
Қорытынды
Бұл курстық жұмысты орындауда гиперсілтемелік құжат жасау, оның ішінде құжат тақырыбын ерекшелеу, символдардың түсін, мөлшерін өзгерту, мәтін ішіне графикалық бейнелер мен кестелер енгізу, гиперсілтемелер жасау, формаларды құру, құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру, HTML-тілінің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану қарастырылды. Теориялық білімді практикада пайдалану және қосымша ақпараттармен танысу мүмкіндігі болды. Яғни HTML, CSS, PHP және JavaScript тілдерінің сайт жасауға қажетті барлық фукциялары қарастырылды.
Сонымен қатар браузерлер мен көптеген редакциялық программалармен жұмыс жасау және олардың артықшылықтары және кемшіліктері таныстырылды. Әр бірінің өзінің жұмыс тәртіптері бар, олар да жақсы меңгерілді. Сайттың экранда бейнеленуі мен қандай түсқағаз таңдау керек және бұл түстердің бір бірімен ұйқастығын ұйымдастыруды, яғни шығармашылық ізденіс жасауды үйрендім. Сайт жасауда тәгтер мен олардың қасиеттерін CSS тілі арқылы қалай беру керек екені және оларды қалай пайдалану керек екені де меңгерілді.
HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкіндігімен таныстым, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырғанын байқадым. Сонымен HTML құжаты құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да, қарапайым мәтіндік редактордың бірі болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактордың бірі Блокнот пайдаланылды.
“Музарт тобы” атты курстық жұмысым алдағы уақытта көпшілікке, әсіресе соның ішінде қазақ халқы үшін пайдасы болар деп сенемін. Себебі қазіргі уақытта басқа тілдегі сайттармен салыстырмалы түрде қазақша сайттар аз деуге болады. Осы курстық жұмысты жасау барысында білімімді сал де болса арттырдым деп ойлаймын. Алдағы уақытта осы сабақ барысында алған білімім өзіме және елімізге пайдасын тигізер деген сенімдемін!
Қолданылған әдебиеттер
Комолова Н.В. HTML. Самоучитель. -СПб.: Питер, 2008. -268 с.
Квинт И. HTML, XHTML и CSS на 100 %. - СПб.: Питер, 2010. -384 с.
Флэнаган Д. JavaScript. Подробное руководство. – Пер. с англ.- СПб: Символл-Плюс, 2008. – 992 с.
Гудман Д. JavaScript и DHTML. Сборник рецептов. Для профессио-налов - СПб.: Питер, 2004. -523 с: ил.
Петюшкин А. В. HTML. Экспресс-курс. - СПб.: БХВ-Петербург, 2003. -256 с.
Ульман Л. Основы программирования на РНР: Пер. с англ. -М.: ДМК Пресс, 2001. -288 с.
Николенко Д. В. Практические занятия по JavaScript. –СПб.: Наука и техника, 2000. -129 c.
Гончаров А. Самоучитель HTML. - СПб.: Питер, 2002. - 240 с.
Морозова О. М. Построй свой СУПЕР-сайт за 21 день! - СПб.: БХВ-Петербург, 2006. -224 с.
Хабибуллин И. Ш. Разработка Web-служб средствами Java. -СПб.:БХВ-Петербург, 2003. -400 с.
Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
Бөрібаев Б. WEB- технологиялар пәнінен лабораториялық практикум. -Алматы: “Қазақ университеті”, 2009. -214 бет.
Бөрібаев Б., Мадьярова Г.А. WEB- технологиялар: Оқулық. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-360 бет.
Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б..
Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б..