Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОР мүшелерін эндоскопиялық тексеру әдістері жә...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.56 Кб
Скачать

Мұрыннан қан кетсе

Мұрыннан қан кету – көп жағдайда тұмау кезінде мұрынға тамызатын сұйықтарды шектен тыс пайдаланудың әсерінен болып жатады. Себебі дәрі әсерінен мұрынның шырышты қабығы кеуіп кетеді. Мұндай жағдайда сіз аскорбин қышқылы мен аскорутин дәрумендерін қабылдаңыз. Сонымен қатар жатардың алдында зәйтүн немесе шырғанақ майына (облепиховое масло) шыланған мақтаны мұрыныңызға тығып жатыңыз. 

Егерде балаңыздың мұрынынан қан кетсе: 

* Бала орындықта отырса, басын сәл еңкейтіңіз. Әйтпесе баланың ауызына қан кетіп, оны жұтып қоюы мүмкін. Бұл қауіпті жағдай. 

* Егер бала төсекте жатқан болса, оны бір жақ қырымен жатқызып, басын төмен түсіріңіз. 

* Қан кету кезінде сіңбіруге немесе мұрынды орамалмен қысып, жатып алуға болмайды. 

*Дәке не матаны шиыршықтап алып, ақырындап мұрын қуысына тығып қойыңыз. Сондай-ақ мұрынды шұқуға болмайды, себебі қан кету одан әрі күшеюі мүмкін.

* Басы мен маңдайына суық суға шыланған орамал қойыңыз. Сондай-ақ желке тұсына да қою қажет. Бұл әрекеттер қан ағуды баяулатады. 

* Сондай-ақ мұрынға 1-2 тамшы лимон шырынын тамызу арқылы қан кетуді тоқтатуға болады. 

* Егер қан кету 10 минуттан артық жалғасса, дереу жедел жәрдемге хабарласып, дәрігер шақыртқаныңыз жөн. 

Қан қысымы бар адамдарда мұрыннан қан кету жиі байқалады. Егерде еш себепсіз балаңыздың мұрынынан үнемі қан кететін болса, ол қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлік тексерістен өткізгеніңіз артық болмас.  

Мұрыннан қан кету

Жеделкөмекалгоритмі:

1.      Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу.

2.      Қысқанкиімненбосату.

3.      Таза ауажеткізу.

4.      Тыныштықжағдайжасау.

5.      Мұрынқанатынқысу.

6.      Мұрынғасуықтық ,аяққажылытқышқою.

7.      Мұрындыерітіндіге салынған мұрынтампоныменбітеу (3%сутегіасқынтотығы, адреналин, викасол,гипертоникалықерітіндісі,кеудесүті)

8.      Бұлшықеткеенгізу: викасол 0,1мл/жас,

10% кальций глюконат 1мл /жас

9.      Қанкеткенсебебінанықтажәнежою.