
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
Соғыспақ боп патшамен
Қапалдан тосып бiр шықты (204-б) – деп баяндалатын әрекетi дәлел. Сонау батыстан келген жау Алматыдан асып, Қапал өңiрiне жеткенiн осыдан байқаймыз. Бұл жағынан алғанда дастанның танымдық та мәнi зор екендiгi көрiнедi. Оның қорғансыз елге жасап келе жатқаны – көпе-көрнеу зорлық-зомбылық.
Орыс әскерлерiнiң зеңбiрегiнен жеңiлiс тапқан Құдияр хан қайтар жолда қазақ ауылдарын талқандап, бiлгенiн iстейдi. Киiз үйлердi өртеп, мал-мүлiктерiн тонап әкетедi. Қыз-келiншектерiн зорлап, бесiктегi балаға дейiн өлтiрiп тастаудан тайынбайды. Сөйтiп олардың қазақтарға көрсеткен зорлық-зомбылығы тiптi шектен тыс асып кеткен.
Осындай жағдайда ен өлкеде бет-бетiмен жүрген көшпелi жұрттың басқыншы жауға қалай қарсы тұрамыз деп жанталасуы заңды. Сөйтiп қоқандықтар бер жақтағы ауылдарға кезектi бiр зобалаң әкелген кезде, жәбiр көрушi жұрттың есiне алыстағы Сұраншы түседi де, тау баурайындағы жас батырға дереу хабар жiбертедi.
Арыстан жүрек Сұраншы
Шыңда жатыр алыста.
Оны шыңға шығарған –
Қонысы жоқ, қол қысқа (208-б). Бұл шумақтан жас батырдың қолы қысқа екендiгi, бiрақ соған қарамай, атағы атырапқа жайылып үлгергенi байқалады. Әйтпесе оны шабылған елдiң адамдары iздеп әлекке түспес едi.
Күшi өздерiне қарағанда әлдеқайда басым жауға қарсы шығып, жеңiске жету – оңай шаруа емес. Өзi ұйымдастырған жасақтың бетке ұстар азаматтарын жинап алып, ақылдасқан кезде, Сұраншының естiгенi – қолдау емес, қаймығу рәуiштi сөздер едi. Бұндай солқылдақ пiкiр жолбарыстай жүректi жас батырды қайдан қанағаттандырсын? Оның ер рухты шешiмтал адам екендiгiн сездiретiн деталь – қасындағы ақыл айтушылардың солқылдақ сөздерiне құлақ салмай, бiрден жауға шабуыл жасауды қолға алуы. Сұраншының шын мәнiндегi батыр екендiгiн бiлдiретiн шабуыл әрекеттерi – дастандағы бояуы жарқылға толы айшықты эпизодтар.
Көп заманнан бергi тыңдарман мен оқырманның жадында қалғаны – басқа емес, Жамбылдың суреттеуiндегi Сұраншы. Аз сипаттаумен-ақ батырдың бейнесi мүмкiндiгiнше толық ашылған деуге болады. Ол қандай жағдайда да шапшаң шешiм қабылдайтын шалымды, ойлағанын дереу жүзеге асырып тастайтын оралымды әрi сол әрекеттерiнiң қай-қайсысы да ақылға негiзделген естi адам. Ырғалып-жырғалып өмiр сүретiн көшпелi қазақтың жайбарақаттығы оған жат. Өйтпесе және болмайды. Өйткенi айналаны өрт қаптаған жаугершiлiк заман. Қыр елiнiң самарқаулық дендеген психологиясы, шарасыз хал-ахуалы мұндай уақыттарда жеңiске жетелейтiн фактор ретiнде көрiне алмайтындығын Жамбыл жақсы сезiне отырып, батырдың бейнесiн уақыт шындығына сай өз деңгейiнде әсерлi сомдауға мән берген. Осы арада ақынның фантазиясының мықтылығымен бiрге суреткерлiк қабiлетiнiң де қуаты айқын көрiнедi.
Өмiрде болған шынайы оқиғаларды суреттей отырып, ақын өзiне дейiнгi халық поэзиясының көркемдiк тұрғыда жинақталған тәжiрибесiн ұтымды түрде пайдаланады. Тарихи хронологиялық жағынан алып қарағанда, "Сұраншы батыр" батырлық жырының оқиғасы "Қобыланды", "Алпамыс" немесе "Қамбар батыр" жырларында айтылатын оқиғалардан көп берiде өткенi белгiлi. Әрине, жырдың өмiрге келу уақыты да он тоғызыншы ғасырдың екiншi жартысында. Сондықтан ауыз әдебиетiнiң дәстүрлi пiшiнi пайдаланылып, ауызша шығарылғанымен, жырдың көркемдiк-композициялық құрылымы, салыстырмалы түрде реалистiк поэзияның үлгiсi басым. Мұнда алдыдағы айтылған батырлар жырында кездесетiн гипербола, литота немесе анахронизм нышандары жоққа тән.
Жамбылдың өзiнен бұрынғы ауыз әдебиетiнiң ұнасымды тұстарын орнымен пайдаланып отырғанын дәлелдейтiн мысалдар жырда баршылық, байқалады. Солай болуға тиiстi де едi. Бас қаһарман Сұраншының шабуыл алдындағы көңiл-күйiн ақын былайша сипаттайды:
Батыр тұрып толғанды,
Терең-терең ойланды,
Теңiзден тұрған желдейiн,
Күтiрлеп кеткен сеңдейiн,
От шашқан биiк таудайын,
Айбарланып қозғалды (220-б.) – деген шумақтағы теңеулер қазақтың ауыз әдебиетiне, оның iшiнде поэзиясына тән көркемдiк үлгiлерi екендiгi анық.
