Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44.8 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І – ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы.

1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы.

1.3 Британдық Үндістан.

І – ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ.

2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы.

2.2 Ману заңдарының пайда болуы.

ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Мазмұны

КІРІСПЕ..........................................................................................................4-5

І – ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.

1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы..................6-7

1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы..............8-9

1.3 Британдық Үндістан.............................................................................10-12

І – ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ.

2.1 Ежелгі Үндістан құқығының даму тарихы.........................................13-14

2.2 Ману заңдарының пайда болуы..........................................................15-17

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................18-19

КІРІСПЕ

Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тс құралдар табылған.

Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді.

Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.

Ежелгі Үндістан жерінің көлемі және халқының саны негізінде өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.

Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістан мемлекетінің батыс-солтүстік аймақтарында мәдениет өте жоғары болды.

Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды.

Негізгі табиғи ресурстары: тас көмір, темір, мыс, хром кентастары, боксит, алтын, марганец, мырыш, қорғасын, мұнай, табиғи газ, алмас.

Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды. Инфляцияға қарсы саясат табысты жүргізілді. Үндістан экономикасына тән көрсеткіш — шетелдік инвестицияларды мол тарту болып табылады.

Күріш, бидай, тары, майлы дақылдар, кофе, шай, қант құрағы, мақта өсіріледі. Ірі қара мал, ешкі, қой, шошқа, түйе, құс өсіру дамыған. Сыртқа шай (дүние жүзінде бірінші орын алады), кофе, балық, темір мен болат, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолмен тоқылған кілемдер, күрделі техника, химия өнеркәсібі өнімдерін шығарады. Сырттан ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, маржан, қымбат, жартылай қымбат тастар, химия өнеркәсібі өнімдерін, көліктік құрал-жабдықтарын алады.

Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді.

Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия. Қазір Қазақстанда үнді компаниялары мен фирмаларының 30-дан астам өкілдіктері жұмыс істейді. Үндістанның “Испат Интернэшнл” компаниясы Қарағанды металлургия комбинатын, бірқатар көмір кеніштері мен электр энергиясы нысандарын өз басқаруына алды. “Аджанта-Фарма” Қазақстан — Үндістан бірлескен кәсіпорны Алматы қаласында фармацевтика затты құрылысын жүргізуде.

І – ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ.