Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛОР мүшелерін эндоскопиялық тексеру әдістері жә...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

Созылмалы риниттердің емі.

1.Ринитті қоздыратын және ұстап тұратын эндо, экзогенді факторларды жою

2.Дәрілік терапия

3.Хирургиялық ем

4.Физио ем және ауа райымен емдеу

Созылмалы катаральды ринитте – протарголдың 3-5% ертіндісі,менитстің 3-5%. Қоюлануды төмендету үшін – троксевазин, кавинтон, эскузан – микроциркуляцияға әсер ететін заттар.Бальзам ерітінділерімен ингаляциялар (Шостаковский бальзамы: өсімдік майымен бес есе ерітілген, эвкалиттік).

Гипертрофиялық ринитте – химиялық заттармен күйдіру (хром қышқылы) – электрокаустика арнайы аспаптармен жасалады – гольванокаустер,оның көмегімен қалыңдаған шырышты қабаттың терең деструкциясы жүргізіледі.

  • крио әсер: мұздату

  • шырышасты вазотомия – кавернозды тіннің шырышасты бұзылуы. Тыртықтану кеуілжір көлемін кішірейтеді.

  • конхотомия – мұрын кеуілжірлерінің гипертрофияланған бөлігін резекциялау.

Атрофиялық ринитте симптоматикалық ем. Йод қосылған изотониялық NaCL ерітіндісімен мұрын қуысын шаю, шырышты люголь ерітіндісін 10 күн бойы күніне 1 реттен жағу, мұрынға цитральдің майлы ерітіндісін күніне 2 рет 7күн.

Озена – қауіпті жабысқаққа айналатын секреттің бөлінуімен жүретін шырышты қабат пен сүйекті қабырғаларының атрофиялануы.

Этиологиясында 50%жағдайда клебсиеллалы озенаның инфицирлену орны болады, бір мезгілде темір тапшылықты анемия дамиды. Жиі жас әйелдер ауырады, ауру өмір бойына сақталады, менструация кезінде нашарлайды. Жүктілік және лактация кезеңінде, қартайғанда оның симптомдары азаяды.

Клиникасы: Мұрындағы ауру сезіммен жүретін құрғақтыққа шағымданады, жабысқақ, иіс сезудің өзгеруі, тыныс алудың қиындауы, айналадағылар үшін жағымсыз иістің анықталуы. Риноскопияда аумақты жабысқақтар көрінеді, процесс мұрын–жұтқыншаққа ауысуы мүмкін. Жабысқақты жойғаннан кейін қуыс кеңейеді.

Емі – антимикробтық терапия (стрептомицин, кефзол), темір тапшылықты анемияны емдеу, жабысқақты жою, ментол және бор қышқылы қоспасын себу. Витаминотерапия, биостимуляторлар, алоэ.

Мұрын қосалқы қойнауларының қабынулары

Гайморит қайталамалы жедел қабынуларда, әсіресе жоғарғы жақсүйек қойнауларының ұзаққа созылған қабынуларда, сонымен қатар созылмалы тұмауда болады.

Мұрын қалқасының қисаюы, ортаңғы кеуілжірдің мұрынның латеральды қабырғасымен тығыз байланысы, мұрын жолдарының туа пайда болған тарылуы.

Одонтогенді гайморит аурудың басынан бастап созылмалы ағымға ие болады. Сонымен қатар вазомоторлы және аллер­гиялық түрлері кездеседі. Жоғарғы тыныс жолдарындағы атрофиялық процесстерінде атрофиялық гайморит дамиды. Некротикалық гайморит ауыр инфекциялық аурулардың асқынуы болып табылады.

Клиникалық суреті аурудың түрлеріне байланысты. Экссудативті түрлерінде науқас негізінен мұрыннан көлемді бөліністерге шағымданады. Шырыштың қиын бөлінуінде мұрыннан бөлінді жоқ, науқастар жұтқыншақтағы құрғақтыққа, таңертелеп көп мөлшерлі қақырықты жөтелге, ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Зақымдалған қойнау аймағында ауру сезімі жоқ, алайда процесстің өршуінде не экссудат ағуының қиындағанында пайда болады. Мұндай жағдайларда қойнаудың алдыңғы қабырғасында және көзұяның жоғарғы-ішкі бұрышында зақымдалған жақта ауру сезімі анықталады. Жиі бас ауру мен жүйкелік бұзылыстар болады. Өршу сатысында ұрт пен қабақ ісінуі анықталуы мүмкін. Кейде мұрын кіреберісінде жарақаттар мен қабыршақтар болады.Бөліндінің ортаңғы мұрын жолынан табылуы маңызды белгі болып табылады. Оны анықтау үшін ортаңғы мұрын жолын тамыр тарылтқыш заттармен сүрту керек. Сонымен қатар шырышты қабаттың гипертрофиясы мен ісіктік полиптердің түзілуі тән. Ауру ағымы созылмалы.

Диагнозды анамнезге, алдыңғы және артқы риноскопия белгілеріне, диафаноскопияғак, рентгенологиялық зерттеу мен сынама пункцияға негізделіп қойылады.

