Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Vі. Кульминация – шарықтау шегі.

 VІІ. Шешімі. Көкенай шарты.

А) Қалқаманды оққа байлау . Ә) Қалқаманның елден кетуі.

VІІІ. Эпилог. Бұл оқиғадан кейінгі жағдай

Негізгі сипаты. (Мұғалім ұсынады)

Поэмада берілуі. (Оқушылар дәлелдейді)

Мамырдың сипаты

Әрі сұлу, әрі есті, еркек шора.

Ескіше оқыған

“Сүйсін жолдас болсын деп жаратты Алла”

Сөзге,ойға тапқыр

“Бүрсігүннен арғы күн болады алыс”- деп жігітке астарлай жауап береді.

Ер мінезді, еркек-шора

Мамыр жылқы бағады күндіз барып,

Тымақ киіп, қолына құрық алып.

Салт-дәстүрді біледі

“Қыз алған жоқ жақыннан тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді, қазір”

Ерекше батыл

“Жас кісіде бар болса жігер-намыс,

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс”

Махаббат жолында ештеңеден тайынбайды

“Бір құдайға сыйынып ал да жөнел,

Жолыңда өлсем, разымын ,жаным құрбан”

Шәкәрімнің әнін орындау немесе үнтаспадан тыңдау.

Проблемалық сұрақтар қоя отырып, пікірталас өрбіту.

Әнет баба неліктен Көкенайдың шешімімен санасады?

Көкенай кім?(Мәмбетейдің бастаушысы, өзібатыр, мінезі қатты кісі)

Әнет баба Неліктен Қалқаманды оққа байлады?(қарсы жақ келіспеген соң)

Қалқаман мен Мамырдың туыстық қатынастары бола тұра қосылуы дұрыс па, бұрыс па?

Бекіту кезеңі. Шағын тест өткізу.

Қалқаман-Мамыр оқиғасы қай жылы болғанын көрсетіңіз.

а)1726 в)1725 с)1722 d)1727

Қалқаманның мінген атын табыңыз.

а) Арда күрең в) Қара тұлпар с) Тайбурыл d) Ақ сұңқар

Поэманың аяқ жағы кімге арналғанын табыңыз.

а) Көкенайға в) Мамырға с) Қалқаман ұрпағына d) Әнет бабаға

Поэмадағы оқиғаның шарықтау шегін көрсетіңіз.

а) Мамыр өлімі в) Көкенай шарты с) бастаңғы жасау

d) Қалқаманның елден кетуі.

Қорытындылау

Шығармадағы оқиғаны, салт-дәстүрді бүгінгі күнмен салыстыру.

Поэманың негізгі айтар ойын, түйінін түю.

Үйге тапсырма

Қалқаман-Мамыр киносын көріп, поэма желісімен салыстыра зерттеу.

Үзінді жаттау.

Сабақ №12 Күні:24.12.11

Сабақтың тақырыбы: Кейіпкер бейнесін берудегі шеберлігі, жырдың тілі

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Әдебиет теориясы бойынша білімдерін жетілдіру.Өз беттерінше жұмыс жасай білуге, іздендіруге жұмылдыру.Жыр кейіпкерлерінің бейнесіне талдау жасату негізінде жазушы шеберлігін таныту

Тәрбиелік. Адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу.

Дамытушылық. Ой тастап ойландыра отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Сабақтың девизі: “Ғылымсыз адам-айуан,

Не қылсаң да ғылым біл”

Сабақтың технологиясы: Қ.О Бітібаева технологиясы бойынша

( дамыта оқыту, проблемалық оқыту, даралап, саралап оқыту)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мазмұндау, талдау, іздендіру, ой тастау, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс.1. Әдебиет теориясы. Кейіпкер туралы.Поэма туралы

2.Тарих. ХҮІІІ ғасырдақазақтардың «Ақтабан шұбырынды» атануы, қоныс аударуы.

Қосымша оқуға: «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір өлеңдері»

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. «Жазушы», 1984. 174-181 беттер

2. Оқулық . Қазақ әдебиеті. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубайқызы. Алматы «Мектеп» 2004 жыл.

3.Шәкәрім. Шығармалары. Алматы, «Жазушы» , 1988 ж.

Сабақтың жабдығы: слайдтар, портрет, сызба,

Қолданылған әдебиеттер:

Әбдіғазиұлы Б.Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. Алматы 2000

C.Журсунов. “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық” .Зерттеу

Қ.Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі 1997

Қ.Бітібаева.Абай шығармашылығын оқыту . Алматы “Мектеп”

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ Жаңа білім беру кезеңі

  1. Әнет баба Кішікұлы

Әнет баба Кішікұлы (1628-1723) - ежелгі Шыңғыстау өңірінен шығып, қазақ мемлекетін құруға белсене қатысқан тұлғалардың бірегейі.

Тарихи деректерге сүйенсек, Әнет баба Әз Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, ханның кеңесшісі болған, «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты жеті бидің бірі. Шыққан тегі - Орта жүздің Арғын руы.

Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан.

Ел аузындағы аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

- Балам, мынаны сындырып көрші?

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?

Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:

- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.

Сонда Төле бала:

- Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді»демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті».

Әнет баба Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен өлтір» деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың шартына амалсыз көнген Әнет баба «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасында:

«Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молда ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы», - деп суреттеледі.

1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерлеген.

Алматы қаласы көшелерінің біріне Әнет баба есімі берілген.

Поэма- эпикалық жанрдың орта көлемді түрі. Поэмада белгілі бір кезеңнің өмір шындығы, (ол тарихи шындық немесе автордың ойдан алған шындығы болуы мүмкін) мен адам тіршілігінің алуан сәттері, қоғам өміріндегі елеулі оқиғаларды қамтиды.

Эпикалық жанрға: аңыз, ертегі, мысал, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэмалар, повесть, роман, роман-эпопея жатады.Эпикалық жанрлар қарасөзбен де, өлеңмен де жазылады.

Сұрақ: 1.Кейіпкер дегенді қалай түсінеміз?

  1. «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кейіпкерлерге кімдерді жатқызамыз? Жинақтау

  2. Салыстыру жұмысы

Қалқаман

Көкенай

4.Мамыр бейнесін ашуда автор қандай көркемдегіш құралдарды пайдаланған? Өлең жолдарынан мысал келтіре отырып дәлелдеу.

5. Өлең жолдарынан ғашық жандардың жұмбақ диаолгтарын анықтау.

6. Поэмадағы салт-дәстүрлердің түрлерін анықтау.

7. Поэмада қандай тарихи тұлғаларды кездестірдіңдер, ол жайлы не білесіңдер?

8. Өлең жолдарынан түсініксізсөздердің мағынасын анықтау.

9. Өлең жолдарынан суреттеу тәсілдерін анықтау.

10.Поэмадан жазушының сөздік қорын анықтау

ерекше детальдар

суреттеу тәсілдері

троп түрлері

фигура түрлері

баяндау тәсілдері

сөз байлығы

ажарлау түрлері

Қорытынды .1. «Қалқаман- Мамыр» поэмасынның тақырыбы мен идеясын анықтау

  1. Поэманың тәлім-тәрбиелік маңызы неде?

  2. Поэмадан поэмаға тән сипаттарды анықтау

Үйге тапсырма: 1. Поэмадан образ түрлерін анықтау

2. Өздеріне ұнаған өлең шумақтарынан үзінді жаттау.