Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8-с.әд. 1-2 токсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
18.29 Mб
Скачать

IV. Қорытынды (10 минут).

Шығармашылық жұмыс (5 минут) Арнайы жасалған кеспе қағаздарды алып, ондағы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытып, бекіту, (Сұрақ-жауап әдісі).

V. Үйге тапсырма (2минут). «Оғыз-нама» жыры бойынша сурет салып келу, жырды оқып, мазмұнын айтып беру.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау (2 минут). Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын естірту, журналға, күнделіктеріне қою.

Қазақ әдебиеті 8-сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ислам дәуіріндегі әдебиет. Әбу Насыр Әл-Фараби

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ислам дәуіріндегі әдебиет тарихы туралы шолу жасау. Оның көрнекті өкілі Әбунасыр Әл- Фарабидің өмірі, өлеңдері мен ғылыми еңбектері туралы оқушыларға жаңа білім беру

2.Тәрбиелік: тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу. Мейірімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүюге, қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.

3. Дамытушылық: өлеңдерінің мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Лирика туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Оғыз-нама» жыры бойынша салған суреттерін бағалау, жырдың мазмұнын сұрау, түсініктерін бақылау.

Үй тапсырмасын қорытындылау. 1.Жырдағы түркілердің Тәңірге табынуларының белгілері қандай?

2.«Оғыз қаған» жырында сөз болған оқиғалар қашан жинақталған? (ІХғ)

  1. Қашан хатқа түскен? (ХІҮ ғ.)

  2. 3. Жырдың композициялық құрылысы қалай? (Қаһарманның тууы, өсіп-жетілуі, соғыс –жорықтары, еліне оралуы)

Ш. Жаңа сабақ: 1. Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Әбунасыр –Әл-Фараби туралы мәліметтерді сұрау, оған тән негізгі ерекшеліктерді топтастыру.

Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.

Шыққан ортасы

Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан .Бұған дәлел оның толық аты- жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі,Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан.Туған жері. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді.

Әбунасыр Әл-Фараби кім?

Аристотельден кейін дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп кездеседі.

Меңгерген тілдері

Әл- Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім, ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.

Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.

Ғылыми еңбектері

Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам.

Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.

Қазір Қазақстан Ғылым академиясынында басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.

Өмірінің соңғы шағы

Өмірінің соңына қарай Әл- Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарына келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.

Шәкірттері

Әл -Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай, «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай- ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл- Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді.

Сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды,

сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді.

Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фусул ал-мадани" ("Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері") деген соңғы шығармасында ол: "Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс",— дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды. Бейіті қазір Сирия жеріндегі Баб әс-Сағир зиратында жатыр.

Практикалық кезең. Топтық жұмыстар.

І топқа. Әбунасыр-Әл-Фарабидің төмендегі өлеңдерінен келтірілген үзінділерден ақынның айтпақ болған ойын, өлеңнің тақырыбын анықта, түсіндір.

Бауырым, қанша сүйгенмен, Жататын дәйім жаңғырып,

Өтеді өмір күйбеңмен. Бұл ғұмыр емес мәңгілік.

Шындыққа бас тік алаулап, Бейопа мына заманда,

Пенделіктен бол аулақ. Бақұл боп кетер адам да.

Жақұт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

ІІ топқа. Төменде келтірілген үзіндіден ақынның айтпақ болған ойы мен өлеңнің тақырыбын анықта .

Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді. Таңда адал дос өз теңінің ішінен.

Тағдырыңды ешуақытта жазғырма, Жүргендер көп достық атын малданып,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. Алайда тек қалма оған малданып.

IV Қорытынды. Әл-Фараби кім? Өлеңдерінде қандай ойлар айтылған? Топтастыру. Мысалмен дәлелдеу.

V Бағалау. Жауаптарына қарай баға қою.

VI Үйге тапсырма. 1.«Екінші ұстаз» деген тақырыпта шығарма жазу.

2. «Бауырым қанша сүйгенмен» және «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» деген өлең жолдарын жаттау.