Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Сабақ №11 Күні:16.02.12

Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Т.Ахтановтың өмірі мен әңгімесін оқыта отырып, білім-білік дағдыларын арттыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, таным-түсініктерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

б) тәрбиелік: Сауатты жазып, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, түртіп алу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар,мултьтимедия, плакаттар

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Қолданылатын әдебиеттер: Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ЫСБН 978-601-282-175-8

Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ЫСБН: 978-601-01-0268-2

“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010.ЫСБН 9965-26-096-6

Сабақтың барысы :

I Үйымдастыру кезеңі. Cәлемдесу. Түгелдеу. Оқушы назарын сабаққа аудару.Педагогикалық талап қою, психологиялық дайындық.

II Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Кейіпкерлері арқылы мазмұнын шығарып талдау.

Бақтығүл кім? Қараш-қараш оқиғасында қандай әрекеттері мен көрінеді?

Сәлмен қандай адам болып көрінеді?

Жарасбай Бақтығұлды өзіне жаны ашып жақындатты ма?

III Үй тапсырмасын қорытындылау. Осы шығармада жазушының айтайын деген ойы, идеясы қандай?

М. Әуезов ...

IV Жаңа сабақ.

Түртіп алу әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Қосымша мәліметтер: Тахауи Ахтанов

Дүниеге келгені: Тахауи Ахтанов (1923-1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған.

Білімі, алғашқы өлеңдері

1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.

Шығармалары:

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды