Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.02.2020
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Сабақ №10 Күні:17.12.11

Мен кетемін, келеді..

Тағы өмірге мендей,

Олар мінді көреді,

Қисық жерін жөндей

Ақ жүрекпен таза ақыл

Қылсаң адал еңбек.

Бәрінен де сол мақұл

Артқыға жол бермек.

Сен бола көр аққа жақ

Болам десең адам

Адал еңбек берер бақ

Бассақ соған қадам.

Айнымайтын ақ жүрек пен

Таза ақылды жанның

Таппасы жоқ бұл өмірде,

Осынымды ұқ, балам.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушы білімін толықтыру.

Сабақтың түрі: Өзіндік іздену сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қосымша мәліметтермен жұмыс жасау,

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. «Жазушы», 1984. 174-181 беттер

2. Оқулық . Қазақ әдебиеті. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубайқызы. Алматы «Мектеп» 2004 жыл.

3.Шәкәрім. Шығармалары. Алматы, «Жазушы» , 1988 ж.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ Жаңа білім беру кезеңі

Сұрақ: 1.Төменгі сыныптарда Шәкәрім Құдайбердіұлының қандай шығармаларын оқыдық , ақын жайында не білеміз?

Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары, Абай бағытын ұстанды.

Әкесі

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы.

Білімі

Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.

Меңгерген тілдері

Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

Ресми ақталуы

Өмірбаяны

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. [[шілденің 11]-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді.