Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі

1.Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Шыңғысхан құрған мемлекеттің қоластына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солт.Иран, Қапқаз, Қырым қарады.

2. Қазақ жері сол кезде Дешті Қыпшақ аталды. Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда деп аталды.

3. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қалалары болды.(Астрахань Хажы Тархан маңайында)

4. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді

5. ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты.Дербес Қазақ хандығы құрылды.

6. Алтын Орда жұрты-түркілер болды. Тілі –түркі, діні-ислам еді

7.М.Әуезов «нәзирагөйлік» деген, нәзирагөйлік бағытта дамыды.

8.»Нәзира араб тілінде «жауап» деген мағынаны білдіреді. Бір ақынның екінші ақынға жауабы. Бір ортақ тақырыпта жазған ақындардың бір-бірімен шеберлік жарысы.

9. Ол кездегі ортақ тақырыптар- Құран хикаялары.

Рабғузи

Рабғузи (лақап аты; шын аты-жөні – Наср әд-Дин Бурһан әд-Диннің баласы (т.-ө.ж.б.) – 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл.

Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары

  1. Рабғузидің «Қисас –ул- әнбиа»атты еңбегі 1310 жылы жазылған .Кітапта ежелгі шығыс ертегі-аңыздары, мифтік сюжеттері, әңгіме-хикаялары, өлеңдер жинағы топтастырылған.Кітапта Вавилон мифологиясының көптеген қалыпты сюжеттері бар: дүниенің жаратылуы,жердітопан су қаптауы, Адам мен Хауа ана оқиғалары.

Рабғузидың Қисса-с-ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады.

Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ-ХҮ ғғ) туындыларға "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармалары жатады.

Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі

Қисса-сүл әнбийя» - Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі.

Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат- «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Шын есімі- Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.

Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.

Қара сөзбен жазылған жыр

Бұл шығармасын көне түрік тілінде жазғандықтан, оны оқып, ондағы қиссалармен танысу сол кездегі түрік тектес тайпалардың ешқайсысына да ауыр болмаған көрінеді.

«Қисса-сүл әнбийя» - негізінен пайғамбарлар мен әулие-әнбилер өмірі жайлы, сондай-ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.

ол тасқа басылған күйінде бізге жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы - 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел арасына бұрынғысынан да кең тарала түскен еді.

«Қисса-сүл әнбийяның» Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79-дай қиссалар мен хикаялар енген екен.

479 беттік бұл шығарма хақында айта келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев «Ғылым» баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты еңбегінде былай дейді:

«Оларды, яғни қисса-хикаяларды тақырып мазмұнына, идея-мәніне қарай мынадай үлкен үш топқа жіктеуге болады:

1. Жер, көк, адамзат, хаюанат, жын-шайтан, періштелер, Адам-ата, от, топырақ жайлы түсініктер, мақала, әңгімелер;

2. Әулие-әнбилер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар;

3. Шежіре- яғни мұсылман жыл есебінің, һыжраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, күнтізбе-жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер.»

Бейсембай Кенжебаевтың осынау топтастыру идеясымен өзге де ғалымдар келіскен.

Шығарманың тініне аракідік өлең араласқаны болмаса, негізінен проза, қара сөз түрінде жазылып, ал кіріспесі және қортындысы жыр тілімен өрнектелген екен.