Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Шығармаларының жарық көруі

Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.

Ақынға көрсетілген құрмет

Шымкент қаласында Майлықожа Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір көшеге есімі берілген.

2009 жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Ақынның әкесі жайында

Акынның әкесі Сұлтанқожа Атақожа баласы орта ша-руалы, ұрт мінезді, тура сөзді кісі болыпты. Оның кейбір оқыс қылықтарын көрсететін аныз-әнгімелер ел ішінде: осы күнге дейін сақталып қалған. Соның бірі, мысалы, былай айтылады: сәске түс кезінде шағын қараша үй алдынан өтіп бара жатқан Сұлтанқожа әлгі үйдін табалдырығынан асып, сыртқа шығып жатқан біреудің аяғын көреді. Табанда аяқтан алып тысқа сүйреп шығарса — солақпандай жігіт. Апалақтап қалған жігіттен жасын сұраса «жиырма бестемін» деп жауап беріпті. Сонда ол кісі: «Саған қор болған қайран жиырма бес»,— деп қамшымен батырлата жөнелтіпті. Қызметіке қырсыз, жалқау жан өз жазасын осылай тартыпты.

Осындай оқиғалардың салдарынан болса керек, ел-жұрт Сұлтанқожанық атын да өзгертіп алып кетіпті. Ана тілімізде архаизмге айналып бара жатқан тентек-шатақ деген мағынада колданылатын «шата» деген сөз бар. Міне, осыдап шығарып халық Сұлтанқожаны әуелі «Шатан» кейін келе «Шотан» атандырып жіберген. Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қорындағы Майлықожа материалдарының бәрінде дерлік ақын әкесінің аты «Шотан» деп көрсетіліп жүргенінің негізгі себебі осы.

Бұған ешбір шек келтірмейтін тағы бір дәйекті дерек бар. Ол — қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ұқыпты жинақтаушы Әбубәкір Диваевқа тиісті. Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін Москва қаласылда шығарылып турған «Этнографическое обозрение» атты журналдың І907 жылғы 3-санында «Өлең— қырғыздын махаббат жыры» деген тақырыпша қойылып, Майлықожа өлеңі жарияланған. Орыс тіліне аударылыл басылған казақша нұсқасы күні бүгінге дейін колымызға түспей жүрген ол өлеңнің аяғында Әбубәкір Диваев жазған Шымкент үйезі, Арыс болысының қырғызы (қазағы Ә. О.) Майлықожа Сұлтанқожин жазып берген қолжазбадан аударылды» деген ескертпе келтірілген.

Балалық шағы

Ақын әкеден ерте айрылады. Сүйенер-сенері қалмаған ана он төрт жасар Майлықожасы мен онан да жас Есеханын ертіп төркініне, әкесі Исаның колына келеді. Бірақ көп ұзамай оның өзі де дүние салады. Нағашы жұртына келгеннен кейінгі тұрмыс түрткісінің қандай болғаны ақынның алғашқы өлеңдерінін бірінен алынған төмендегі үзіндіден аңғарыдады:

«Әуелінде ата кетті,

Онан кейін бота кетті,

Барша істер қата кетті,

Бір алла тағдыр өзіңнен.

Екіншіде ана кетті,

Бұзау, баспақ тана кетті,

Ту сиырым жйән кетті,

Бір алла, тағлыр өзіңнен.

Кұрыды ма, сорым құлқынның

Көп тарттым зарын жылкының

Енді саған бермеспін,

Бұл байталдын бір қылын».