
- •Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
- •Қазақ әдебиеті 8--сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
- •Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
- •Жоқтау жырларының басқа жырлардан ерекшелігі
- •Жоқтау жырларының зерттелуі
- •Аңыз әңгімелер
- •«Алып ер Тоңа» жыры туралы мәліметтер
- •Оқушылармен орындалатын жұмыстар.
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •III Жаңа теориялық білім беру .
- •Орхон – енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі
- •Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
- •Орхон ескерткіштерінің аударылуы.
- •Күлтегін жазуы.
- •Күлтегін жырының маңызы
- •Көне түркі жазулары
- •Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы .
- •Аңыз әңгімелер.
- •Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
- •Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
- •Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
- •Қорқыттың нақыл сөздері
- •Әр жолы тұнған имандылық
- •Қорқыт туралы естеліктер
- •Қазақ даласын тербеген жырлар
- •Қорқыт атаның күйлері
- •Қорқыт туралы аңыздар
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •II. Үй тапсырмасын сұрау:
- •III. Жаңа сабақ:
- •6 Баласы
- •Семантикалық карта №2
- •IV. Қорытынды (10 минут).
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Сабақ № 8
- •«Диуани Хикмат» («Хикмат жинақ») атты шығармасы
- •Халық арасындағы Қожа Ахмет Йасауи туралы аңыздар
- •Жерленген жері
- •Әдебиет 8-сынып
- •Сабақ №10
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •«Құтты білік» дастаны
- •Дастанның нұсқалары
- •Құтты білік дастанының аудармалары
- •Дастанның жазылу тарихы
- •Дастанның әр түрлі аталуы
- •Сабақ №11
- •Үй тапсырмасын сұрау: . Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Білім алған жерлері
- •Меңгерген тілдері
- •Еңбектері
- •«Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің маңызы
- •Қолжазбалары
- •Сабақ №12
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
- •Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің құнды қазыналары
- •Рабғузидің "Қиссас ул-әнбия" еңбегі
- •Қара сөзбен жазылған жыр
- •Хикаялар дәруіш-патша
- •"Қисса-и Рабғузиге" енгізілген шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұны бойынша бөлінуі
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •2 Токсан Сабақ №1
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •С.Сараидың қандай кітабы бар?(«Түрікше Гүлстан»)
- •Махамбет жырлары
- •Исатай-Махамбет көтерілісіне тілектес ақындар, олардың шығармалары
- •Хіх ғарсыр әдебиетінің негізгі ерекшелігі
- •Өтемісұлы Махамбет
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Оқушыларға қолдануға берілетін көмекші материлдар, пікірлер:
- •Сабақ № 4 Пәні: қазақ әдебиеті
- •І. Ұйымдастыру кезеңі
- •Ақын өмір сүрген дәуір шындығы
- •Жастық шағы
- •Сабақ №5
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Шығармаларының жарық көруі
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Ақынның әкесі жайында
- •Балалық шағы
- •Отау құруы
- •Шығармаларының туу тарихы
- •Сабақ №6 Күні:03.12.11
- •Мағжан Жұмабаев.
- •Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылау.
- •Ақын туралы оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша оқушы түсінігін ортаға салу
- •Қосымша мәліметтермен толықтыру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы неде?
- •Сабақ №7
- •Сабақ №8
- •Өлеңнен алған әсеріңіз қандай? Түсіндіру
- •Өлеңнің тәрбиелік маңызы қандай?
- •Қара сөздерінің жазылу тарихы
- •Өмірбаянына қысқаша шолу
- •Әкесі Құнанбай
- •Болыс болуы
- •Білімін толықтыруы
- •Өмірбаяны
- •Сабақ №10 Күні:17.12.11
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Меңгерген тілдері
- •Өмірбаяны
- •Бойындағы өнері
- •Ресми ақталуы
- •Ақынға көрсетілген құрмет
- •Шығармалары
- •Орындаушылар
- •Шәкәрім және Абай
- •Ақын және халық
- •Ағартушылық лирикасы
- •Шәкәрім және әлем әдебиеті
- •Лирикасы
- •Поэмалары
- •Прозалық шығармалары
- •Өзі туралы
- •Мал жимақ і топқа. « Мал жимақ» өлеңіндегі ақынның айтар ойы мен тәрбиелік маңызын анықтау.
- •Іі топқа . «Адам немене?» өлеңінің мазмұнын айт .Тәрбиелік маңызын жинақтау. Адам немене?
- •Ііі топқа «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» өлеңінің тәрбиелік маңызы мен ақынның айтар ойын жинақтау
- •2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын оқу, мазмұндау Сабақ №11 Күні:22.12.11
- •Vі. Кульминация – шарықтау шегі.
- •Сабақ №12 Күні:24.12.11
- •Сабақ №15
- •Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.Әдебиет теориясы бойынша:
- •Ақындық айтысқа түсуі
- •Ақындықтың қонуы
- •Айтысқан ақындары
- •Шығармаларының тууы
- •Айтыстары
- •Көрсетілген құрметтер
- •Дара тұлға
- •3.Қосымша «Абайдың суретіне » өлеңін оқу. Сабақ №16
- •Соғыспақ боп патшамен
- •6.Салыстыру жұмыстары
- •3.Қосымша «Кәмшат қыз » өлеңін оқу. Сабақ №17
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №11 Күні:16.02.12
- •Шығармалары:
- •Атқарған қоғамдық қызметтері
- •Марапаттары
- •IV. Поэманы талдау.
- •2. Поэманың композициялық элементтері.
- •2.Аққу киесі оңдырмайды.
- •2.Даттаушы топ:
- •VII. Үйге тапсырма:
- •VI Жаңа сабақты пысықтау.
- •VIII Бағалау.
Қазақ әдебиеті 8-сынып
I тоқсан
Cабақ № 1
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мәні, мазмұны туралы
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты: 8-сынып қазақ әдебиеті оқулығының мәнін ұғындыру, мазмұнымен таныстыру. 2.Тәрбиелік мақсаты: әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын ояту. 3.Дамытушылық мақсаты: өзіндік білім алуларын, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы
С.технологиясы: Қ.Бібтібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы»
Қолданылатын әдебиеттер: 1.Қазақ әдебиеті.8-сынып. С.Мақпырұлы. Г.Құрманбай. А.Қыраубаева. Алматы «Мектеп» 2004
2. Бағдарламалар: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті. 8-9 сынып. Алматы 2004.
С.барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, жазғы демалысты қалай өткізгендерін, қандай көркем әдебиет оқығандарын сұрау т..б)
ІІ 1. 8- сынып әдебиеті бойынша оқулықта берілген Сөз құдіреті туралы тақырыпты өздеріне оқыта отырып, көзқарастарын, ойларын ортаға салу.
2. Сұрақтар бойынша білімдерін толықтыру.
Сұрақтар: 1. 5-7 сыныптарға арналған қазақ әдебиетінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары неде?
2. 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінде қандай тақырыптар қамтылған? (оқулықтың мазмұнында берілген тақырыптарға шолу жасату, 7- сынып әдебиеті оқулығымен салыстыру жасату,)
3. 8- сынып қазақ әдебиеті пәнінде қамтылған тақырыптарды кезең бойынша топтастыру,тірек сызбаға түсірту) .
Тірек сызба №1
Қазақ әдебиетінің тарихи кезеңдері |
Кезең бойынша қамтылған тақырыптар |
Ежелгі дәуір әдебиеті |
1.біздің заманымызға дейінгіжазу-сызулар, аңыз-жырлар. |
ҮІІ ғасыр |
2. Алып Ер- Тоңа |
ҮІІІ ғасыр |
Орхон ескерткіштері |
ҮІІІ-ІХ ғасыр |
Қорқыт ата кітабы |
ҮІІІ-ІХ ғасыр |
Оғыз қаған жыры |
Х-ХІІ ғасыр |
Әбунасыр әл -Фараби (870-950) |
ХІІ ғасыр |
Ахмет Исауи |
Х –ХІІ ғ. |
Жүсіп Баласағұн(1015ж . өлген жылы белгісіз) |
ХІ ғасыр |
Махмұт Қашқари (1029-1039) |
ХІҮ ғ |
Рабғузи |
1320-1396 ж |
Сәйф Сараи |
Барлығы 11 тақырып |
|
Тірек сызба № 2. ХІХ ғасыр әдебиеті бойынша
Тірек сызба№3
Шәкәрім "Қалқаман- Мамыр"
Жамбыл. "Жаныс ақынға, "Патша әмірі тарылды"
"Сұраншы батыр"
Міржақып Дулатов. "Шешенің балаларын сүюі", "Жастарға", "Жас қазақтар, қайдасың?
