық нұсқасының мазмұнын сұрау, қорытындылау.

2. Жырдағы түсініксіз сөздердің мағынасын жатқа сұрау.

3. Өлең құрылысына жасаған талдау жұмыстарын тексеру.

ІІ Жаңа теориялық білім беру .

Ой шақыру. 1. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз?

2. Қорқыт ата туралы не білеміз? (оқушылар білімен ортаға салу)

Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер