
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
Әдебиет 8-сынып
Күні:.
Сабақтың тақырыбы: Хикметтеріндегі дидактикалық сарын мен ондағы шешендік орамдар. Сопылық поэзия
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Йасауиді тарихи тұлға , қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту.
Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл-нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хикметтер, суреттер, дайындалған рефераттар,слайдтар, интерактивті тақта, оn- Iine жүйесі бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақ типі: іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту. Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, тест тапсырмалары
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы «Мектеп» 2002 ж.;
Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдете оқыту», Алматы «Мектеп» 2003 ж.;
Тоғысбаев Б.,Сужикова А «Тарихи тұлғалар», Алматы, 2006;
Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы, 1991 жыл.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сынып даярлығын тексеру; ә) кезекші арқылы түгендеу; б) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
2. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Үй тапсырмаларын қорытындылаушы сұрақ- тест тапсырмалары :
Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» нені көрестеді? (мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Йасауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді).
Ақынның туған – жері қалай аталады? (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы).
«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») қай жылы жеке кітап болып басылып шықты? (Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
Шығарма қалай жазылған?(Төрт тармақты өлеңмен жазылған)
Бұл шығармасында ақын нені баяндайды? (өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді).
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йасауи әзіреті сұлтанның басына қай ғасырда, кім күмбез орнаттырған? ( XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір )
Әкесінің аты кім, қандай адам болған? (Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған).
Шешесінің аты кім? (Қарашаш).
Ахмет Бұхара қаласында кімнен білім алған? (Юсуф Хамаданидан діни білім алған)
Кейін қай қалаға келген , нені насихаттаған?( Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады).
Йасауидың қанша шәкірті болған? (90 мың).
«Диуани» деген сөздің мағынасы не? (жинақ)
«Хикмет» деген сөздің мағынасы нені білдіреді? (Алланың ақ жолы ).
Неше жасында қылуетке түскен? (63 жасында).
Сопылық қандай ілім? (ислам дініндегі бір ағым. Аллаға деген сүйіспеншілікті насихаттайды, рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер).
Йасауи дүние жинаған ба?(Жоқ. Адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен)
Йасаудың ұстазыкім? (Арыстан баба)
Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа нені табыс етуін талап еткен?(бір түйір құрманы)
Құрманы ұртында қанша жыл сақтаған? (600 жыл)
Әкесінің мазары қай жерде? (Сайрамда)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыз- ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрейік.
1.Ахмет Йасауидің өмірінен мәлімет.
2. Йасауидің ұстазы Арыстанбабқа сипаттама беру.
3. Йасауи кесенесінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?
Мұғалім сөзі: Ендеше оқушылар қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана.
Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:
Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге,
Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни бізге бағыштаған аманатындай.
Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ:
«Диуани хикмет» кітабытуралы өз көзқарастарыңды, пікірлеріңді жинақтап қағазға түсіріп отырыңдар (ой түйіндеу).
Ендігі кезекте хикметтерінен үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, поэтикалық, салыстырмалы талдау жасап көрейік.
Хикметтер
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды достар.
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телі-тентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды достар.
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды достар.
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді,
Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ.
Бұл не деген замана болды, достар.
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар.
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ
хикметтеріндегі негізгі айтылар ой |
Поэтикалық тұрғыда (теңеу, эпитет, метафора т.б.) |
Қай ақынның өлеңімен ұқсастығын, үндестігін анықтау |
|
|
|
2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ,
Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,
Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,
Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.
Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,
Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,
Алла басқа салғанда көнбес болсаң,
Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.
Зікір айтып, зар еңіреп- еміренбесең,
Иіп үш жүз алпыс тамырың, тебіренбесең,
Төрт жүз қырық төрт сүйегің сөгілерде сен
Қиналмасаң, құр сөзіңнің салмағы жоқ.
Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,
Саған разы болар бүкіл жамағат та.
Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа,
Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.
Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,
Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,
Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-
Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.
Безбүйріктер қайтсін іште дертің барын,
Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін,
Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,
Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.
Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,
Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,
Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың,
Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.
Қиын жолда қиылып басың кетер,
Бұл жайында айта берсең болар бекер,
Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер,
Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.
Ғашық емес құштарына жан бермесе,
Дихан емес кетпен шауып нан бермесе,
Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,
Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.
Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама,
Дару тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама,
Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама,
Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.
Тақуа болма, тентек болма, ғашық болғын,
Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.
Нәпсің тыйып, күнәдән қашық болғын,
Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.
Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,
Алла алдында тәубасы зайғы болар.
Есіл дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,
Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.
Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін,
Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,
Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,
Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.
М
әнерлеп
оқу. Ұйқасын табу
3. Дүние-мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Молла, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар,
Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.
Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға,
Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы.
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.
Таңдап тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,
Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды.
Сөздік жұмыс
Зікір- бұл құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.
Тақуа-діндар, діншіл.
Ақырет- о,дүние, машхар
Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.
Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.
Ой толғау. Хикметтерінің маңызы мен құндылығы
Қорытынды.
Хикметтерінің келешек ұрпаққа айтар
тәрбиелік мәнін топтастыру
Үйге тапсырма: Ахмет Йасауидің хикметтерін оқу, талдау, үзінді жаттау