Мағжан Жұмабаев. "Түркістан, "Батыр Баян"
Мұхтар Әуезов. « Қараш-қараш оқиғасы"
Тахауи Ахтанов. "Күй аңызы".
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша", «Ай шуақ күндер», «Эльза-кішкентай періште»
Мұқағали Мақатев. "Аққулар ұйықтағанда"
Қабдеш Жұмаділов. " Қаздар қайтып барады"
Олжас Сүлейменов. "Арғымақ", "Қыз қуу", "Махамбетке"
Төлеген Айбергенов. "Ана", "Аруана-бауыр дүние",
Төлен Әбдіков. " Қонақтар"
Дулат Исабеков «Әпке»
Тірек сызба № 3. Әлем әдебиеті үлгілерінен
Расул Ғамзатов «Ана тілі», «Менің Дағыстаным»
4- тапсырма. Осы берілген ақын, жазушылардың ішінен өздеріне ұнаған авторлар туралы білгендерін сұрау.
III Қорытынды. 8- сынып қазақ әдебиеті оқулығының мәні неде? Топтастыру.
1.
2.
3.
IV Білімді бағалау.
V Үйге тапсырма. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы материалдар жинау, оқу.
Қазақ әдебиеті 8--сынып
Сабақ № 2
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. «Алып ер Тоңа»
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы оқушыларға жаңа білім беру. «Алып ер Тоңа» жоқтау жырының мазмұнымен таныстыру. 2.Тәрбиелік: тәрбиелік маңызына талдау жасата отырып, ел есімінде мәңгілік қалған тарихи тұлғаларды дәріптеуге, үлгі- өнеге алуға шақыру.Ежелгі әдебиетті оқып үйренуге құлшындыру. 3.Дамытушылық: шығарма туралы өз сөздерін, пікірлерін айта білуге дағдыландыру,жоқтау жырының идеясы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасату.
Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы
С.технологиясы: Қ.Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы»
Сабақ әдісі: мәнерлеп оку, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
С.барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу,зейіндерін сабаққа аудару. II Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген ежелгі дәуір әдебиеті туралы жинастырған материалдарын сұрау, қорытындылау.
III Жаңа теориялық білім беру . Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз-жырлар туралы білгендерін ортаға салу, толықтыру.
Ой шақыру. 1. Қандай жазу-сызулар мен аңыз –жырларды білесіздер?
2. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз?
3. Жоқтау деген не? Кімдерге арналған жоқтау түрлерін білесіздер? (оқушылар түсінігін ортаға салу)
Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер
Жоқтау – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Жоқтаудың ежелгі үлгілері шумерлердің Гильгамеш туралы жырларында да, үнді эпосы “Махабхаратада” да, Гомердің поэмасы “Илиада” да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары, Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған. Түркі әдебиетіндегі жоқтаудың ең көне үлгілерінің бірі – “Алып ер Тоңаны жоқтау”. “Бөрідей ұлып жылады, Жоқтады жыртып жағасын” дейді жырда.
Махмұт Қашқаридың жазуы бойынша, жоқтау – ежелгі түркі тайпаларының ерлік тұрмысынан туған жырлардың бір түрі. Алып ер Тоңа (қ. Афрасиаб) түркілердің арғы тегі сақ ұлысының аты аңызға айналған билеушісі, жауларын тізе бүктірген алып батыр. Жыр мазмұнынан батырдың бейнесі, ерлік өмірі анық байқалады.
Жоқтау жырлары мен оның үлгілері
Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі – оғыз-қыпшақ дәуірінің (8 – 9 ғасырлар) ескерткіші “Қорқыт ата кітабындағы” Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз
әдебиетіндегі “Қобыланды батыр”, “Алпамыс батыр”, “Ер Тарғын” сияқты қаһармандық эпостарда, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қыз Жібек” сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады.
Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады.