Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.02.2020
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Оқушылармен орындалатын жұмыстар.

І топқа

  1. Оқулықта берілген Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар туралы мәліметтерді оқыту, мазмұндау. Алтын Бекзаданың күміс тостағанында : «Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер , тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» деген жазулардың мағынасын анықтау, өз ойларын дәлелдеу.

ІІ топқа

  1. Алып ер Тоңа туралы мәліметтерді оқу, мазмұндау. Өздері білетін жоқтау жырлармен салыстыру.Түсініксіз сөздердің мағынасын анықтау.

  2. ІІІ топқа

  3. Жоқтау жырды мәнерлеп оқу, көркемдік ерекшелігін, жоқтау жырға тән ерекшеліктерді анықтау.

IV Қорытынды. Алып ер Тоңаның түркі тарихындағы рөлі қандай? Жырдан үзінді келтірте отырып өз ойларын дәлелдету.

V Бағалау.Оқушыларға баға қою

VI Үйге тапсырма. 1. Жоқтау жырды оқу, мазмұндау.

2. Жоқтау жырдан заманға айтылған сындарды анықтау.

3. Қазақ халқының тарихындағы жоқтау жырлар туралы мәліметтер дайындау.

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы»

Сабақтың мақсаты: 1.Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет нұсқаларымен таныстыру. Орхон ескерткіштері жайлы оқушыларға жаңа білім беру. Орхон жазуларының мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды батыр» , «Алпамыс батыр» жырларына ұқсатығын таныту.

2. Күлтегін жыры негізінде ел бірлігін сақтауға, халқына көмек көрсетуге баулу. Тәуелсіздікті дәріптеу.

3.Күлтегін жырының тақырыбы мен идеясын анықтату.

Сабақ түрі: сұрақ-жауап сабағы

С.технологиясы: Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы»

Сабақ әдісі: мәнерлеп оку, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу

Пәнаралық байланыс. Тарих, география

Қолданылатын әдебиеттер: 1.Қазақ әдебиеті.8-сынып. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубаева. Алматы «Мектеп» 2004. 2 Әдебиеттер: 1. Ғ.Айдаров. «Күлтегін ескерткіші». Алматы. 1996, 13-б., 177-б. 2. «Қазақ СССР тарихы» Ы том 450-458 бет. 3. Аманжолов. «Түркі халықтарының тарихы». Ы том, 177-б 4. М. Кемел. «Даналық дәрістері», «Күлтегін-тоныкөк». 55-б 5. Тілеген Садықов «Күлтегін кұдіреті»// Егемен Қазақстан. 2004, 18 наурыз. 5-б 6. С. Бақытжанов. «Күлтегінмен келген кие»// Егемен Қазақстан. 2001, жыл 19 мамыр. 4-б 7. Ислам Қабышұґлы «Халқымыздың өркениетке қосқан асыл мұрасы»// Егемен Қазақстан. 2004, 20 наурыз. 4-б

С.барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу ) IIҮй тапсырмасын сұрау Үйге берілген Алып Ер –Тұңға» жырының мазмұны мен тәрбиелік маңызын сұрау, қорытындылау. . 2. Жоқтау жырдан заманға айтылған сындарды анықтау. 3. Қазақ халқының тарихындағы жоқтау жырлар туралы жинастырып келген мәліметтерін қорытындылау.

III Жаңа теориялық білім беру .

Ой шақыру. 1. Түрік деген сөзді естулерің бар ма? Оған қандай халықтар жатады? Топтастыру. (қазақ , қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, ноғай, башқұрт, чуваш, құмық, , хакас, гагауз, мажар(венгерлер), түрік, түрікмен, балқар, қарашай )

2. Бұл халықтар ҮІІІ ғасырда қандай қағанат құрған? Неге «Түрік қағанаты» деп аталған?

3. «Түрік», «түркі» деген сөздердің мағынасы бірдей ме? (бірдей, тек оларды Анадолды түріктерінен ажырату үшін «түркі» деп атаған).

4. Осындай үлкен империяны кім құрған деп ойлайсыздар? (Оқулықта берілген мәліметтер негізінде оқушылар түсінігін ортаға салу).

Оқушылармен орындалатын жұмыстар.

І топқа Ұлы түркі халықтары, оның көсемі Бумын қаған жайында айту.

ІІ топқа Орхон ескерткіштері , оның әліпбиі жайында әңгімелеу

ІІІ топқа жырдың мазмұны мен идеясын анықтау.

Жырдың идеясы

  1. Тәуелсіздік

  2. Елдің бірлігі

  3. Елге қорған болған батырларды дәріптеу

Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер: