Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:26.11.11

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының өмірі және шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Шортанбай Қанайұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі:

Шортанбай Қанайұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды

Дамытушылығы:

Ш. Қанайұлының өлеңдеріне тілдік және құрлысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.

Тәрбиелігі:

Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер: Таратпа кестелер.

Пәнаралық байланыс: Тарих.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Шортанбай Қанайұлының өмірімен танысу, «Зар заман» шығармасын талдау»

Қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында дүниеге келген. Ақын 63 жасында қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданында қайтыс болған.

Сұрақ.

  1. Балалар Ш. Қанайұлы 1818 жылы туылған екен, олай болса оның өмір сүрген кезіндегі тарихи жағдайлар турала не айта аласыңдар?

Міне , балалар, Ш. Қанайұлының ақындық, азаматтық кезеңі осындай қиын кезеңмен тұспа-тұс келген екен.

Сұрақ.

  1. Олай болса Ш. Қанайұлы өз шығармаларында нені жырлады?

Заман сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы өз заманына мысқалдап кіре бастаған сал-дәстүрімізге жат, ұлттық рухымызға тән емес қылықтар еді.

Сұрақ.

  1. Зар деген сөзді қалай түсінесіңдер?

ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды жерлесіміз, заңғар жазушы, классик М. О. Әезов «зар заман ақындары» деп атаған.

Шортанбай Қанайұлының шығармасын алғаш зерттеген орыс зерттеушісі Радлов. ««Зар заман» толғауы арқылы бір дәуірге ат Берген шығарманың астарынан көп нәрсені аңғарамыз» деп, отаршылдықтың қазақ ұлтына әкелген зияны туралы Радлов та айтады.

Оның «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.

Сұрақ.

4.«Зар заман» өлеңінде заманның бұзылған белгілерін табайық, неліктен заман бұзылып тұр? Себебі?

5. Заманның бұзылған белгісі тек адамда ғана ма, жоқ әлде табиғатта да бар ма?

6 Заманды бұзған кімдер?

7.Бүгінгі таңда осының белгілері біздің ортамызда бар м, біз оған қалай қараймыз? Себебі не?

Дәл осы бойынша «Шығарма кестесін» жасау

Өлеңің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мағыналық балама

Зар

заман

Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей...

Би

Шортанбай әуелі бұрынан көп айтылып келе жатқан заманға қай заман екенін атап, ат қояды.

Мынау ақыр заманда

Алуан, алуан Жан шықты

Арам, араз хан шықты

Қайыры жоқ бай шықты

Сауып ішер сүті жоқ

Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты

Баяғыдан құбылып, бұзылып келе жатқан заман өзге заман екен. Бұл арада дін ұғымы мен ескі қазақ көзқарасы бір араға қосылғандай болады.

Заманның жаман белгісі «Зар заман» ішінде көп айтылады

Мұның өзі зар заман

Зарлығының белгісі

Ұл сыйламас атасын....

Қазы, болыс, хан қойды

Некесіз туған шатасын...

Сол заманның кезінде

Қыз сыйламас шешесін

Ер жеттім деп шаштасып...

Бұның бәрі-заман бұзылғанның белгілері. Енді осы заманды бұзған кім? Бұған да ақын жауап береді.

Заман қайтіп оңалсын...

Байлар ұрлық қылады

Көзіне малы көрінбей

Билер жейді Параны

Сақтап қойған сүрідей

Сол себепті:

Заманның түрі бұзылды

Текеметтің түріндей

Заманның зарын айтқан, ел келешегіне назаланған Шортанбай Қанайұлының еңбектерінің тақырыбы мен идеясы өз заманының қайғы, мұңы еді.

Тіл көркемдігі

Мәтіннен үзінді

1

Метонимия

..жаннан түңілген

2

Метафора

Орыс-бүркіт, біз-түлкі

3

Теңеу

Текеметтің түріндей

4

Эпитет

5

Тұрақты тіркес

6

Мақал-мәтел

Өлеңдерін оқыту, талдау

Сұрақ. Ш. Қанайұлының шығармаларының негізгі идеясы не? Болашақ ұрпақты жаман әдеттерден тыю, ұлттық рухымызды асқақ ұстауды ұрпаққа аманат еткен.

Сабақты қортындылау,үйге тапсырма. Үйге : «Зар заман ақынынан алатын тағлым». Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» шығармасы бойынша тіл көркемдігін анықтау

Қосымша мәліметтер

Жырау - Түркістан тоңірегіндегі Қаратаудан Арқаға барған қожа түқымына жатады. Қайсібір дерек оны Ақмешіт қожасы еді дейді. Басы ашық нәрсе - жырау өмірінің басым көпшілігі қазіргі Жезқазған облысының аймағыңда мүрдесі жатқан Арқада — Қарқаралы тоңірегінде өткен.

Шортанбай - белгілі Жанқүтты биге аса жақын адам. Арқа елінің арғы-бергідегі жақсы-жайсаңдарымен бірге жүрген, қатар болған.

Ұрпақтары

Шортекеңнің өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызы болған. Аязбай осы жақта қайтыс болған да, Алдаберген кейін Қаратау жаққа кетіп қалған.

Білімі

Шортанбай 1818 жылы туған. Жастай молдадан сауат ашып, Шаяндағы медресені тәмамдайды. Өз бетімен орысша хаттанып, тіл білген сияқты.

Жерленген жері

Ақын 1881 жылы дүние салып, оз нағашысы Ыбырайым қожаның мазарының іргесіне жерленеді. Ақсу-Аюлының оңтүстік тұсыңда жатыр. 1980 жылы жерлестері басына көктас орнатқан.

Ақынға тағылған айыптар

" Шортанбайға тағылған толып жатқан "айыптың" бірі — феодалшыл, рушыл, байшыл, ескішіл болса, бірі — сары уайым, заршылдық болса, енді бірі - діншілдік еді. Ол бағаның қалай және не себептерге байланысты берілгені қазір белгілі жай.

Шығармаларының құндылығы

Опасыз жалған дүниеден адамның іздептапқан таяныш түғыры, рухани күші. Шортанбай осыны білген, түсінген, насихаттаған.

Шортанбай иманды айтса, ақиқатты айтса — адамшылығынды, кісілік қасиетінді, жаратушының оң көрген ісін сақтауды уағыздайды. Дүниені көрме, сезбе, таныма, ойланба, соқыр сенім, көзсіз қүлшылықта бол деп емес, зерек бол, сезімді бол, танып істе, тауып істе деп айтады. "Ақиретте жалған жоқ, таразысы басқа бір бөлек" — деп, күні ертең жауап берер күнәдан сақтандырады.

Шортанбай толғаулары ақты қара, қараны ақ деген долбар пікірлерге ішін бермейді.

Шортанбай зарлаумен болды деу — ақынның күрделі поэзиясына қиянат. Оның өлеңі адамның опасыз жалған дүниеден іздегені мен тапқанын тіршілікке тірек етер мұрат мақсатын колденең тартады. Жаратылыстың ештеңеге бағынбайтын өктем зандарын айтып, мойындатады. Дүниенің шартын, түп-төркінін, арғы-бергісін, бары мен жоғын түгендеп, жыраулардай әріден қозғап тіршіліктің алма-кезек ағыстарын алуан бояумен суреттейді.