Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі

"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады:

а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік иелерінің шығуы туралы әңгімелер;

ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері;

б) хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер туралы мәліметтер.

Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын байқалады. "Қисас ул-әнбия" құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары ерекше назар аударарлық.

Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар.

Кітаппен жұмыс . Оқушылармен орындалатын жұмыстар.

І топқа. 1-әңгімедегі айтылған хикаялар негізінде төмендегі таблицаны толтыр, Лұқман Хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір,

Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясы

адам қандай болу керек?

неден сақтану қажет?

ІІ топқа . 2-әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.

Сұрақ. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді?

Тілдің қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?

тілдің адамға тигізер пайдасы туралы мақал- мәтелдер

тілдің адамға тигізер зияны туралы мақал- мәтелдер

ІІІ топқа. 3-әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта.

1.Даналық дегенді қалай түсінесің? Барлық адамда бола ма?

Қорытынды. 1. Рабғузи кітабы не жайында?

2.Кітапты кімге тарту еткен? (қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен).

Үйге тапсырма.1. Рабғузи жайлы деректер негізінде реферат жазу.

  1. Рабғузи хикаяларын қазақ ертегілерімен салыстыру.

  2. Хикаяларының тәрбиелік маңызыдарын анықтау.

Сабақ №13

Күні.20.10.11

Сабақтың тақырыбы: С.Сараи. «Түркіше Гүлстан»

Сабақтың мақсаты: Сәйф Сараидың өмірі мен шығармашылығынан оқушыларға мәлімет беру.Шығармаларына талдау жасату барысында тәрбиелік маңызын анықтату. Шығармаларындағы өсиет-өнеге, адамгершілікке баулитын іс –әрекеттер негізінде оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, жмандықтан жирендіру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Сабақтың түрі: пікіралмасу сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс: Әлем мәдениеті. Шығыс ақындары

Қолданылатын әдебиеттер: 1.А.Қыраубаева. Ғасырлар мұраты. Алматы. «Мектеп» 1988 ж.

2. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы «Ана тілі» 1991ж.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі