
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
6.Салыстыру жұмыстары
Сұраншы батыр |
ұқсастықтары |
Қобыланды батыр |
|
|
|
7. Өлеңнің мәні мен мағынасына талдау жасау
Қорытынды. «Сұраншы батыр» дастанының тәрбиелік маңызы неде?
Қандай тарихи тұлғалар туралы мәліметтер алдыңыздар?
Қарасай баба туралы не білесіңдер?
Үйге тапсырма: 1. «Сұраншы батыр» дастанының толық нұсқасын оқу.
2.Қарасай, Сұраншы батыр туралы буклет, реферат дайындау
3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
Күні:19.01.12
Сабақтың тақырыбы: «Жүз жасаған бәйтерек»» ( Шығарма)
Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиетінде дәстүрлі ақындық-жыраулық поэзияны дамытушы Жамбыл Жабаев шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау.Қазақ поэзиясының адамгершілік мұраттарының жаңа мазмұнға сай дамытушы, айтыскер, патриот ақын екендігін таныту.
Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Олардың еркін жазу шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақ түрі: шығармашылық сабақ
С.әдісі: жазбаша
Қолданылатын әдебиеттер: ақын өмірі мен шығармашылықтары жайлы жазылған пікірлер, шығармалар, мақалалар.
Сабақ №13
Күні:29.12.11
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қорытынды жасау.
Өзіндік ой пікірлерін білдірте отырып, көркем шығармаға баға беруге, сыни көзбен қарауға баулу,төселдіру.
Шығармашылық жазу қабілеттері жақсы оқушыларды марапаттау
Сабақ түрі: коррекциялық сабақ (бағалау сабағы)
Әдістері: мәнерлеп оқу, ауызша, пікірталас,
Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі. ІІ үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау
Атқарылатын жұмыстар: 1. Шығармаларын мәнерлеп оқыту
2.Сыныптас жолдастырының пікірлерін тыңдау.
3. Бағалау
Шығарманы бағалауда ескерілетін жағдайлар:
а) жазған шығарманың тақырыпқа сәйкестігі
б) мазмұндылығы мен идеялығы
в) көркем материалдарды пайдалану деңгейлері
г) өзіндік ой-пікірлері, қорытындылаулары
Қорытынды: 1. Жамбыл Жабаев шығармаларының құндылығы неде? Топтастыру
2.Шығармаларының ерекшеліктері қандай?
3. Тәрбиелік маңыздары
4. Ақын шығармаларынан алған сіздердің әсерлеріңіз?
Үйге тапсырма: «Сұраншы батыр» дастанынан келтірілген үзіндіні жаттау.
Сабақ №14
Күні:30.12.11
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқыған шығармаларды талдау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көркем шығармаға, төл әдебиетімізге деген қызығушлықтарын ояту.
Әдеби шығармаларды оқуға баулу. Тіл байлықтарының молаюларына жағдай жасау. Оқыған көркем шығармаларының тәрбиелік маңызы мен автордың айтпақ болған идеясын тануға жетелеу
Сыныптан тыс оқыған шығармаларын талдау негізінде әдеби шығармаларымызды бағалауға , өзіндік тәлім-тәрбие алуға баулу.
Сабақ түрі: өзіндік іздену немесе көркем шығарманы талдау сабағы
Сабақ әдісі: мазмұндау, талдау,пікіралмасу, бағалау, қорытындылау
Сабақ барысы: І ұйымдастыру кезеңі
ІІ сыныптан тыс оқыған көркем шығармаларын талдау кезеңі
Атқарылатын жұмыстар:
1. Оқыған көркем шығармаларының мазмұнын мазмұндату.
2.Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтату
3. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасату
4. Шығарманың тәрбиелік маңызын анықтату
5. Өздері оқыған шығармаларынан алған әсерлері сұрау
Қорытынды: 1. Сыныптан тыс көркем шығармаларды оқудағы мақсат неде?
Үйге тапсырма: жыл бойы өткен тақырыптарды қайталау
Тақырыбы: Сұраншы батыр.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) Жыр алыбы – Жамбыл шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру.
