Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Отау құруы

Кедейліктен кенде болмаған Майлықожа ағайын-жұрағат жәрдемімен Әбдірахмаи деген кіснің қызы Еркеайымға үйленеді. Сөйтіп, өзінің туған жері Сырдария өзенінің бойына қайта көшіп барады. Мұнда келген соң да диқаншылық кәсібімен бірге нағашы жұртында жүргендегі өлен-жыр айтатын әдетін тастамайды. Ауылдағы қыз-жігіттерге махаббат өлеңдері мен сәлем хаттар, қазаға ұшырап қалған қаралы үйлерге жоқтаулар шығарып бере жүреді.

Күнкөріс қамының бұл тәсілі кейін төселген ақын ретінде биік беделге ие болған кезде де талай жерде, ұлан-ғайыр жиын-тойларда ақынның алдынан шығып, кесе-көлденендеп отырады. Әзіл-айтыс үстінде шебер шешендігі, алғыр ақындығы арқылы үлкен абырой-атақ алған нағашысы Мәделіқожа сөз бәсекесіне түскенде жиені Майлықожа өмірінің осы жағын қадай айтып барып жеңіске жетіп жүрген. Мұны осындай өлеңмен кақтығысулар кезінде Мәделіқожа айтқан мына сөзге ақын тарапынан жауап қайтпай қалғаны да дәлелдей түссіе керек.

«Ақын. Майлы, сен неғып бойлап жүрсін,

Қолға алып домбыраңды ойпап жүрсін

Байы өлген қатындармен жоқтау жоқтап,

Сен-дағы өз пайдаңды ойлап жүрсің.

Атыңды қамшылайсың желсе екен деп,

Дүниені шақырасын келсе екен дап.

Мысықтай, ақын Майлы, тілеуің бар —

Тілейсің малды адамды өлсе екен деп.

Жоқтайсың неге жоқтау басың аман,

Көре алмас жорғалыңы аты шабан.

Жоқтауды мен сен кұрлы білмес пе едім,

Нәпсіміз сенен гөрі болса жаман?»

Жоқшылықтан көрген жәбір-жапасын ақыннын, өзі де үнемі айтып, назаланып отырады. Мұндай, өмірбаяндық жай-күйлерді көрсетуге арналған, кейін есейген күнінде де салт атты, сабау қамшылы қалыптан кұтыла алмағанын, аузымен құс тістегең ақындығы арқылы қаншама мал тапқанымен сормаңдайлықтан арыла алмағанын баяндайтын өлең-жырлар Майлықожа шығармашылығында бірталай.

Шығармаларының туу тарихы

Қанша тырбанғанымен, кедейлік ңоқтасын сыпырып кете алмағанын акын Қасымбек деген болыстың бәйбішесіне арнаған қысқа өлеңінде ашық айтады. Сол «Қай кісі едім?» деген өлеңнің туу тарихы былай: сиқым руынан сайланған Қасымбек болыстың үйіне қона жатып, Майлықожа үш күн өлең айтыпты. Мініп келген атының ыңыршақ ері, шокпыт-шоқпыт тоқымы бар екен. Аттанар кезінде Қасымбектің бәйбішесі ақынның тартпасы мен желдігін тығып тастапты. Үй-ішінің әр жерін бір түрткілеп соларды іздеп жүрсе, бәйбіше тұрып: «Тілің кесілгір қожа, үндемей іздей бергенше бірдемен жоғалса айтсайшы» депті. «Бір тартпа мен желдік бар секілді еді, сол табылмай тұр» депті ақын.

Сонда бәйбіше: «Жоғалсын, қожам, жоғалсын. Сені күтеміз деп үш күннен бері шашымыз сыпырғы, колымыз көсеу болды. Бізді де бір ауыз өлеңге кос-падың. Ылғи Касымбектің алдында қақсадың да отырдың»,— деп өкпе айтыпты.

«Казақта озған бұл жұрттым Майлысы едім,

Бір өленім болмаса кай кісі едім?

Бес-алты ауыз өленді айтып беріп,

Кеңілін қош кылайын бәйбішенің

Жоғалмаса құрысын тартпа, желдік,

Бұрын қайбір ер-токымым сай кісі едім?»

дейтін, өз өмірнің ащы шындығы ашқан өлеңін , осылай шығарған екен.

Ақын өмірін баяндағанда «Сорымен айтысқаны деген өлеңіне тоқталмай

кету де жөнсіз. Өйткені, аталған шығарма Майлықожа тұрмысынын бар кыры мен сырын сыншыл көңілде шыққан шыншыл тілмен пайымдайды. Басынан кетпей, бақытытын ашпай койған сорына түре тиіскен ақын өз өмірінің болымсыз жай-күйін уытты ызамен баяндап береді.

«Апыр-ай, сорым, шының бай-ай,

Шыныңмен айтшы сырыңды-ай.

