Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИ...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

Музарт тобы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

«Музарт»

тақырыбына жазылған курстық жұмыс

Ақпараттық жүйелер 6A тобы

Орындаған: Арыстанов Н.Т

Қабылдаған: Уралбекова

Алматы - 2012 жыл

КІРІСПЕ

Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» дегендей, біз ізденіп өз білімімізді жетілдіріп елу елдің қатарына енуіміз керек деген мақсатпен жұмыстар атқарып жүрміз. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі ақпараттық қоғам­ның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу болып табылады. Осыған байлынысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құрылымы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады. Біздің қоғамымыздың жалпы инфрақұрылымын ақпарат жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайды. Яғни қазіргі әлемді ақпараттық және коммуникациялық технологиясыз, сонымен бірге интернет желісіз көзге елестету мүмкін емес. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютер­лердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсет­ті. Өндірістегі ақпарат жиыны сызбалар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.

Қазіргі таңда web-сайт жасау жұмыстары өте маңызды болды. Себебі кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты Интернет желісі арқылы оңай тауып ала алады. Тіпті кәсіпқой web-сайт жасаушылар үйлерінде отырып-ақ сайт жасау арқылы жақсы қаражат алып жатыр. Осыдан шығатын қорытынды қазіргі заман талабына сай сайт жасау үшін әрбір студенттің білім дәрежесі, ойлау қабілеті, оқып-үйренуге деген белсенділігі өте жоғары дәрежеде болуы қажет.

Қазір көрсетілетін курстық жұмысымның тақырыбы «Еліміздің елеулі тұлғалары» деп аталады. Осы курстық жұмыста сіздер топтың құрылу тарихымен, топ құрамымен, соңғы кезде болып жатқан жаңалықтарымен таныса аласыздар және олардың суреттерін, өлеңдерін, бейнебаяндарын көре аласыздар.

Курстық жұмыстың мақсаты – web-құжат жасауға арналған тілдерді пайдаланып, таңдалып алынған тақырыпқа web-сайт жасау, сонымен қатар Web-технологиялар пәнін оқу кезінде қарастырылған кодтарды, скрипттерді пайдалану, яғни сайт жасау арқылы алған білімімді тереңдету, одан әрі жетілдіру. Ғаламтор желісінде «Маған ұнайтын топ» жайлы мәліметтер аз болып, адамдарға олар туралы мәліметтер алу кол жетімді болу үшін құрастырылған сайт.

Курстық жұмыста келтірілген түсініктерді ұғыну үшін қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және броузерлердің кез келген түрлері, сонымен бірге дербес компьютерде оны қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек және студенттер HTML, JavaScript, CCS, PHP тілдерін білу қажет.

Hyper Text Markup Language (HTML) – гипермәтінді белгілеу тілі – World Wide Web ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл.

Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдердің сатылы кестелері) – гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.

JavaScript – динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-коды ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып алады (арнайы команда бойынша).

I. Сайт құруда орындалатын жұмыс тәртібі

1.1 Сайтты құрудың негізгі кезеңдері

Сайтымызды құруды бастамас бұрын белгілі бір мақсатқа жеткізетін тиянақты жоспарымыз болуы қажет. Алдын-ала жоспарсыз жасалған жұмыс көздеген мақсатқа жеткізбейді. Мұны ешқашан естен шығармау керек. Әуелі сіз құрғалы отырған сайтыңыздың болашақта қызметі, қолдану саласы, сізге және өзгелерге тигізер пайдасы қандай болмақ, соны анықтап алу қажет. Бұл ең бастысы және сіз бұл сұраққа жауапты білсеңіз келесі кезеңге көшуге болады. Екіншіден, сіздің сайтыңызда мәліметтердің қандай түрі негізгі болмақ (мәтін, сурет, анимация т.б.), оның дизайны, сыртқы келбеті қандай болмақ, жекелеген парақтарының ені мен ұзындығы, экранда орналасуын екінші кезеңде-ақ ойластыру қажет.