Өйткенi жыр авторының өзi үйренген, үлгi алған бағдаршамы ең алдымен қазақтың ауыз әдебиетi, халық ақындарының туындылары болды. Сондықтан да батырлар жырларына тән болып келетiн жалпы сыртқы формалық қалыпты, мазмұндық рухты, жекелеген көркемдiк өлшемдердi пайдалана отырып, шығарылған бұл дастан сол заманның көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда, жаңа үлгiдегi туынды едi. Сөйтiп дарынды ақын өз заманының тыңдаушылары үшiн соны әсерге бөлейтiн батырлық дастанын өмiрге келтiрдi.
Ақын қазақ сөзiн үйлестiрiп, көркемдiкпен екпiндете сiлтеген кезде нағыз батылар жырына лайықты сөз өрнегi төгiледi. Сұраншының жауды тықсыра қуып, жеңiске жетуiн суреттеген сәттегi жоғары пафос тыңдаушыға да қуанышты көңiл-күй сыйлайды:
Елге келген бүлiктi
Дауылдай тиiп айдады.
Жалынның бетiн қайтарып,
Қасқырдан елдi айырып,
Көтерiп көңiл жайлады (226-б)
Бас қаһарманның образын әсерлi шығару үшiн ақын оның жалт-жұлт еткен динамикалы мiнез-құлқын, қарапайым жай адамның қолынан келе бермейтiн батырлық қимылдарын және соғыс тактикасын шебер ұйымдастыра алатын әскери стратег екендiгiн көрсете бiлген.
Жеке-дара тұлғаға тән болып келетiн осындай адамдық факторлар Сұраншыны шын мәнiндегi қаһармандық деңгейге көтередi. Бiрақ оның нағыз қаһармандығы – елiн сүйген патриот батыр және сол сүйiктi жұртын қорғау барысындағы көзсiз ер болып шығуына байланысты. Осынау көркемдiк-идеялық мақсат ақынның шеберлiгiнiң арқасында қисынды түрде жүзеге асып, шығарманы сол замандағы халық әдебиетi үлгiлерiнiң алдыңғы қатарына шығарды. Сұраншының Отан алдындағы ерлiк парызын көзсiздiкпен жүзеге асыруы тыңдаушылардың сандаған ұрпақтарына тағылым болып қалғаны сөзсiз.
Жырда елдi, жердi сүюге байланысты уағыз сипатында көрiнiс тауып отыратын дидактикалық сарын да сезiлiп отырады. Бiрақ бұл – ақынның тыңдаушысына қаратып айтқан құрғақ ақылы, кезектi насихаты емес, қаһарманның iс-қимылымен, уағыздық ұстанымымен астасып жатқан, негiзгi сюжетпен органикалық байланыста туындаған көркемдiк тұтастық. Жырдың өзiне тән эстетикалық бiтiмiн бiлдiретiн осындай ақындық үрдiс шеберлiктiң тағы бiр нышаны болып табылады.
Бiр ауыз сөзбен айтқанда, Жамбылдың "Сұраншы батыр" дастаны – поэзия тарихында үнемi еске салынып отыруды қалайтын биiк көркемдiк өлшемдегi патриоттық шығарма.
Практикалық кезең.1. «Сұраншы батыр» дастанынан берілген үзіндіні мәнерлеп мәнерлеп оқу.
2.Сұраншы батыр бейнесін ашатын өлең жолдарын анықтау
Сұраншы батыр бейнесін ашатын өлең жолдары |
Батыр бойындағы қасиеттер |
Мейірімді туған Сұраншы , Елі сүйіп жасынан, Жетім менен жесірді, Атына артып көшірген. |
жанашыр |
Ерегіскен жауларын, Су құйындай көшірген. |
батыр, батыл, қайсар, ержүрек |
Тарынып келген қарттарға, Қайғырып жаны ашыған. |
бауырмал, мейірімді |
3.Дастандағы батырдың ерлік іс-қимылдары
Сұраншы батырдың ерлік іс-қимылдары |
Сол батырдың соғысы , Рүстемнен кем емес.
|
4.Өлең жолдарындағы бейнелі сөз үлгілері
Бейнелі сөздер |
түрлері |
мейірімді туған, ерегіскен жауларын, тарынып келген қарттарға, қия тас, ақ көбік, ақ семсер, қызыл қан, ала байрақ, |
эпитет |
су құйындай, теңіздей жау, ақиықтай шыңдағы, тозаңдай тозып, |
теңеу |
қасқырға шауып арыстан |
метафора |
5.Өлең жолдарынан гиперболаны табу
Гиперболалар: Қабағынан қар жауды, кірпігне мұз қатты , Теңіздей жау жан-жағы , Сұраншыға көп емес.
Астындағы Аққоян , Қия тасқа басылып, Ақ көбігі аузынан, Екі жаққашашылып. Үш күн, үш түн өткенше, Әсте батыр тынбады. Өлексемен үйілді, Алатаудың сайлары. Тозаңдай тозып жыртылды, Ханның ала байрағы. Қасқырға шауып арыстан, Қанқордың шықты ойраны.