
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
Сабақ №11
Күні:13.10.11
Сабақтың тақырыбы. М.Қашқари. Мақал-мәтелдері, «Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңі
Сабақтың мақсаты: . М.Қашқаридің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. М.қашқари жинаған түрік мақал- мәтелдерінің қазіргі қолданыстағы мақалдардан айырмашылығының жоқтығына талдау жасату арқылы көз жеткізу. ««Қордайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңіндегі туған жерге, табиғатқа деген ақын сезімінің шынайлығын таныту.
Мақал –мәтелдерінде көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім , тіл өнері , ел басқару, моральдық –эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі-өнеге ету. Осы көтерілген мәселелер негізінде оқушыларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу.
Мақал- мәтелдерінің бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік ғажап қуатын насихаттау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.
Пәнаралық байланыс: 1.Әдебиет теориясы. Мақал- мәтелдер туралы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІ.Жаңа сабақ: 1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша М.Қашқари туралы туралы келтірілген мәліметтерді сұрау ,оған тән негізгі ерекшеліктерді жинақтау.
Қосымша мәліметермен білімдерін толықтыру. Өмірбаяны
Махмұд
Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі
«Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің
жинағы») атты еңбектің авторы.
Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды.
Білім алған жерлері
Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.
Меңгерген тілдері
Түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді.
М.Қашқари кім?
Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.
Еңбектері
Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
“Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072 – 1074 жылдары жазған. өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып шыққан.
“Диуани лұғат ат-түрік” тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік емес, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып саналады. Бұл түсіндірме сөздігінде автор халық ауыз әдебиеті үлгілерін, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер және халық фольклорын өте орынды пайдалана білген. Сондай-ақ алғашқы қауым адамдарының тұрмыс тіршілігін, болмысын, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің тамаша үлгілері бізге Махмұт Қашқари еңбектері арқылы жетті. Түсіндірме сөздік XI ғасырда Қарахан дәуірінде дүниеге келген мұра.
Махмұттың өзінің айтуынша, “Диуанды” жазудан бұрын ол түріктердің барлық елі мен даласын аралап шыққан. Махмұт Қашқари сөздігі барлық түркі тайпаларының сөздігін қамтыған сөздік болды. Егер Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде ғылым байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздері жайлы ғылымды дамытқан болса, Ахмет Иассауи “Диуани хикмет” шығармасында қоғамға қажетті әлеуметтік тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың мәнін ашты. Ал Махмұт Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да көптеген тарихи мәліметтер келтіреді. Оның дәстүрін XII ғасырда ғұмыр кешкен Иассауи мен Бақырғани жалғастырады.
Махмұт Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік” еңбегі үлкен энциклопедиялық шығарма және онда аса бағалы да құнды деректер берілген. Мұнда 29 тайпаның аты аталады. Махмұт Қашқаридың бұл еңбегінде түкі сөздерінің қоры өте көп.
Махмұт Қашқари адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етеді. Оның түркі халықтарының бәйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, үлкен парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі.
Махмұт Қашқаридың қайсы бір бәйіттерін алмаңыз, үлкен философиялық-этикалық ой-тұжырым, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті негізгі арқау етіп алған.