Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

2 Токсан Сабақ №1

Күні:17.11.11

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. әдебиеті. М.Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай»

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы ХІХ ғасырдың І жартысындағы өмір шындығы, қоғамдық жағдай туралы білімдерін кеңейту. Сол кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық сарындары жайлы ой қозғау. Ақын жырларының өзіндік ерекшелігін анықтату.Махамбет өлеңдерінің ерлік, асқақтық , күрескерлік сипатын аңғарту.

Оқушылардың бойына патриоттық рухты қалыптастыру.

Сабақтың түрі: пікіралмасу сабағы

С.типі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс. Тарих. Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатынасуы.

Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы. Дыбыс қайталау (ассонанс, аллитерация)

Қолданылатын әдебиеттер:

1.А.Қыраубаева. Ғасырлар мұраты. Алматы. «Мектеп» 1988 ж.

2. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы «Ана тілі» 1991ж.

3. Оқулық . қазақәдебиеті. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубайқызы. Алматы «Мектеп» 2004 жыл.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

Үй тапсырмасын қорытындылаушы сұрақтар:

  1. С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)

  2. Миф дегеніміз не? (Алғашқы қауым адамдарының жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін әбден қалыптасқан әңгімелер. Мифте шын болған оқиғалардың дені сақталады.).

  3. Аңыз дегеніміз не? (Тарихта болған адамдар жайында немесе елдің , рудың шыққан тегі туралы, не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайында тарихи шындыққа негізделген , бірақ уақыт өте келе көркем шығармаға айналып кеткен шығармалар.)

  4. Аңыз бен мифтің ұқсастығы бар ма?(Бар. Екеуінде де шын болған оқиғалар сақталады. )

  5. «Түрікше Гүлстан» кітабының арабша аталуы қандай?(«Гүлстан би-т-түрки». 1258ж)

  6. Қай ақынның , қандай кітабынан аударылған? (Парсы ақыны Сағдидың «Гүлстан» кітабынан түркі тіліндегі аудармасы)

  7. Кітап неше тараудан тұрады?(8тарау, кіріспе, қорытындысынан тұрады)

  8. 8-тарауда нелер жинақталған?(нақыл, мақал-мәтелдер)

  9. Тараулары қалай аталады?(«Патшалардың әмірі», «азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері»)

  10. С.Сараи өзі қай жұрт менің туған елім дейді?(« Қамысты» )

  1. С.Сараидың өзінің төл шығармалары қалай аталады?(Суһаил мен Күлдірсін»)

Жаңа білім беру кезеңі.1.ХІХғасырдың І жартысындағы тарихи –әлеуметтік жағдай туралы білгендерін сұрау, толықтыру. 2.М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы жайында оқулықта берілген мәліметтер бойынша оқушылар түсінігін ортаға салу.

Қосымша мәліметтермен толықтыру. Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиетінің ерекшелігі

  1. 19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиеті — әлеумет халін ұғып, ел қамын жақтауға кірісіп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастады,-

  2. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат, мұң, зар сияқты сезімдердің басын қосып, жаңадан ой негізін, салт санасын құрауға кірісті,

  3. Бұл уақытқа шейін болмаған әлеуметшілдік сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсетті.

  4. Осындай әлеуметшілдік сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуірде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел ішіндегі өзгерістер, қанаудың күшеюі, халықтың тіршілік ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңінен бейнеленді.

  5. Осы өзгеріске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінен айқын көрінеді.