Қазір интернет желісінде көріп жүрген кез келген web-сайттың, олардың әрқайсысының мазмұны мен қызметтері әртүрлі болғандығына қарамастан олардың барлығының ортақ қасиеті бар. Кез келген сайттың бірінші кезекте ішкі келбеті, басқаша айтқанда «денесі» болады. Онда сайттың негізін құрайтын мәтін, графика, гиперсілтемелер, т.б. өзінің қажетті жеріне орналасып, сіздің сайтыңыздың сыртқы келбетін жасайды. Сайтты жасаудың ең тиімді әдістерінің бірі қарапайым кестелерді қолдану. Қазіргі кезде кестелік дизайн ұғымы жиі кездеседі. Осыған тоқтала кетейік. Егер сіздің сайтыңызда қарапайым мәтіннен басқа жарнама, суреттер, гиперсілтемелер т.б. мәліметтер орналасатын болса, онда жасағалы отырған парағыңыздың бос бетіне әуелі кестені орналастырған тиімді. Кестедегі ұяшықтарды, бағандар мен жолдарды парақтағы мәліметке сәйкесінше өзгерту үшін көптеген html-редакторларда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Интернет желісінде кестелік дизайн әдісімен құрастырылған сайттар көптеп кездеседі. Егер Web-сайт бірнеше парақтан тұратын болса, онда навигация батырмаларын міндетті түрде орналастыру қажет. Сіз сайтыңызға өзіңіздің қалауыңыз бойынша негізгі ақпаратты, жарнама, дауыс беру сияқты қосымша объектілерді және сайт авторы туралы қысқаша мәлімет т.б. ақпараттарды орналастыруыңызға болады.

Келесі кезең – Web-сайттың жекелеген парақтарын қажетті ақпаратпен толықтыру. Сайт жасаудың ең маңызды аспектісі десек артық болмас.Сіздің сайтыңызда орналасқан мәлімет басқалардың сұранысын қанағат­тандыратындай қызықты болуы қажет. Сәйкесінше оған кірушілердің саны да көп болады. Бұл кезеңді сайт жасаушының ізденісін қажет ететін шығармашылық кезең деуге болады.

Соңғы қадам дайын сайтты Интернет желісіне орналастыру. Өйткені сіздің сайтыңыздағы мәліметке басқалардың қол жеткізуі керек. Ол үшін домен аты, хостинг, ftp-клиент секілді ұғымдармен танысуыңыз қажет. Бұл сөздердің мағынасын білмесеңіз сіз сайтыңызды желіге орналастыра алмайсыз. Сайт жасаудың негізгі кезеңдері осылар деуге болады. Әрине, әрбір кезеңнің өзі бірнеше сатылардан тұрады .

1.2 Web-парақ жасау жолдары

1. Web-парақтардағы мәліметтердің орналасуы қарапайым әрі логикалық түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Парақтардағы мәліметтердің оларды қабылдауға жеңіл болуының бір тәсілі экран бетінде мәтін де, сурет те орналаспаған бірсыпыра бос орындардың қалдырылуы болып табылады. Парақта мәлімет көп болса, ол тұтынушыны жалықтырып жібереді.

2. Экрандағы ақпараттарды тізім немесе кесте түрінде жасауға тырысу керек, сонда маңызды мәліметтерді оңай тауып алуға болады.

3. Бір суреттен кейін бірден екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың арақашықтықтарын біркелкі етіп, араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс.

4. Ақпарат бөліктерге бөлініп берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Абзацтардың да өте ұзын болмағаны дұрыс, олардың көлемдерін бірнеше шағын абзацтарға бөлген абзал.

5. Егер Web-парақ көлемі үлкен болса, онда құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. Кейде бір мәселеге арналған ақпараттарды тақырыптарға бөліп, оның мазмұнын негізгі бір параққа жазып, ал әр тақырыпты басқа беттерге сілтемелер арқылы орналастыру керек.

6. Суреттер мен графикалық бейнелерді пайдалану көптеген тұтыну­шыларды қызықтыруы мүмкін, бірақ суреттерді желі арқылы қабылдау ұзақ уақыт алатынын есте сақтау керек .

II. Маған ұнайтын топқа АРНАЛҒАН САЙТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