Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Прозалық шығармалары

Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның,Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған композитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, композициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

Шәкәрім өмірінің біраз жайы өз шығармаларында, әсіресе, «Мұтылғанның өмірі» деген поэмасында жазылған.

Өзі туралы

«Бесімде оқу білсін деп,

Ата-анам берді сабаққа.

Жеті жаста жетім боп

Түскендей болдым абаққа.

Ардақты кенже жетім деп

Әлпештеді мені көп,

Надандыққа болды сеп

Қақпай ешім қабаққа,- деп ақын осы өлеңін бастайды.

Өлеңдерінен үзінді оқу, тақырыбын, мазмұнын, айтар ойын анықтату

Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.

Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,

Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.

Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,

Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың.

Ойласын деп ой берді, көруге көз,

Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын.

Үйде отырып салғанмен сарыуайым,

Тілегенің тұра ма саған дайын.

Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,

Харекеттің білесің сонда жайын.

...Талаппен адал істі істемекпіз,

Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз.

Ындының таза болса, именбеңіз,

Дәулетті осылайша іздемекпіз...

Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?

...Еуропа білімді жұрт осы күнде,

Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.

Терең ойлап, сөзімнің түбін біл де,

Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де.

Сол есті елде киім бар мода деген,

Керегіне лайықтап киінбеген.

Жас балаша қызығып сәкәкүлге

Масқара боп жүргенін бір білмеген.

Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек,

Киіп алып, қылтиып қағар селтек.

Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа

Ойланбай, болғаны несі мұнша тентек?

Әйелдері қуыршақ үлбіреген,

Жалбыр шашақ сәкәкүл талай неген.

Кеңірдегін сорайтып, кеудесі ашық,

Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.

Ойлашы, осы ақылға жараса ма,

Емес пе ержетпеген бала-шаға?

Не денеге, не жанға жайлы емес қой,

Осыған да дау айтып таласа ма?

Лайықты киім жоқ па бұдан басқа,

Керексіз кербезденіп бос шатаспа.

Ақылды киім бермес, ғылым берер,

Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста!..