
Ми абсцессі.
Жалпы белгілер.
Апатия, қатты ауру сезіміндегі бет-әлпет. Терісі – ақшыл - сары. Температураның көтерілуі.
Арықтау. Тілінің жабындымен жабылуы, ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Ұйқының қашуы немесе ұйқышылдық. Булимия («тәбеттің жоғарлауы»).
Ағымы.
Бастапқы кезең. Жалпы және милық симптомдар.
Жасырын кезең. Жалпы милық микросимптоматика.
Айқын – жалпы, жалпымилық және ошақты симптомдар. Ликвордың өзгерісі.
Терминальдық кезең.
Жалпы милық симптомдар.
Жиі локализацияланған, анальгетиктермен басылмайтын бас ауруы,.
Ас қабылдауға байланыссыз құсу.
Абсолютнтікнемесе салыстырмалы брадикардия (дене температурасына байланысты).
Шүйде ригидтілігі.
Ошақтық симптомлар.
Науқастың өз жағдайына деген көзқарасының бұрыстығы, қалжыңға айналдыруы.
Жұлын сұйықтығы.
Белок жоғарлаған.
Лимфоцитоз.
Қант деңгейінің көтерілуі.
Риногенді менингит
Жалпы белгілері — дене температурасының 38—40°С-қа дейін көтерілуі, тахикардия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, жалпы жағдайы ауыр.
Менингеальдық симптомдар
Бас ауруы;
Құсу;
Менингеальдық белгілер (шүйде бұлшықеттерінің ригидттілігі, Крениг, Брудзинский симптомдары, Бехтеревтің жақсүйектік симптомы),
Сананың бұзылуы (селқостық, қайда тұрғанын, қазіргі уақытты, өзінің кім екенін білсе де, жылжам жауап бере алмау)
Ошақтық симптомдар — бас-ми нервтері мен ми затының зақымдалуының симптомдары.
4—5% науқастарда көз түбіндегі көріністер: көру нервісінің дискісінің аздаған гиперемиясы; шекараларының айқын еместігі; веналардың кеңейіп, керілуі. Қанда нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ - 30—40 мм/сағ.
Ликвор:
Жоғарғы қысым —су бағ. 300-ден 600 мм-ге дейін (нормада 180-ге дейін)
Түсі — жиі лайлы, сарғыш-жасыл іріңді сұйықтық. Ауыр жағдайдағы төмен плеоцитоз – организм ареактивтілігінің белгісі. Белок — кейде 1,5—2 г/л-ге дейін, хлоридтер мен қанттар төмендемеуі мүмкін.
Емі. Көрсеткіштер бойынша кеңейтілген найморо-, этмоидо-, фронтотомия.
Пенициллиннің бактериостатикалық концентрациясы - 0,2 ЕД /мл. Тәулігіне 12 000 000 пенициллин жеткілікті. Алайда тәжірибе жүзінде күніне 30 000 000 пен. беріледі.
Ликворда пенициллинді бұлшықетке енгізгеннен 3-4 сағаттан кейін емдік концентрация қалыптасады, максималды — тағы 2 сағат өткен соң, тағы 4—6 сағаттан кейін бактериостатикалық мөлшерінен төмендейді. Пенициллинді әр 3 сағат сайын енгізу қажет.
Патогенездік ем:
Маннитолды қан тамырға 30—60 г/тәул. изотоникалық ерітіндінің 300 мл-не ерітіп;
лазикс 12— 14 мл/тәул. қан тамырға;
магний сульфатының 25%-тік ерітіндісінің 10 мл-ін б/етке;
Менингит.
Жалпы белгілері.
Жоғарғы температура.
Тахикардия.
Ағымы әрқашан ауыр.
Жалпы милық симптомдар.
Есі анық емес немесе есінен танған. Сандырақтау. Қозу немесе тежелу. Ұйқының қашуы.
Бас ауруы. Бас айналуы.
Тырысылар. Патологиялық рефлекстер ±.
Лоқсу. Құсу.
Көру нервісінің домбыққан емізікшесі.
Менингеальдық симптомдар
Шүйденің ригидттілігі.
Крениг симптомы – арқасына жатқан қалыпта тізе буынын жазғанда балтырдағы ауру сезімі.
Брудзинский симптомы (жоғарғы) – басты алдыға қарай еңкейткенде, аяқтың ұрщық және тізе буындарында бүгілуі.
Брудзинский симптомы (ортаңғы) – қасаға байламы аймағына басқанда, аяқтың ұрщық және тізе буындарында бүгілуі.
Брудзинский симптомы (төменгі) – Крениг сынамасын жасағанда, аяқтардың дәл сондай әрекеті.
Жұлын сұйықтығы.
А. Серозды менингитте.
Мөлдір.
Қысымы жоғары.
Лимфоцитоз (норма – 1 мл-де 5 лимфоцит).
В. Іріңді менингитте.
Лайлы.
Қысымы жоғары (норма – жатқанда 100 – 200 мм. су.бағ. Люмбальдық пункцияда 1 секундта 1 тамшы жиілікпен ағады).
Белок көбейген (норма 0,15 – 0,45 г/л).
Нейтрофилез.
Қант азайған (норма – 0,5 – 0,75 г/л).
Хлоридтер азайған (норма – 730 мг% немесе 120 – 130 ммоль/л).