Кежегемнен тартқылап,

Кедей ғып қақтың шырымды-ай»,—

Деп, сөздін басын бір қайырып алады да ақын, сордың ертелі-кеш қамалып, жыртық үйден шықпайтының соны кеңілін аулаймын деп жүріп өзінін бар мал-мүлкінен, қала берді, киім-кешектен тоналып қалғаның сөйтіп әлді-ауқатты, бай-манптарға әбден күлкі-мазақ болғалын ашына алға тартады. Сорын:

«Кылқиып үйден шықпайсың

Баласындай түлкінің.

Басқа үйге бас сұқпайсың

Белгісі бардай сыртыңын»,—

деп кіналайды.

Бір қызығы — ақын өзінің сорын сол кездегі күш-құдірет иелері деп танылған, елдін енсесін көтертпей езіп-жаншып жатқан шынжыр балақ шұбартөстерге теңея көрсетеді. Оған осылардан басқа тең түсер күш дүниеде бар дел білмейді. «Үлкендігі сорымның Асқар менен Канайдан» дегендегісі о баста Қоқан ханының бек-мырзаларына, қала берді, орыс ұлықтарына әбден арқа сүйеп алып, қалғаа қазақка теңдік беруден кеткен дала жебірлері еді. Қайда барса да қыр соңынан калмайтын, екі туып бір қалған еншілесіндей тақымдап қоймайтын сорыньң басқа берік орнаған «дәулет» екеніне көзі жеткен ол бір мезгіл:

«Алға ісім баспайды,

Кері кетіп кейіндеп,

Менің сорым тан асып

Күніге тұрад терін жеп»,—

деп (бұл да сонда) шарасыздық білдірсе, бір орайда:

«Жолдас болып жақында,

Бір пәле болды басыма.

Ақ үйге соқпай келесің

Сені кұдай алсын да»,— деп (бұл да сонда) кейістік көрсетеді. Сондай-ақ, сорына «Жүрер жол, барар жерің бұл емес, дүниеде ішсе — тамағына, кисе— киіміне жетпейтін жарлы-жақыбайды жағалағанды қой, ақ үйлер мен ақтылы қойлардың иелерін торуылда» деп кеңес береді. Қолындағы мал дегендеғі жалғыз тайына тимеуін өтінеді. Бірақ жағдай ақын айтқандай болып шықпайды. Қалың сор — қас кедейлердің ғана үлесі екені керінеді өлең қорытындысында, Майлықожа мұны сорының атынан былайша баяндайды:

«Атымтайдай мырза едің,

Шығайбайдай қатайдың,

Қарамағын бетіне,

Әлі де болса бір тайдың.

Тамырлықпен беріп ең

Тайлағың мен танаңды,

Бұрынан-ақ кедей ең

Жаппағын маған жаланды,

Есігінде қоймаспын

Итіңнен басқа қаранды».

Кедейліктің кейістігі жанын жегідей жегеп ақын көптеген қиыншылықтардан кейін барып шаруа күйін бір қос жөнге салып алғандай болады. Өстіп жүргенде оның өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі кез келеді. Сол кезеңде Қараспан манын жайлаған ел ішінде Сұлтан дейтін төренің атаққа шыққан Ханапа дейтін қызына кездеседі.

Толғау жыры, өзіндік ерекшеліктері

Толғау қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, жыраулар поэзиясында орын алатын жанр.

Толғау өлеңде өмір-болмыс, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық-жамандық, өнер-білім, адамгершілік, халық тұрмысы, жемқорлық, т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой айтылады.

Оқушылармен орындалатын ұжымдық тапсырмалар:

  1. «Ілімге толса көкірек» толғауынан келтірілген үзіндіні мәнерлеп оқу

  2. Толғау жырының өзіндік мәні мен мазмұнын анықтау

  3. Туындыдан толғау өлеңіне тән ерекшеліктерді анықтау

Салыстыру жұмыстары

Толғауды Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қаиеттері» өлеңімен салыстыра отырып, төмендегі кестені толтыру.

салыстыру

«Жақсы мен жаман»

қайталау

ұқсастықтар

жақсы

жаман

Майлықожа

Сүйінбай

Іздендірушілік тапсырмалар:

  1. Толғауда аттары аталған Науаи, Фирдоуси ақындар жайлы не білесіңдер?

  2. «Қазақ энциклопедиясында» келтірілген мәліметтерді негізге ала отырып шағын анықтама құрастыру

  3. Ілімге толса көкірек ,ашылар көзі сананың,-деген өлең жолдарына түсінік бер

  4. Майлықожаның ақындық өнерге бет бұруына не себепші болған деп ойлайсыздар?

Қорытынды

  1. Ақынның толғаулары қазақ әдебиетінде несімен құнды? Мысалмен дәлелдеу. Тәрбиелік маңызын топтастыру

  2. Қандай түсініксіз сөздерді кездестірдіңдер?

Үйге тапсырма: 1. Толғау өлеңінен ақынның тіл шеберлігіне талдау жасау.

2.Ақын туралы реферат дайындау.