Емі кешенді болу керек, ол қойнаудағы қабыну процессін ұстап тұрған себепті жоюға, патологиялық шырыштың ағуын қамтамасыз етуге бағытталады. Соллюкс, диатер­мияны, УЖЖ токтарын, ингаляцияларды кеңінен қолданады. Көп жағдайларда қойнауды антисептикалық ерітінділермен пункциялық жуу, кейіннен протеолитикалық ферменттер мен антибмотиктер енгізу жақсы нәтиже береді. Аллер­гиялық гаймориттерді емдеуде кортизон, АКТГ қолданады. Консервативті ем нәтижесіз болғанда жоғарғы жақсүйек қуысына радикальды операция жасалады.

Сфеноидит сирек кездеседі және әдетте торлы лабиринттің – артқы жасушаларының ауруымен байланысты.

Клиникалық суреті. Бас ауруына шағымданады. Жиі ол маңдай аймағында, бас және шүйде шұңқырында, көзұяда локализацияланады. Созылмалы қабынуларда ауру сезімі маңдай аймағында сезіледі, ал қойнау үлкен болған жағдайда шүйдеге өтуі де мүпмкін.

Риноскопияда иіс сезу өзегінде бөлінді анықталады. Жиі мұрын-жұтқыншақ түбінен және жұтқыншақтың артқы қабырғасынан ағып тұрған ірің сызықтарын көруге болады. Бір жақты сфеноидитте бір жақты бүйірлік фарингит дамиды. Кейде науқастар көрудің кенет төмендеуіне шағымданадады, ол процесске көру нерві хиазмасының қосылуына байланысты.

Созылмалы сфеноидит әлсіз симптоматикамен де өтуі мүмкін. Сфеноидитті анықтауда негізгі орынды рентгенологиялық зерттеу алады.

Емі. Қойнаулардан бөліндінің шығуы үшін мұрын қуысының шырышты қабатын тамыр тарылтқыш препараттармен сүрту керек. Ауру ұзаққа созылса қойнауды зондтау және антибиотик ертінділерімен жуу тағайындалады. Кейде хириургиялық амал қарастырылады (мысалы, ортаңғы кеуілжірдің артқы шетін ре­зекциялау).

Фронтит. Себептері гаймор қойнау ауру сияқты. Ағымы басқа қосалқы қойнауларға қарағанда ауыр.

Клиникасы. Жұтқыншақтың бос кезіндегі жұтынуында (сілекейді жұту кезінде) болатын айқын емес ауру сезіміне шағымданады. Тамақ ішкенде бұл ауру сезімі азаяды. Кейде жылы тағам және жылы су қабылдағанда мүлдем басылады. Қабыну процесінең жұмсақ таңдайға таралуы кезінде оның ісініп, бөгде дене тұрғандай сезімін қақырық тастау арқылы тырысады. Фарингит кезінде құлақта шаншу және шапалақтау тәрізді шу жиі естіледі, әсіресе сілекейді жұтқанда күшейеді, ол қабынудың жұтқыншақ барабан түтігігн таралуына байланысты. Фарингиттің объективті симптомына қызару және жұтқыншақтың артқы және бүйірлік қабырғасындағы шырыштың, таңдай пердесінің, тілшіктің ісінуі жатады

Емі. Жылы, тітіркендірмейтін тағамдар(сүт тағамдары), сілтілі ингаляция, мұрынға жылы суға 1%-тік су қосылған сода ерітіндісіне 10%глицирин ерітіндісі қосылған жылы тамшыны немесе суды 10 рет глициринге араластырылған ерітіндіні мұрынға жатқызып тамшылатады.Бұл процедураның әсері жұтқыншақтағы ауру сезімін басады,жұтқыншақтың қабығының қабынуынан болған құрғақты жояды.

Этмоидит. Себептері тура гаймор қойнауы ауруы сияқты. Сүйек қаңқасының зақымдануымен жүретін жедел этмоидит скарлатинада анықталады. Шырышты қабттың ісінуінен бөліндінің шықпай қалуы эмпиеманың дамуына әкелуі мүмкін.

Торлы лабиринттің алдыңғы жасушаларының аурулары гаймор және маңдай қойнауларының зақымдануымен, ал артқы - негізгі қойнау зақымдануымен бір уақытта жүреді.

Созылмалы этмоидиттер негізінен катаральды қабынулық процесс типі бойынша жүреді. Торлы жасушалардың шығарушы өзектерінің маңында шырышты қабаттың қалыңдауы байқалады, олар ұсақ көптеген полиптер түрінде болады. Науқастар көзұяның ішкі бұрышында басып ауру сезіміне шағымданады. Иіс сезу төмендеген.

Риноскопияда ортаңғы мұрын кеуілжірінің астында не үстінде ірің анықталады. Жиі ірің полиптерді алып тастаған соң бөлінеді. Диагнозды нақтылауға рентгено­логиялық зерттеу көмектеседі.

Емі жедел жағдайларда консервативті.Созылмалы этмоидиттің асқынбаған түрінде де консервативті емді қолдануға болады. Кейде ортаңғы кеуілжірдің алдынңғы ұшын алып тастау немесе полипотомия сияқты мұрын ішілік операциялар жасалады.

Синуситтердің профилактикасы негізгі ауруларды емдеуге, ізашар жағдайлардың алдын алуға бағытталуы керек.