ә) Сұраншы батыр туралы деректермен таныстыра отырып, батырдың тарихи тұлға екеніне тоқталу
Дамытушылық: оқушылардың өз пікірін ашық, еркін айтуға төселдіру, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Тәрбиелік: туған жерді сақтау және оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру, оқушының тұлғалық ерекшелігін дамыту.Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сахналау, айтыс, өлең оқу.
Жамбылдың өмірдерегі
Бір оқушы Жамбылдың өмірбаянынан мәлімет береді.
Сахналық көрініс. Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы.
Жамбыл:
- Өлеңім келді жол шегіп,
Осынау елге алыстан
Түн болды үйге ен дейтін
Табылмай тұр таныс жан.
Ардақты үйдің иесі
Рұқсат ет кіруге
Бата бер менің жырыма
Қуат етіп үніңе.
Көңілін тапсын елімнің
Жар болда өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп.
Сүйінбай: - Қош келдің, бозторғайдай әнші құсым! Сүйінбай сені құшақ жайып қарсы алады. Кел, кел, қарағым! Көзің отты, түлеп ұшқан мұзбалақ ұлармысың әлде...
- Ассалаумағалейкум, ата!
- Уағалейкүмассалам, балам! Төрлет, жоғары. Сенің өлеңінде от бар, ал домбыраңның үнінен шымырқанған шабыт байқалады. Жырыңа лайық тартуымды ал, балам (шапанын шешіп Жамбылға жабады). Ал балам, атаңның сыйы – еліңнің сыйы болсын. «Жақсы сөзді ел жаттар, ел жаттар сөзде салмақ бар» деген. Осы сапарға шыққанда кімнен бата алып едің?
- Сүйеке, әкем өлеңді жек көреді. Сол үшін талай таяқ та жедім. Ол менің ақын болуыма қарсы. Сондықтан маған батасын берген адам тарту – таралғыдан мақұрым қалары хақ. Сол себепті өз шапаныңызды өз иығыңызға жапсам деп тұрмын. Маған батаңызды беріңіз.
- Ұлым, мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білемін, сен туралы да естігенмін. Сен маған бүгін өз жырыңды сыйладың, соның өзі жетіп жатыр. Қолыңды жай мен батамды берейін.
Домбыра – садақ та, өлең – жебе, ақылмен пайдалана білгейсің.
Шын ақынның ар-ұяты өлеңде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың.
Ақылмен іс қылғайсың. Әділ де батыл бол. Сенің өлеңің халқыңа медет берсін, ісің өнеге болсын!
Сұраншы батыр.
Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандары күрделі дастандар қатарына жатады.
Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан «Сұраншы батыр» дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл «Сұраншы батырды» таң атқанша жырлаған екен.
Сұраншы – тарихта болған адам, Жетсу халқының мүддесін корғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан – қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады .
Сол кездегі Сұраншы батырдың бейнесін, батырлық тұлғасын даралауда ақын өте шеберлік көрсеткен. Оның жауға қарсы соғысы да ақындық шабытпен шынайы суреттеледі. Арыстандай ақырған азулы жауға қарсы түлкідей айлалы болу керек екенін өсиет еткен Сұраншы батыр Қарасай батырдың соғыстағы амал - тәсілдерін қолдана отырып, жауды жеңіліске ұшыратады.
«Сандар сыры» Ту бейнелі плакатта күн жүйесімен орналасқан сандарға мағлұмат беру.
1846, 13, 16, 1913, 1936, 1941, 1945, 1986, 12, 1991, 1996, 2006.
«Таза тақта» ойыны. Тақтада тақырып бойынша жазылған сандарды сүрте отырып, тақтаны тазалау.
Жамбыл тұрған үй
Киев қаласындағы Жамбыл көшесінің ашылуы
Парктегі Жамбыл
Жамбылдың музейі
Қарағанды қаласындағы Жамбылға қойылған ескерткіш
Астана қаласындағы Жамбылға қойылған ескерткіш