Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

Сабақ №12

Күні:15.10.11

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи. «Лұқман - Хакім»

Сабақтың мақсаты: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәліметтермен таныстыру. Миф туралы білімдерін кеңейту.

« Лұқман - Хакім» әңгімесінің мазмұны мен тәрбиелік маңызын анықтату.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Сабақтың түрі: өзіндік іздену сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Пәнаралық байланыс: 1.Әдебиет теориясы. Миф туралы

Қолданылатын әдебиеттер: 1.А.Қыраубаева. Ғасырлар мұраты. Алматы. «Мектеп» 1988 ж.

2. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы «Ана тілі» 1991ж.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.

Үй тапсырмасын қорытындылаушы сұрақтар:

  1. М.Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі)

  2. «Диуани лұғатат-түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072—1074ж)

  3. Қолжазбалары бар ма? (Түркия ғалымы Қиласли Рифат 1915-1917жылдары Стамбулда 3 кітап етіп шығарған. Неміс ғалымы Карл Броккелман жеке үзінділерін неміс тіліне аударған. Түрік ғалымы Басым Аталай аударып, 1934—1943ж. Анкарада жариялаған. .Өзбек,түрік тілдерінде аудармасы бар. Қазақ тілінде екі рет жарияланды)

  4. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның)

  5. Толық аты жөні қаалй аталады?( Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед).

  6. Туған жері қайқала? ( қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.)

  7. Махмұдтың әкесі кім болған? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған).

Махмұд қайдабілім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан . Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.)

  1. Ғалымның туған, өлген жылы белгіліме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды).

  2. Қандайтілдерді меңгерген? ( Түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді).

  3. Оны кім деп танимыз?( Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде)

  4. Қай халықтың грамматикасын жасады? Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты).

ІІ.Жаңа сабақ: 1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Рабғузи, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет ,оның өкілдері туралы келтірілген мәліметтерді сұрау ,оған тән негізгі ерекшеліктерді жинақтату.

Қосымша мәліметермен білімдерін толықтыру.